Рұқсат беру мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер



бет1/4
Дата02.07.2016
өлшемі374 Kb.
#172248
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы «1» қарашадағы

№ 1392 қаулысымен

бекітілген



«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға

рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша, мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), ал егiстiкте, жақсартылған шабындықтар мен жайылымдарда, көп жылдық екпелер бар жерде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерi мен орман қоры жерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган), мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі - орталық) арқылы, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: жартылай автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 17, 18, 71 – баптары, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат:

1) жергілікті атқарушы органның арнайы ақпараттық стенділерінде орналастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады;

2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында;

3) порталда орналастырылған.

4) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтың 1414 телефон нөмірі арқылы беріледі.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі (уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (қол қойылған) электронды және/немесе қағаз түрдегі іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету – 10 жұмыс күні;

2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минут;

3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

1) орталықтарда: күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, демалыс және еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

2) жергілікті атқарушы органның: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері.

Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

3) порталда – тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызмет:

1) мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған орталық ғимаратында көрсетіледі. Ғимаратта анықтама бюросы, күту креслолары, ақпараттық стенділер орналастырылады;

2) мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған орталық ғимаратында көрсетіледі. Ғимаратта анықтама бюросы, күту креслолары, ақпараттық стенділер орналастырылады;

3) порталда – «жеке кабинет» арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

жергілікті атқарушы органға немесе оталыққа жүгінген жағдайда:

осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама –заңды тұлға үшін (бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып заңды тұлғаны (қаржылық институтты) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама);

жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі – жеке кәсіпкер үшін (бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама).

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (қаржылық институтты)/жеке кәсіпкерді филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болады;

жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

іздестіру жұмыстарын жүргізуге тапсырманың көшірмесі;

іздестіру жұмыстарын жүргізу аймағының жоспары (сызбасы);

мемлекеттік қызметті алушымен бекітілген іздестіру жұмыстарын жүргізу бойынша графигі;

топырақ қабаты бұзылған кездегі топырақ қабатын қайта қалпына келтіру іздестіру жұмыстарының орындаушы міндеттерін, сондай ақ шығындарды қайтару (қажет болғанда) және жерді мақсатына тиісті пайдалану үшін жерді жарамды күйіне жеткізу мәліметтерін қамтитын нысан.

Көшірмелерді тексеру үшін құжат түпнұсқасы көрсетіледі, құжаттарды тексергеннен кейін мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады;



порталда:

тұтынушы ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама –заңды тұлға үшін (бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып заңды тұлғаны (қаржылық институтты) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама);

жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі – жеке кәсіпкер үшін (бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама).

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (қаржылық институтты)/жеке кәсіпкерді филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болады;

жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

іздестіру жұмыстарын жүргізуге тапсырманың электрондық көшірмесі;

іздестіру жұмыстарын жүргізу аймағының жоспарының (сызбасы) электрондық көшірмесі;

мемлекеттік қызметті алушымен бекітілген іздестіру жұмыстарын жүргізу бойынша графигінің электрондық көшірмесі;

осы стандартқа 4 қосымшаға сәйкес, топырақ қабаты бұзылған кездегі топрақ қабатын қайта қалпына келтіру іздестіру жұмыстарының орындаушы міндеттерін, сондай ақ шығындарды қайтару (қажет болғанда) және жерді мақсатына тиісті пайдалану үшін жерді жарамды күйіне жеткізу мәліметтерін қамтитын нысан.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғанын мемлекеттік тіркеліуі туралы куәлігі, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін уәкілетті кәсіпорын портал арқылы тиісти мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен уәкілетті қызметкерлердің ЭЦҚ куәландырылған құжаттардың мәліметтері.

Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта, жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша ақпараттандырады.

12. Өтініш бланкілері жергілікті атқарушы органның кеңсе қызметкерлерімен беріледі.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған мәліметтер нысаны сұрауын электрондық құжат түрінде толтыру қажет.

Орталықтарда өтініштердің бекітілген нысандағы бланкiлері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның интернет ресурсында  www.con.gov.kz орналастырылады.

13. Құжаттарды қабылдау осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлары бойынша жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасымен жүзеге асырылады.

Порталда электрондық сұранысты жіберу мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде мемлекеттік органға – адресатқа қызметті тандауға байланысты жіберіледі.

Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

14. Жергілікті атқарушы органның кеңсесінің қызметкерімен мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.

Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.

Орталық арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушыға:

сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;

сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;

қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;

құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;

құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты;

өтініш берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкілетті өкілдің тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiле отырып, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.

15. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

жергілікті атқарушы органда – осы стандарттың 1-қосымшада келтірілген адрестарға байланысты (тұтынушыға немесе сенімхат бойынша өкіліне) қолма-қол беріледі;

порталда – «жеке кабинетте» ұсынылады

Дайын құжаттарды мемлекеттік қызмет алушыға берудi орталық қызметкері мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде жүзеге асырады.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстары жүргізілген жағдайда бас тартылады.

Егер жергілікті атқарушы орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға рұқсат бермеген жағдайда, онда рұқсат беру мерзімінің аяқталуына байланысты оған рұқсат берілді деп есептеледі.



3. Жұмыс қағидаттары
17. Жергілікті атқарушы органның және орталықтың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) сыпайылық;

4) түбегейлі және толық ақпарат беру;

5) ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау;

6) белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын осыған құзыреті бар Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі басшысының бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымдарды дайындауға жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы жергілікті атқарушы органмен белгілеген, мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жауапты қызметкерге жүгіне алады.

21. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жауапты лауазымды адамына жүгіне алады.

22. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге шағым:

мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген және жергілікті атқарушы органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның аппарат басшысының атына;

порталдағы – «кері байланыс» сілтемесі арқылы жолданады.

23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда) немесе қолма қол қабылданады.

25. Қабылданған шағым:

1) жауапты кеңсе қызметкерімен кіріс құжаттарын тіркеу журналында;

2) порталдағы «жеке кабинетте» тіркеледі.

Мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, шағымды (арызды) қабылдаған тұлғаның аты-жөні және берілген шағымға жауап алатын орны, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдері – күнтізбелік 30 күн, ал қосымша ақпарат алуды және зерделеуді талап етпеген жағдайда – күнтізбелік 15 күн.

Шағымды қарау нәтижелері жазбаша түрде пошта арқылы хабардар етіледі.

Мемлекеттік қызмет алушы порталдағы «жеке кабинеттен» электрондық өтініш жолдаған кезде мамандандырылған кәсіпорындардың өтінішті өңдеуі барысында жаңартылатын өтініш туралы (өтініштің жеткендігі туралы белгі, тіркелуі, орындалуы, қаралғандығы туралы немесе қараудан бас тарту туралы) ақпарат қолжетімді болады.

26. Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі

жергілікті атқарушы органдардың тізбесі



Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдары қызметін ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік мекеменің атауы

Орналасқан жері,

мекенжайы



Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға

Байланыс

телефоны


Электрон дық мекенжайы

1

2

3

4

5

Ақмола облысы

Ақмола облысы әкімінің аппараты

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83


Мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің меңгерушісі

8-716-2

25-74-26




Kanz_akim@akmo.kz

Ақкөл ауданы әкімінің аппараты

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 94


Әкімнің орынбасары

8-716-38

2-01-84


akkol_orgotdel@mail.ru

Аршалы ауданы әкімінің аппараты

Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тәшенов көшесі, 47

Әкімнің орынбасары

8-716-44

2-14-65


arshaly_org83@mail.ru

Астрахан ауданы әкімінің аппараты

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50

Әкімнің орынбасары

8-716-41

2-22-35


otdel.DO.ast@mail.ru

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 9

Әкімнің орынбасары

8-716-43

2-43-02


Atbasar_OORA@mail.ru

Бұланды ауданы әкімінің аппараты

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19

Әкімнің орынбасары

8-716-46

2-23-44


Bulakimat@mail.ru

1

2

3

4

5

Бурабай ауданы әкімінің аппараты

Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылай хан көшесі, 32

Әкімнің орынбасары

8-716-36

4-59-02


lieve@kokshetau.online.kz

Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 6

Әкімнің орынбасары

8-716-42

2-17-10


egin_akm@mail.ru

Еңбекшілдер ауданы әкімінің аппараты

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 23

Әкім аппаратының басшысы

8-716-39

2-11-45



enbek21@rambler.ru

Ерейментау ауданы әкімінің аппараты

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Құнанбаев көшесі, 121

Әкім аппаратының басшысы

8-716-33

2-37-22


orqotd_erem@mail.ru

Есіл ауданы әкімінің аппараты

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 6

Әкімнің орынбасары

8-716-47

2-13-49


2-15-65

esilirina@mail.ru

Жақсы ауданы әкімінің аппараты

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесі, 3


Әкімнің орынбасары

8-716-35

2-13-01


2-10-01

jaksakimat@mail.ru

Жарқайың ауданы әкімінің аппараты

Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ленин көшесі, 34

Әкімнің орынбасары

8-716-48

9-16-50


akm-jarkain@bk.ru

Зеренді ауданы әкімінің аппараты

Зеренді ауданы, Зеренді көшесі, Бейбітшілік көшесі, 67

Әкімнің орынбасары

8-716-32

2-12-80


akim_zer@kokshetau.online/kz

Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 9

Әкімнің орынбасары

8-716-37

2-15-79


Akimat.korg@mail.ru

Сандықтау ауданы әкімінің аппараты

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, 117

Әкімнің орынбасары

8-716-40

9-14-76


sandakimat@mail.ru

Целиноград ауданы әкімінің аппараты

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 14


Әкімнің орынбасары

8-716-51

3-11-04


apparat-07@mail.ru

1

2

3

4

5

Шортанды ауданы әкімінің аппараты

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылай-хан көшесі, 20

Әкімнің орынбасары

8-716-31

2-10-69


shortakim@mail.ru

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 141


Әкімнің орынбасары

8-716-2

25-10-96


Akimat_kokshetay@mail.ru

Степногорск қаласы әкімінің аппараты

Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, 1

Әкімнің орынбасары

8-716-45

6-21-35


step.akmol.kz

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі


8-713-2

93-20-34,

56-42-66,

93-20-67


mail@akimataktobe.kz

Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Жүргенов көшесі, 45

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі


8-713-39

2-22-39,


2-16-71,

2-13-65


atekebi_akimat@mail.ru

Алға ауданы әкімінің аппараты

Алға ауданы, Алға қаласы, 5 шағын ауданы, 4

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі


8-713-37

3-11-90,


3-17-57,

3-20-00,


3-21-00

alga_apparat@mail.ru

Байғанин ауданы әкімінің аппараты

Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Қонаев көшесі, 36

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі


8-713-35

2-22-48,


2-29-65

baiganin_apparat@mail.ru

1

2

3

4

5

Ырғыз ауданы әкімінің аппараты

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Алтынсарин көшесі, 7

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі

8-713-43

2-16-08,


2-13-11,

2-18-65


irgiznal@taxaktub.mgd.kz

020201@rups.kazpost.kz



Қарғалы ауданы әкімінің аппараты

Қарғалы ауданы, Бадамша кенті, Әйтеке би көшесі, 32

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі

8-713-42

2-11-85,

2-21-84


kargala@mail.ru

Қобда ауданы әкімінің аппараты

Қобда ауданы, Қобда кенті, Астана көшесі, 48

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі

8-713-41

2-12-35,


2-14-51

kobdaakimat@rambler.ru

Мәртөк ауданы әкімінің аппараты

Мәртөк ауданы, Мәртөк кенті, Сейфуллин көшесі, 36

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі

8-713-31

2-20-06,

2-19-82,

2-15-55


martuk_ra@mail.ru

Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты

Мұғалжар ауданы, Қандығаш қаласы, Гагарин көшесі, 6

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі

8-713-33

3-74-54,


3-60-00,

3-61-40



raiakimat.60@mail.ru

Темір ауданы әкімінің аппараты

Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі


8-713-46

2-22-61


temirakim@mail.ru

1

2

3

4

5

Ойыл ауданы әкімінің аппараты

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Құрманғазин көшесі, 43

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі

8-713-32

2-15-95,


2-17-11,

2-14-87,


2-17-24

uil.akimat@mail.ru

Хромтау ауданы әкімінің аппараты

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Горький көшесі, 9

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі

8-713-36

2-22-79,


2-75-68

hromtau_akimat@rambler.ru

Шалқар ауданы әкімінің аппараты

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы көшесі, 33

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі


8-713-35

2-14-23,


2-14-35

akimat_shalkar@mail.ru

Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты

Ақтөбе қаласы, Ахтанов көшесі, 50

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі

8-713-2

22-12-11,

21-04-24,

21-00-14,

21-14-48


ak_aktobe@mail.ru

iao_aktobe@mail.ru



Алматы облысы

Алматы облысы әкімінің аппараты

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38

Әкімнің орынбасары, Мемлекеттік-құқықтық жұмыс, әкімшілік және мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау бөлімінің меңгерушісі


8-728-2

27-08-22


27-16-41, 27-37-22


tkooblakimat@globl.kz

Алакөл ауданы әкімінің аппараты

Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 74

Әкімнің орынбасары

8-728-33

2-14-35,


2-15-75

Akimat_alakol@mail.ru

1

2

3

4

5

Ақсу ауданы әкімінің аппараты

Ақсу ауданы, Жансүгіров кенті, Желтоқсан көшесі, 5

Әкімнің орынбасары

8-728-32

2-25-51


aksu-akimat@mail.ru

Балқаш ауданы әкімінің аппараты

Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 68

Әкімнің орынбасары

8-727-73

9-16-30


balhash_akimat@mail.ru

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы, 21

Әкімнің орынбасары

8-727-75

4-57-04


Enbekshikazah@mail.ru

Ескелді ауданы әкімінің аппараты

Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 67

Әкімнің орынбасары

8-728-36

3-04-00


eckeldi_akimat@mail.ru

Жамбыл ауданы әкімінің аппараты

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, 56

Әкімнің орынбасары

8-727-70

2-13-25


zhambulakimat@mail.ru

Іле ауданы әкімінің аппараты

Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, З. Батталханов көшесі, 8

Әкімнің орынбасары

8-727-52

2-09-88,


8-727-2

51-79-76


ile-tanu@nur.kz

Кербұлақ ауданы әкімінің аппараты

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Б. Момышұлы көшесі, 12

Әкімнің орынбасары

8-728-40

3-12-00


kerbakimbux@mail.ru

Көксу ауданы әкімінің аппараты

Көксу ауданы, Балпық би кенті, Мырзабекұлы көшесі, 40

Әкімнің орынбасары

8-728-38

2-00-09


Akimat-Koksu@mail.ru

Қарасай ауданы әкімінің аппараты

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 213

Әкімнің орынбасары

8-727-71

2-11-42,


8-727-2

98-38-30



Karasay-akimat@Lenta.ru

Қаратал ауданы әкімінің аппараты

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы, 9

Әкімнің орынбасары

8-728-34

2-18-85


Ort_karatal@mail.ru

Панфилов ауданы әкімінің аппараты

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129

Әкімнің орынбасары

8-728-31

5-35-60


JC_curbanow@bk.ru

Райымбек ауданы әкімінің аппараты

Райымбек ауданы, Кеген ауылы,

Б. Момышұлы көшесі, 9



Әкімнің орынбасары

8-727-77

2-14-53


Raimbek-akimat@mail.ru

1

2

3

4

5

Сарқанд ауданы әкімінің аппараты

Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 111

Әкімнің орынбасары

8-728-39

2-14-90


sarkand-akimat@mail.ru

Талғар ауданы әкімінің аппараты

Талғар ауданы, Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 65

Әкімнің орынбасары

8-727-2

95-64-58


talgar-akimat@rambler.ru

Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Раджибаев көшесі, 73

Әкімнің орынбасары

8-727-78

2-10-62


Uigurski@mail.ru

Текелі қаласының әкімінің аппараты

Текелі қаласы, Абылайхан көшесі, 34

Әкімнің орынбасары

8-728-35

4-26-77


Akimat_tekeli@mail.ru

Талдықорған қаласының әкімінің аппараты

Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256

Әкімнің орынбасары

8-728-2

27-07-29,

27-27-42


akimattld@mail.ru

Қапшағай қаласы әкімінің аппараты

Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13

Әкімнің орынбасары

8-727-72

4-45-51


ocx040800@mail.ru

Атырау облысы

Атырау облысы әкімінің аппараты

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау бөлімінің меңгерушісі

8-712-2

35-45-32,

27-09-12


muksiev@global.kz

Жылыой ауданы әкімінің аппараты

Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 26

Әкім

8-712-37

5-15-09


-

Индер ауданы әкімінің аппараты

Индер ауданы, Индер кенті, Қонаев көшесі, 12


Әкім

8-712-34

2-12-13


Akimat.inder@mail.ru

Исатай ауданы әкімінің аппараты

Исатай ауданы, Ақыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12

Әкім

8-712-31

2-03-48


Isatai_raiakimat@mail.ru

Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты

Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылы, Көшекбаев көшесі, 25

Әкім

8-712-33

2-12-92


Amantai55@mail.ru

Қызылқоған ауданы әкімінің аппараты

Қызылқоған ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі, 4

Әкім

8-712-38

2-14-80


Kizilkoga_akimat@mail.ru

1

2

3

4

5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет