С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет14/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

 
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
 
1. 
Антика ойшылдардың өнер, әдебиет туралы қандай толғаныс-
тары болды? 
2. 
Аристотельдің сөз көркемдігі жайлы көзқарасы қандай? 
3. 
Платон мен Аристотельдің өнер, поэзия туралы пікірлерін са-
лыстыра отырып, айырмашылығы мен ұқсастығын саралау. 
4. 
Горацийдің поэзия ғылымы жайлы еңбектерін атаңыз. 
5. 
Қайта өрлеу дәуірі классиктерінің көркем әдебиет туралы ой-
ларын дәптерге конспектілеу. 
4. 
ӘДЕБИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ОЙДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 
 
4.1. 
Түркі әдеби әлеміндегі көркемдік пайымдаулар 
және қазақ әдеби-эстетикалық ойының даму тарихы 
Ұлттық эстетиканың ерте кезеңі халықтың көркемдік 
әрекетінің 
алуан 
түрлерінен 
көрініс 
тапқан. 
Қазақ 
халқының әсемдік пен сұлулық аясындағы 
ойлары 
ұлттық 
көркемөнерде, фольклорда: тұрмыс-салт жырларында, аңыздар 
мен мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде 
1
Гегель Эстетика в 4-х томах. -М.: Исскуство,1969. –Т.2. - С. 286.


39 
баяндалған. Халықтың дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тыныс-
тіршілігіне ежелден бастап-ақ сұлулық, эстетикалық көркемдік 
тән. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы ерте дәуірлердегі қазақ 
даласындағы Андрон, Беғазы-Дәндібай көне мәдениеттерінде 
жатыр. Беғазы-Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да 
андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне табынған
күнделікті тұрмыс-тіршілікпен байланысты жануарлар мен
жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда 
болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына 
тұрғызып қойған.
Cақ-скиф мәдениетінің таңғажайып өнер туындыларында 
халықтың әсем ойы, биік сезімі көрініс тапқан. Cақ-скиф өнері 
қазіргі замандағы мүсіндеу, бейнелеу өнерінің кез келгенімен 
тайталаса алады, тіпті ықшамдап жасалу шеберлігімен, 
ойлылығымен, әсемдігімен олардан оқшау, алда тұра алады. 
Ерекше, қайталанбас сақ-скиф өнері тек алтыннан ғана 
жасалынған жоқ, сонымен қатар қола құйма өнерінің тамаша 
мектептерін қалыптастырды. Сақ заманында адамдардың 
мифологиялық 
танымымен, 
діни 
сенімдерімен 
тығыз 
байланысты «аң стилі» деп аталатын бейнелеу өнері кең тарады, 
сондықтан қару-жарақтарда, күнделікті тұрмыстық және табыну 
заттарында зооморфтық аң бейнесі көрініс тапты. Қола, темір, 
алтыннан ойып, құйып сақтар жасаған аң, жануарлардың 
шынайы, қияли образын түрлі көріністерде бейнелеу сақтардан 
бастау алды. Адамдардың табиғатпен туыстығын, олардың 
эмоциялық әсері мен ішкі рухани әлемін бейнелеген бұл 
жәдігерлердің эстетикалық, көркемдік деңгейі аса жоғары.
ҮІ-ІХ ғасырлардағы ортақ түркі әдеби мұралары 
саналатын «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштері ежелгі дәуір
әдебиетіне жатады. Орхон ескерткіштерінде халықтық жыр 
дәстүрінің негізі қаланды. Білге Қаған, Күлтегін батыр, Тоныкөк 
жырау сияқты кейіпкерлердің ерлік істері образдық дәрежеде 
суреттелді. Түркі әдеби-эстетикалық ойының ұзақ тарихына 
қатысты жәдігерлер, түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон 
ескерткіштері (VII ғ.), «Қорқыт» (VIII ғ.) және «Оғыз-нама» (IX 
ғ.). әдеби мұралары ежелгі дәуірдегі әдебиетті қамтыды. Оны 
Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-


40 
Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен 
Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының 
біразына 
ортақ 
ойшылдары, 
ғалымдары, 
ақындары 
жалғастырады (X-XII ғғ.) Аталған ғұламалар түркі әлеміне ғана 
емес, дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосты. Ежелгі 
дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде 
(ХIII-ХVI ғғ.) «Кодекс куманикус», «Махаббатнама», «Жүсіп-
Зылиха», «Гүлстан», «Домбауыл», т.б. қиссалар, дастандар, 
шежірелер, тарихи мұралар енеді.
Ренессанс және орта ғасыр мәдениеті мен әдебиетінің даму 
тарихында Орта Азия әдебиеті, түркі әлеміне ортақ эстетика көш 
ілгері озып кетті. Шығыстық ренессанстың көрнекті өкілдері мен 
олардың көркемдік ізденістері әлемдік өркениет тарихының асыл 
қазынасына қосылған жауһарлар еді.
Түркі әлеміндегі әдебиет туралы пайымдаулар орта ғасыр-
лардан басталады. Осы ретте ертедегі түркі халықтарының кін-
дік қаласы - Отырарда дүниеге келген ұлы ойшыл, гуманист әл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет