Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті КеАҚ
«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институты
КҮНДЕЛІК-ЕСЕБІ
Тағылымдамадан қткен жері: «Мәртөк аудандық ветеринарлық стансасы»
Білім алушы: студент-тәлімгер Вт-43 Ұшқанберді Б. Қ.
Өндірістік жетекші: «Мәртөк аудандық ветеринарлық стансасы» меңгерушісі
Мукашов К. Д.
Тағылымдама жетекшісі: аға оқытушы, магистр
Нуржанова Ф.Х
Орал, 2024 ж.
Жоспар
Кіріспе..........................................................................................................3
Жалпы бөлім..............................................................................................4
«Мәртөк аудандық ветеринарлық стансасы» құрылымы........................4
Негізгі бөлім................................................................................................6
Ветеринарлық станциядағы құжаттарды жүргізу жұмыстары................6
Жануарларды бірегейлендіру жұмыстарын жүргізу................................10
Жануарлардан диагностикалық мақсатта қан алу....................................13
Жануарларды вакцинациялау жұмыстарын жүргізу...............................15
Қорытынды................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................19
Кіріспе
Өндірістік практикасының мақсаты студенттерді теориялық білімді тереңірек игеруге дайындау, кәсіби дағдыларға үйрету және ғылыми зерттеу әдістемесін игеру, сондай-ақ өздерінің теориялық білімдерін практикада қолдану болып табылады.
Студенттер үшін өндірістік практикасының негізгі міндеті пәндердің тиісті бөлімдері бойынша білімді жүйелеу, тереңдету және бекіту, оқу пәндері арасында байланыс орнату және пәнаралық мәселелерді шешу болып табылады. Өндірістік практикасы кезінде ветеринариялық қызметтің құрылымымен және ұйымдастырылуымен, сондай-ақ емдеу және алдын алу шараларымен танысу және иелеріне жануарларды зерттеу мен өңдеуде көмек көрсету жүргізіледі.
Өндірістік практикасында жануарларды тексеру, профилактикалық және емдеу шараларын жүргізу кезінде ветеринария ісіндегі қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері игеріледі.
Практикадан өту барысында теориялық білім шоғырландырылады және жануарлардың әртүрлі ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу және клиникалық құжаттаманы жүргізу бойынша практикалық дағдыларды меңгереді. Негізгі пәндерді білу студенттерге, болашақ ветеринариялық - санитариялық сарапшыларға жануарларды ұстаудың оңтайлы жағдайларын жасау бойынша мақсатты жұмыс жүргізуге, жануарларды ұстау жағдайларына, санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтауға, олардың жай-күйіне тұрақты бақылауды жүзеге асыруға, әртүрлі ұйымдастырушылық, құрылыс, ветеринариялық-санитариялық мәселелерді шешуде өзіндік жұмыс дағдыларын алу бойынша жұмыс жүргізуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |