Ойдамын. Жылдам оқу дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата27.10.2022
өлшемі449.47 Kb.
#463478
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жылдам оқу кітабы



ЖЫЛДАМ ОҚУ
Кітаптың авторы: Әділбек Исламбек 
Кітапты таратуға ешкімге рұқсат бермеймін. Сізге аманат 
етіп табыстаймын. Аманатқа қиянат жасамайсыз деген 
ойдамын.
 
Жылдам оқу дегеніміз не? 
Жылдам оқу - ол әдеттегіге қарағанда тезірек оқу емес. 
Жылдам оқу - оқығанды түсіну, есте сақтау.
Оқырманның 90%-ы жылдам оқу мен асығып оқуды шатастырады.
Асығып оқу- кітапты асығыс-үсігіс, мәніне бойламай оқу. Ал жылдам оқу 
кітаптың мәнін тезірек түсінуге мүмкіндік беретін дағды.
Нейробиологтардың зерттеуінше (миды зерттейтін ғалымдар): адам 
неғұрлым кітапты жылдам оқыса, соғұрлым ол адамның түйсігі және ойлау 
қабілеті жоғарылайтынын дәлелдеді. Қарапайым оқырман кітап бетіне 
қарағанда он әріпті, кейбіреулер екі-үш сөзді ғана көреді. Жылдам оқитын 
оқырманның мүмкіндіктері жоғары. Ол кітапқа бір қарағанда 8 немесе 15 
сөзді бірден көре алады. 
Ақырын оқу барысында адамдар кітапта жазылған дүниенің тек 20 пайызын 
ғана түсінеді. Ал жылдам оқу керісінше туындының 90 пайызын түсінуге 
мүмкіндік береді. Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сіңеді. 
Сондай-ақ зерттеушілер жылдам оқығаннан гөрі асықпай оқығанда көздің тез 
талатынын анықтаған. 
Жылдам оқу жайлы деректер 
1. АҚШ-та жұмысқа тұру үшін түйіндемеге оқу жылдамдығын жазады. 
Жұмысқа қабылдаушы адам оқу жылдамдығын да ескереді
2. Қалыпты оқуға қарағанда жылдам оқу кезінде ақпарат көбірек есте 
қалады; 
3. Әлемнің үздік университеттерінде жылдам оқудан арнайы дәрістер 
өткізіледі; 
4. Жылдам оқу барысында ми жұмысы 21 есеге жақсарады
5. Жылдам оқу көзге пайдалы. Жылдам оқығаннан гөрі асықпай оқығанда 
көз тез талады; 
6. Кітапты жылдам оқығанда ойың шашыраңқы болмайды. Бар зейінің 
тек мәтінде болады
7. Жылдам оқитын оқырман кітапқа 1 қарағанда 8-15 сөз көре алады; 
8. Адамдардың көпшілігі орташа жылдамдықта минутына 200-250 сөз 
оқиды. Бұл кітаптың екі бетін құрайды. 


9. Адамдардың 2,5 пайызы өте баяу оқиды. Олар минутына небәрі 90-120 
сөз оқи алады. 
10. «Жылдам оқу» курсын алғаш рет 1925 жылы АҚШ-тың Сиракуз 
университеті құрды 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет