1-жүргізуші: Тоқжан Армысыздар құрметті ұстаздармен қадірлі қонақтар, студенттер 2-жүргізуші: Асылгүл Тәуелсіздік күніне арналған «Ар намысым, қасіретім – Желтоқсан, Мақтанышым, Тәуелсіз ел – Қазақстан!»



Дата24.02.2016
өлшемі259.5 Kb.
#12820
1-жүргізуші: Тоқжан
Армысыздар құрметті ұстаздармен қадірлі қонақтар, студенттер
2-жүргізуші: Асылгүл
Тәуелсіздік күніне арналған «Ар намысым, қасіретім – Желтоқсан,

Мақтанышым, Тәуелсіз ел – Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
(«Желтоқсан оқиғасының көріністері» бейнеролигі жай музыкамен көрсетіледі)
ТӘУЕЛСІЗДІК БІЗГЕ ОҢАЙ КЕЛМЕДІ,

ТУЫМЫЗДЫ БІЗГЕ ЕШКІМ БЕРМЕДІ.

ЕЛ ТІЗГІНІН ҚОЛЫНА АЛУ ЖОЛЫНДА

ҚЫРШЫН КЕТТІ ТАЛАЙ ҚАЗАҚ ЕРЛЕРІ.


1-жүргізуші: Тоқжан
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен,тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады
2-жүргізуші: Асылгүл
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да қайғылы күн еді.Желтоқсан жаңғырығы көзденде көңілденде кетер емес. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерең ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып қалады
1-жүргізуші: Тоқжан
Ия, ол күні тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таң ертеңгілік сағат 10 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынын түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Кольбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді.
2-жүргізуші: Асылгүл
Өлең желтоқсан Алдабергенова Алмагул
Жас арудың жанарында – Желтоқсан

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастағанда – Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастағанда – Желтоқсан

Намысымның шырағы да – Желтоқсан

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан

Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.


(«Желтоқсан оқиғасының көріністері» Бейнеролигі аяқталады.)
1-жүргізуші: Тоқжан
Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпытаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Серікұлы Жасұлан (Ербол Сыпатаев туралы)
19 желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпытаев әкелінді. 23 желтоқсан есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. Құйын-86 операциясының құрбаны болды.
Зильмағанбетова Құралай(Сәбира Мұхаметжанова туралы)
Сәбира Мұхаметжанова бар жоғы 16 жаста еді. 26 желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып балағаттағанына, училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің бірінші курс студенті Сабира Мұхаметжанова жатақхананің 5-ші қабатынан құлап қаза болды.
Қыдыров Бердібек(Қайрат Рысқұлбеков туралы)
500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып үмітпен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып кенеттен Семейден шықты. 21 мамыда Семей түрмесінде 21-ші камерада қаскөйлікпен қаза тапты.
Хайруллина Анар (Ләззат Асанова туралы)
Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Сен тірі болсаң қазағыңның мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосар едің-ау.




(Бейнебаян көрсетіледі. М.Шаханов «Болмыс»)
(Желтоқсан оқиғасының куәгері Миіркүл Елевсузовнаның басынан кешкен қайғылы да, қуанышты жайттарымен бөлісу)
2-жүргізуші: Асылгүл
Өлең Искалиева Мирамгул
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөлі, белі –

Ерлерді ұмытса да ел ұмытпас.


1-жүргізуші: Тоқжан
Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орнымыздан тұрып бір минутқа еске алайық!
Бір минут үнсіздік.
2-жүргізуші: Асылгүл
(ІІ бөлім)

1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.


1-жүргізуші: Тоқжан
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан
1991 жылы 1 желтоқсан күні тұңғыш рет Қазақстан Республикасының президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті
2-жүргізуші: Асылгүл
Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізді білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.
1-жүргізуші: Тоқжан
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.

1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті.

1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев көк байрақты желбіретті.

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды

1996 жылы Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды

1997 жылы Қазақстан 2030 стратегиясы қабылданды

1998 жылы Ақмола атауы АСТАНА деп өзгертілді. Бәйтерек салынды.

1999 жылы Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық

2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы

2001 жылы 18 мамырда Күлтегін ескерткішінің көшірмесін Иманғали Тасмағамбетов Астанаға әкелді.

2002 жылы Денсаулық жылы

2003-2005 Ауыл жылдары

2006 жылы Сыр елі өнер ордасы

2007 жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті

Бірінші байлық – денсаулық десек, бұл мәселе бойынша Елбасымыздың парасатты көреген саясатының жемісі - «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы. Қабылданып отырған бұл жаңа бағдарламада денсаулық сақтау ісін тиімді ұйымдастыру мәселелеріне, соның ішінде аурулардың алдын алу мен саламатты өмір салтын қа­лыптастыру жөніндегі іс-шараларға айрықша назар аударылған. Бағдарламаның елеулі жетістігі ретінде ұлттық медициналық хол­дингтің құрылуын, ендігі кезекте халыққа дәрігерді, емханаларды өз еркімен таңдау құқығын бере отырып, медициналық мекемелер арасындағы бәсекелестіктің артуы­на септігін тигізеді. Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа сапалы медициналық білім беру дәрежесі жылдан-жылға көтеріп, жас мамандардың қалыптасуына көп көңіл бөлінуде.


1-жүргізуші: Тоқжан
Өлең Шакенова Гүлсім туған жер


Уа, туған жер топырағыңнан жаралдым,

Алабыңнан арманыма нәр алдым.

Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,

Алтын арай таңғы жұпар самалдың.

Сәл ұмытсам, қарғам мені кешірме,

Қайда жүрсем өзің тұрдың есімде.

Өзің тұрдың қарлы окопты сығалап,

Сонау қатаң, қаһарлы жыл кешінде.

2-жүргізуші: Асылгүл
1999 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауы болды. Тұңғыш рет баламалы негізде бұл сайлауда ҚР президенті болып Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды.
1-жүргізуші: Тоқжан
Қазақстанның барлық ұлттар өкілдерін бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай күш етіп біріктірді

Н.Ә.Назарбаев



2-жүргізуші: Асылгүл

Әнұран: Менің Қазақстаным

Сөзі: Н.Ә.Назарбаев, Жұмекен Нәжмеденов

Әні: Ш.Қалдаяков


(«Көк тудың желбірегені» бейнеролик жай музыкамен көрсетіліп тұрады)
2-жүргізуші: Асылгүл
Егеменді еліміздің ертеңі – біздерміз! Кешегі өткен отауызды шешен билеріміздің, етігімен су кешкен ерлеріміздің, айбынды күштерімен сақтап қалған, бүгінгі Тәуелсіз атанған Қазақстан жаңа ғасырдағы Атамекенімізді мәңгі қастерлеу біздің міндетіміз.
Айналайын алтын әнім, жас өрені халқымның,

Желтоқсанда шындық жырын, шырқаймын деп шарқ ұрдың.

Желтоқсанда егеменді ел болсақ – деп талпындың

Кеудеңде әлі сызы жатыр, сол кездегі салқынның,



Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Қорытынды сөзді колледжіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асылбек Кеңесбайұлына береміз.

1-жүргізуші: Тоқжан
Көңіл қойып тындаған қонақтарымызға, аяулы ұстаздарымызға, уақыттарын бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат ниеттеріңіз үшін сіздерге көп алғысымызды білдіреміз!

Осымен Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Әрқашан еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет