190
сөздік қорларында дара диалектикалық сөздер жасауға құлшын-
ды, өлең графикасына эксперимент жасады.
Ресейде футуризм итальяндық
футуризмнен тәуелсіз
дамыды.
Кубофутуристер
В.Хлебников,
В.Каменский,
В.Маяковский, Б.Пастернак, К.Лившиц т.б. Кубизм субъектив-
тiлiктi дәріптейді. Олардың пікірінше,
көркем шығармашылық
табиғатты бейнелеу, оған еліктеу емес, табиғаттың жалғасы, ол
адамның шығармашылық еркі арқылы «жаңа, бүгінгі, темір
әлемді» жасайды. Осыдан келіп, әдеби жанрлар мен стильдердің
шартты жүйесін бұзу етек алды.
Қазақ әдебиетінде футуризм өз бағдарламасы бар әдеби
ағым деңгейіне көтерілмесе де, футуристік элементтер
С.Сейфуллин шығармаларында арагідік кездеседі. Сәкен шығар-
машылығына орыс футуристі В.Маяковскийдің әсері болғаны
анық.
Достарыңызбен бөлісу: