Р/с Индикатор Сипаттамасы



Дата17.07.2016
өлшемі256.68 Kb.
#204588


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІ


р/с

Индикатор

Сипаттамасы

1-бөлім. Бюджет процесінің жалпы сипаттамасы

1

Бюджет процесі туралы базалық заңның болуы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негiзгi ережелерін, принциптерін және тетiктерiн белгiлейдi.

2

Бюджет жүйесінің құрылымы (деңгейлерінің саны)

Қазақстан Республикасында бюджеттің үш деңгейі әрекет етеді:

республикалық бюджет;

облыстық бюджеттер және Астана және Алматы қалаларының бюджеттері;

аудандардың бюджеттері мен облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттері.



3

Бюджет қаражатын резервілеу әдістерін қолдану (тұрақтандыру қорлары, резерв қорлары, келешек ұрпақ қорлары)

Жоспарланбаған шығыстарды олардың тосындығына байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады. Резервтер:

Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуге;

Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою үшін;

соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындау үшін;

төмен тұрған деңгейдегі бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын өтеу үшін пайдаланылады.


4

Бюджет заңнамасында бюджет процесін ұйымдастырудың базалық халықаралық қағидаттарын бекіту

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге негiзделедi:

1) бірыңғайлық принципі (бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс iстеуiнiң бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бірыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесiнiң бірыңғай рәсiмдерiн пайдалану);

2) толымдылық принципі (бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетiлуi, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берiлуi сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу);

3) реалистік принципі (бекiтiлген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтік-экономикалық дамудың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі);

4) транспаренттiлiк принципі (қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесiнiң ашықтығын, бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді мiндеттi түрде жариялау);

5) дәйектiлiк принципі (мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы);

6) нәтижелiлiк принципі (мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару);

7) бюджеттердің дербестік принципі (түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты бөлiнуiн белгілеу және олардың жұмсалу бағыттарын айқындау);

8) сабақтастық принципі (өткен кезеңде бекiтiлген әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген бюджетті жоспарлау);

9) негiздiлiк принципі (нормативтік құжаттар негiзiнде бюджетті жоспарлау);

10) уақтылылық принципі (бюджетті уақытылы жоспарлау және атқару);

11) кассаның бірыңғайлық принципі (бюджетке барлық түсiмдердi бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру). Бірыңғай қазынашылық шот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылады ұлттық валютамен орталықтандырылған аудару операцияларын жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін;

12) тиiмдiлiк принципі (бюджет қаражатының бекiтiлген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттiлiгiн негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу);

13) жауапкершiлiк принципі (нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізуге бағытталған қажетті әкiмшiлiк және басқару шешiмдерiн қабылдау, мемлекеттік органдардың жауапкершiлiгiн қамтамасыз ету);

14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі (бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы).


5

Бюджет қызметтерінің сапа стандартын қолдану

Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, жеке-дара сипаттағы және жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын жекелеген функциялар көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттері шеңберінде ақылы немесе тегін негізде көрсетiледi. Мемлекеттік қызметтер көрсету тiзiлiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

6

Нәтижелілік көрсеткіштерін қолдану

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында келтірілген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін бюджеттік бағдарламалар әзірленеді. Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бағытын айқындайды. Бюджеттiк бағдарламада оны iске асыруды бағалау үшiн тiкелей және түпкiлiктi нәтижелердiң көрсеткiштерi, сондай-ақ сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң болуы тиiс.

Тiкелей нәтиже - қол жеткiзiлуi осы функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететiн ұйымдардың қызметiне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегiнде атқарылатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiнiң сандық сипаттамасы.

Түпкiлiктi нәтиже - белгiлi бiр мемлекеттiк орган қызметiнiң, басқа да мемлекеттiк органдар қызметiнiң тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзумен ұштасатын, халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасының, әлеуметтiк саланың, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiктiң және мемлекеттiк басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйi (жай-күйiнiң өзгерiсi).


7

Стратегиялық жоспарлау әдістерін қолдану

Стратегиялық жоспарлау мына құжаттарды анықтайды: «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» стратегиясы, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары, көп жылдық жекелеген салаларды дамыту бағдарламалары. 2009 жылдан бастап мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары әзірленеді, олар әрбір үш жылда бес жылдық кезеңге бекітіледі. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерiн, нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды. Стратегиялық жоспарды iске асыру үшiн мемлекеттiк орган операциялық жоспар әзiрлейдi. Операциялық жоспар ресурстары, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, мiндеттерiне және нәтижелерiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу жөнiндегi iс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзiмдерi бойынша байланыстырылған, мемлекеттiк органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты iс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.

2-бөлім. Бюджетті қалыптастыру

1

Қаржы жылының басталу және аяқталу күні

Қаржы жылы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталады және 31 желтоқсанында аяқталады.

2

Жылдық немесе орташа мерзімдік бюджеттік жоспарлауды қолдану (мерзімі, әдісі)

2009 жылға дейін дәстүрлі жылдық бюджеттік жоспарлау қолданылды. 2009 жылдан бастап жылжымалы негізде үш жылдық бюджеттік жоспарлау енгізілді.

3

Бюджет жобасын жасау процесінің ұзақтығы және кестені сақтау

Жергілікті бюджеттің жобасын жасау процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

  1. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және бюджеттік параметрлерінің жобасын әзірлеу және жергілікті атқарушы органдармен оны мақұлдау;

2) жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының, бюджеттік өтінімдерінің жобаларын әзірлеу (15 мамырға дейін оларды облыстық бюджет комиссиясында қарау);

      3) ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей облыстық бюджет туралы шешім жобасын әзірлеу.



4

Жылдық бюджет процесінің алдындағы жыл сайынғы жолдаулар мен өзге стратегиялық сипаттағы құжаттардың болуы

Бюджетті дайындау Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларына, жекелеген салаларды дамыту бағдарламаларына, мемлекеттік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына негізделген.

5

Орташа мерзімдік макроэкономикалық болжамды қолдану (пайдаланылатын нұсқа, жыл ішіндегі түзетулер саны)

Стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлауда өзара байланыс орнату мақсатында әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге арнап әзiрленедi.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы:

әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы, үрдiстерi, басымдықтары, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерi;

бюджеттiк параметрлердiң үш жылға арналған болжамын (үш жылдық кезеңге бюджет саясатының негiзгi бағыттарын, жергілікті бюджеттік бағдарламар әкімшілері бойынша болжамды көлемiн) қамтуға тиiс.



6

Бюджетті жасауға өкілеттік берілген атқарушы билік органы және оның құзыреттігінің толықтығы

Қала экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бюджетті жасауға уәкілетті орган болып табылады. Өнің өкілеттігіне қалалық бюджет жобасын және бюджетке өзгерістер енгізу (бюджетті нақтылау) жобаларын әзірлеу, бюджеттік бағдарламалар тізбесін қалыптастыру, бюджеттік өтінімдер жасау тәртібін айқындау. Қала қаржы бөлімі бюджетті атқаруға уәкілетті орган болып табылады. Өнің өкілеттігіне бюджеттік мониторинг жүзеге асыру, бюджеттік есеп жүргізу және есептілік жасау мен ұсыну тәртібін айқындау, бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүргізу кіреді.

7

Бірыңғай/бөлек бюджеттік жоспарлау әдістерін қолдану (кірістер мен шығыстар, инвестициялық және ағымдағы шығыстар)

Бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін бірыңғай жоспарлау әдісі пайдаланылады. Салықтық, салықтық емес түсiмдер, негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер, трансферттік түсімдер бюджет кiрiстерi болып табылады. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады.

Жалпы бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптаманың негізінде жүзеге асырылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама (ББС) объектiлерге топтамалық кодтар бере отырып, бюджет түсiмдерi мен шығыстарын функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджетті жоспарлауға уәкілетті орган ретінде Қаржы министрлігі жасайды.

Белгілі бір сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің топтамасы (экономикалық белгілер бойынша, олардың көздері мен түрлері бойынша) ББС бюджет түсімдерінің сыныптамасы болып табылады.

Функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларын iске асыруды көрсететiн барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы ББС бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.

Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететiн экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру ББС бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.


8

Бюджет жобасын дайындау нысаны (қаржы бөлу туралы бірыңғай акті/бірнеше актілер)

Бюджет кіріс және шығыс бөлікті қамтитын бірыңғай акті нысанында дайындалады. Тиісті жылға және жоспарлы кезеңге арналған қалалық бюджет қала мәслихатының шешімімен бекітіледі. Кезектi қаржы жылына арналған қалалық бюджет туралы шешім жобасының мәтiнiнде:

     - кiрiстердiң, трансферт түсiмдерiнiң, шығындардың, таза бюджеттiк кредиттеудiң, қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттiң), тапшылықты қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемi;

     - облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне берiлетiн бюджеттiк субвенциялардың көлемi;

     - аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттiк алып қоюдың көлемi;

     - қаланың жергілікті атқарушы органының резервiнiң мөлшерi.

     Тиісті қаржы жылына және жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджет мәслихаттардың шешімімен бекітіледі.



9

Бюджет жобасын түсіндіретін құжаттардың болуы

Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар және материалдар:

1) аймақтың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы;

2) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобалары;

3) жергілікті бюджет жобасында енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазба ұсынылады.



3-бөлім. Бюджетті өкілді органның бекітуі

1

Бюджет туралы заң жобасын қарау және бекіту кезінде өкілді органның (мәслихаттың) өкілеттілігі

Мәслихат қалалық бюджетті мақұлдайды, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

2

Бюджет жобасын өкілді органның қарау ұзақтығы

Жергілікті атқарушы орган қалалық бюджет жобасын қалалық мәслихатқа ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешiктiрмей енгiзедi. Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей қалалық мәслихат қалалық бюджетті бекітеді.

3

Өкілді органдардың бюджеттер жобаларын қарауының принциптері

Өкілді органдар бюджеттердің жобаларын қарау кезінде мынадай принциптерді ұстанады:

1) негізділік принципі;

2) бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі.

2. Негізділік принципі депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу, оларға тиісті есеп-қисаптар қоса беріле отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігі және мемлекеттік органдар қызметінің олардың стратегиялық жоспарларында көзделген мақсаттарын, міндеттерін және нәтижелерінің көрсеткіштерін түзету жөніндегі ұсыныстардың қажеттігі жазбаша баяндалып берілуге тиіс екендігін білдіреді.

3. Бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгеріс немесе толықтыру енгізген кезде бюджет тапшылығының мөлшерін бюджет жобасында белгіленгеннен асырмай сақтау үшін түсімдердің қосымша көздері не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиіс екендігін білдіреді.


4

Ағымдағы жылғы бюджетке өзгерістер енгізу туралы шешімді өкілді органның қабылдауы (тұрақты/тұрақсыз)

Жергілікті атқарушы органның бастамашылығы бойынша жергілікті бюджетті ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір реттен артық емес нақтылауға жол беріледі. Қалалық бюджетті, оның атқарылуы кезінде нақтылау тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

4-бөлім. Бюджеттің атқарылуы, есеп пен есептілік

1

Бюджеттің жалғыз шотының немесе көптеген бюджет шоттарының болуы

Бiрыңғай қазынашылық шот аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қаржы министрлігіне ұлттық валютамен ашылады. Бiрыңғай қазынашылық шотқа ақшалай нысанда бюджетке түсетін түсімдер толық көлемде аударылады. Бiрыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдықтарын қамтиды. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын Қаржы министрлігі мемлекеттік мекемелерге ашады.

2

Бюджеттің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын орган және ол қамтамасыз ететін бюджеттік жүйені қамтудың толықтығы

Жергілікті деңгеде бюджеттің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қазынашылық департамент жүзеге асырады, олардың функцияларына:

- жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету;

- түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу;

- мемлекеттік мекемелердің шарттарын тіркеу;

- мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша ұлттық немесе шетел валютасында төлемдер мен аударымдар жүргізу және т.б. кіреді.


3

Басқармалар деңгейінде бюджеттік қаржы бөлу шегін (лимитін) арттыру мүмкіндігі

Бюджеттік бағдарламлар әкімшілері бюджеттік қаржы бөлудің белгіленген шегін дербес арттыра алмайды. Қалалық бюджет туралы қалалық мәслихаттың шешіммен бекітілген қаржы бөлу туралы шешімді қалалық бюджет комиссиясы қабылдайды және қалалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімімен бекітіледі. Қалалық бюджет комиссиясының жұмыс органы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі болып табылады.

4

Бюджеттің баптары бойынша бюджет қаражатын қайта бөлу мүмкіндігі

Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерiне және бюджеттiк бағдарламалардың кiшi бағдарламаларына қатысты және бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерiн өзгертпейтiн өзгерiстердi мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына дербес енгiзуге құқылы. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне қажеттi бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдерiнiң өзгерiстерi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган - қаржы бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың жылдық көлемін өзгерту қалалық мәслихат арқылы жүзеге асырылады.

5

Бюджет мониторингі және нәтижелерді бағалау

Мiндеттемелердiң уақтылы қабылданбау, бюджеттiк бағдарламалар бойынша төлемдердiң уақтылы жүргiзiлмеу себептерiн анықтау, бюджет түсiмдерi мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттiң атқарылу көрсеткiштерiн тұрақты және жүйелi жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттiк мониторинг болып табылады. Бюджеттiк мониторингтi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi, қаржы басқармасы және жергілікті деңгейде экономика және қаржы бөлімдері жүзеге асырады.

Мемлекеттiк орган қызметiнiң ел немесе өңiр экономикасының дамуына, экономиканың, қоғамның жеке саласына (аясына) тигiзетiн әсерiн кешендi және объективтi бағалау, мемлекеттiк орган қызметi нәтижелерiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзудi стратегиялық жоспар мен бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалау негiзiнде талдау нәтижелердi бағалау болып табылады. Нәтижелердi бағалауды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және Қазақстан Республикасының Президентi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. Нәтижелердi бағалауды жүргiзу кезiнде үкiметтiк емес ұйымдардың (қоғамдық бiрлестiктердiң) оларды алушыларға сауал қою негiзiнде алынған мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну сапасы туралы ақпараты пайдаланылады.



6

Бюджеттің атқарылуы кезінде қолданылатын бухгалтерлік есеп әдісі

Бюджеттік есепке алу жүйесі есепке алудың кассалық әдістемесі негізінде жасалған, ол өзімен біріңғай қазынашылық шоттағы және мемлекеттік мекемелер шотындағы операциялар туралы ақшалай шамада ақпаратты тіркеу және қорытындылауды жинаудың реттелген жүйесін көрсетеді.

7

Бюджеттің атқарылуы туралы есептердің мерзімділігі

Бюджеттің атқарылуы туралы есептер ай сайын, тоқсан сайын және жылдың қорытындылары бойынша жасалады. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджеттерді, қабылданған, төленбеген міндеттемелерді, бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет түсімдерінің және (немесе) төленген міндеттемелердің орындалуын көрсетеді.

Бюджетті атқару бойынша жергілікті өкілді органы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiндегi жағдай бойынша әкімдікке, мәслихаттың тергеу комиссиясына, қаланың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілді органына, облыстың бюджеті атқару бойынша өкілді органына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау бойынша өкілді органына қалалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп бередi.

Бюджетті атқару бойынша жергілікті өкілді органы есептi жылдан кейiнгi 1 наурызынан кешіктірмей әкімдікке, қаланың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілді органына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау бойынша өкілді органына қалалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есебін бередi.

Қала әкімдігі есепті қаржы жылындағы қалалық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшаларымен бірге:

1) ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей облыстың тексеру комиссиясына;

      2) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей қалалық мәслихатына ұсынады.

Мәслихат қала әкімдігінің есепті қаржы жылында қалалық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін облыстың тексеру комиссиясының қаланың бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.



Қалалық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

8

Әкімдік бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеппен бір мезгілде заңнамалық органға ұсынатын есептік құжаттардың құрамы



Қалалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) қалалық бюджет туралы мәслихат шешімінің қосымшаларына сәйкес қалалық бюджет көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы деректердi бiлдiретiн тиiстi қаржы жылындағы қалалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептен;

2) қалалық бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы, жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг және оның нәтижелерiн бағалау негiзiнде жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың есептi қаржы жылы iшiнде стратегиялық жоспарларының нәтижелерiне, мақсаттарына қол жеткiзiлуiн және мiндеттерiнiң шешiлуiн талдау нәтижелерi туралы талдамалық есептен;

3) түсiндiрме жазбадан тұрады.



5-бөлім. Мемлекеттiк қаржылық бақылау жүйесі

1

Мемлекеттiк қаржылық бақылау

1. Мемлекеттiк қаржылық бақылауды мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бюджет және өзге де заңнамасын бақылау объектiлерiнiң бұзуын анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында жүзеге асырады.

2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау:

1) оны жүзеге асыратын органға байланысты iшкi және сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау;

2) бюджеттiң тиiстi деңгейiне байланысты республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейiнде жүргiзiлетiн болып бөлiнедi.



2

Мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асыратын органдар

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетi (Президентке тiкелей бағынатын және есеп беретiн республикалық бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылаудың жоғары органы);

2) Мәслихаттардың тексеру комиссиялары (жергiлiктi деңгейдегi сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асырады);

3) Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің (республикалық деңгейде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады);

4) орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері;

5) жергілікті деңгейде ішкі бақылау қызметтері.


3

Мемлекеттiк қаржылық бақылау үлгілері мен түрлері

Мемлекеттiк қаржылық бақылау үлгiлері:

1) сәйкестiкке бақылау жасау (бақылау объектiсi қызметiнiң бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн бағалау);


2) қаржылық есептiлiктi бақылау (бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау);
3) тиiмдiлiктi бақылау (сәйкестiкке және қаржылық есептiлiктi бақылау негiзiнде жүргiзiлетiн бағалау, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тiкелей және түпкi нәтижелерге қол жеткiзiлуiн, мемлекеттiк және бюджеттiк бағдарламаларды және т.б. пайдалануды бағалау)

Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың түрлерi:

1) кешендi бақылау (бақылау объектiлерiнiң нақты кезеңдегi қызметiн барлық мәселелер бойынша бақылау және бағалау);

2) тақырыптық бақылау (бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегi қызметiн жекелеген мәселелер бойынша бақылау және бағалау);



3) үстеме бақылау (тексерiлiп отырған мәселе шеңберiнде бақылаудың негiзгi объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша ғана жүргiзiлетiн үшiншi тұлғалардың бақылауы);
4) бiрлескен бақылау (мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзетiн бақылау).

4

Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуді растайтын құжаттар

Бақылау актiсi (мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат); бақылаудың қорытындылары туралы есеп (белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiндегi бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары жасаған құжат); қаулы (Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен мәслихаттың тексеру комиссиясы қабылдайтын құжат); қорытынды (Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және мәслихаттың тексеру комиссиясының құжаты); ұсыну (мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының орындауға мiндеттi құжаты);

5

Бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша сыртқы бақылауды жүзеге асыратын жоғары органның қорытындысы

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Қазақстан Республикасының Парламентiне қарау мен бекiту және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат үшiн ағымдағы жылдың 15 мамырынан кешiктiрмей өзiнiң мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi есебiне қорытынды болып табылатын өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi ұсынады.

6

Сыртқы аудиттің жоғары органы берген ұсынымдарды, нұсқамаларды және т.б. мемлекеттік басқару секторындағы ұйымдардың орындауын қамтамасыз ететін заңда бекітілген рәсімдердің болуы

Есепті қаржы жылына республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту кезінде Үкiмет, орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы Парламенттің шешім шығаруға құқығы бар. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитеті қаулыларды қабылдайды және республикалық бюджеттің атқарылуына байланысты жұмыстағы жетіспеушіліктерді жою туралы ұсынымдарын мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға, ал құқық қорғау органдарына – жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша ұсынымдарын жібереді. Есеп комитетінің қаулылары мен ұсынымдары оларда көрсетілген мерзімдерде қаралуы тиіс. Қаулы немесе ұсыным бойынша қабылданған шешім туралы және оны іске асыру шаралары туралы тиісті мемлекеттік орган немесе ұйым кідіртпей Есеп комитетіне хабарлайды.

6-бөлім. Билік деңгейлері арасында қаржылық қарым-қатынастар

1

Қоғамдық қаржылармен басқарудың орталықсыздандырылған жүйесінің болуы; әр түрлі деңгейдегі билік органдарының өкілеттіктері

Облыстық және төменгі тұрған (жергілікті) деңгейлердегі бюджет процесi бюджеттің дербестігі қағидасында негізделген. Әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді және оларды жұмсау бағыттарын анықтауды, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің құқығын бюджет процесі өздігімен жүзеге асырады. Бюджет процесiнде облыстық бюджеттің аудан (қалала) бюджеттерімен өзара қарым-қатынасы бюджетаралық қатынастар арқылы реттеледі.

2

Билік деңгейлері арасында салықтарды / табыстарды бөлу және тарату жүйесі


Салықтар/салықтық табыстарды бөлу бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша белгіленген

Облыстық бюджетке түсетін негізгі салықтық түсімдер: жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қоршаған ортаға эмиссия үшін салық, орманды пайдаланғаны үшін салық.

Аудандар бюджеттеріне салықтық түсімдер: жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке және заңды тұлғалар мүлкіне салынатын салық жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық.


3

Бюджетаралық қатынастыр, бюджетаралық қатынастардың түрлері

Бюджет процесiнде республикалық, облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалаларының бюджеттері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.Бұл ретте бюджет процесiнде республикалық бюджеттiң аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiмен және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң бiр-бiрiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасында функциялар мен өкiлеттiктердiң аражiгiнiң айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасында түсiмдер мен шығыстардың бiркелкi бөлiнуiне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттердi айқындау әдiстерiнiң бiртұтастығына және ашықтығына негiзделген.

Бюджетаралық қатынастар:

1) республикалық және облыстық бюджеттiң, Астана және Алматын қалаларының бюджеттерiнiң арасында;

      трансферттермен;

      бюджеттiк кредиттермен;

      2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:

      трансферттермен;

      бюджеттiк кредиттермен;

      кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.

Бюджет деңгейлерi арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, нысаналы даму трансферттерiне бөлiнедi.

Бюджет субвенциялары мен бюджеттiк алып қою жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады (өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуі деңгейін теңестіруге және шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттің кепілді қызметтерін ұсыну үшін тең фискалды мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған).

Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттерге (республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде беріледі) және нысаналы даму трансферттерiне (бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге береді) бөлiнедi.

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және қаржы жылы iшiнде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында, тиiсiнше облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттiк кредиттер берiлуi мүмкiн.


7-бөлім. Жоспарлау және бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

1

Бюджеттік инвестициялар және оларды жүзеге асыру жолдары

Бюджеттiк инвестициялар - бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттiк инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды iске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттiң активтерiн құру есебiнен мемлекет активтерiнiң құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру.
Бюджеттiк инвестициялар:

   1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру;


  2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
      3) мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

2

Бюджеттік инвестициялық жобаларды қалыптастыру

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде:
     1) инвестициялық ұсыныстар әзiрлеу;

     2) бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн (негізгі техникалық, технологиялық және өзге шешімдер, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның тиімділігі мен жүзеге асырылатындығын зерделеу нәтижелері туралы мәліметтер бар құжаттаманы) әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу;

     3) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу кезеңiнде жүзеге асырылады.

Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеудi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзiрлеу сатысында жүзеге асырады.



3

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру

Бюджеттiк инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.  Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.  Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.

4

Бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыру арқылы, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен жүзеге асыру

Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялар концессия шартының негiзiнде iске асырылады.

Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайту және олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын заңды тұлғалардың акцияларын төлеуге ұлғайту Қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты реттеу және қадағалау агенттігінің тиісті куәлігімен расталатын жарияланған акцияларды (бағалы қағаздарды) шығаруды мемлекеттік тіркегеннен кейін жүзеге асырылады.



10-бөлім. Бюджеттік кредиттеу процесі

1

Бюджеттiк кредиттеу және бюджеттік кредиттеудің шарттары

Бюджеттiк кредиттеу бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешiм қабылдау рәсiмдерiн қамтитын процестi бiлдiредi. Кредитор, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi және қарыз алушы арасындағы бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн келiсiм кредиттiк шарт болып табылады. Бюджеттiк кредиттер салықтық берешектiң болмауы, қарыз алушының бюджеттік кредиттер бойынша міндеттемелерді атқаруын камтамасыз етуі, бұрын алынған кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектiң болмауы жағдайында беріледі. Кредитор (бюджеттік кредит береді), бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы (бюджеттік кредит алушы, мамандандырылған ұйымдар (банктер), жергілікті атқарушы органдар, шетел мемлекеттеріғ жеке тұлғалар болуы мүмкін) және сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) бюджеттiк кредиттеу субъектiлерi болып табылады. Бюджеттік кредиттер 1 жылға дейін (қысқа мерзімді) 1-5 жылға дейін (орта мерзімді), 5-30 жылға дейін (ұзақ мерзімді) беріледі. Сыйақы ставкасы тiркелген немесе құбылмалы болуы мүмкiн.


Ақпарат көздері:

  1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV («Нормативтік-құқылық актілер» бөлімін қарау);




  1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызымет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысы («Нормативтік-құқылық актілер» бөлімін қарау).




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет