С. Б. Жәутікова, Е. К. Умирбаева, Г. Н. Иманбаева «патологиялық физиология – 2» ПӘні бойынша ситуациялық есептер жинағЫ



бет2/10
Дата16.06.2016
өлшемі2.27 Mb.
#139893
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Есеп № 12

Біреуі наркоз жағдайындағы екі егеуқұйрықты барокамераға отырғызып, гипобариялық жағдай туындатқан.

Қай егеуқұйрықта бірден өлім дамиды және неге?
Есеп № 13

Эксперимент жүзінде жануардың екінші мойын сегменті деңгейінде жұлынды жартылай кесіп тастаған кезде, тыныс алу актысына диафрагма мен зақымдалған жақтағы жарты кеуде клеткасының қатыспайтындығы байқалды.

Жартылай кесілген жұлын жағындағы сыртқы тыныс алу бұзылыстарын қайта қалпына келтіруге болады ма?
Есеп № 14

Тәжірибеде итті қоршаған ортаның жоғарғы температурасы мен оттегі жеткіліксіздік жағдайында ұстау арқылы, тыныс алу бұзылыстарын туғызған. Итте тыныс алудың қысқа уақытты тоқтау кезеңдерінен кейін, тыныс алу актысының біртіндеп тереңдігі мен жиілігінің өсуімен сипатталатын тыныс байқалды. Содан соң белгілі бір деңгейге жеткенде, қайта тыныс алу бәсендеп, тоқтауға дейін барған.

Эксперимент жүзінде сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігінің қандай түрі алынды?

Есеп № 15

Эксперимент жүзінде сау иттерде өкпенің бір бөлігін немесе тұтастай өкпені алып тастау қан оксигенациясының бұзылысынсыз өткен, ал өкпенің бір бөлігін осы бөлікке тән бронхты бітеу арқылы желденуден шығарған кезде, артериялық қанның оттегімен қанығуының 5-6 пайызға төмендегені анықталған.

Өкпенің резекциясы мен пульмонэктомиясына қарағанда, сау өкпенің бір бөлігінің обтурациялық жеткіліксіздігі кезінде, қанның оксигенациясы неге төмендейді?

Есеп № 16

Иттің өкпе тініне 3 мл ыстық стерильді су жіберу арқылы өкпенің жедел қабыну үрдісін туғызған.

3 күн өткенде сыртқы тыныс алу көрсеткіштерін зерттеген. Осы кезде артериялық қанның оттегімен қаңығуы төмендегендігі, ал қандағы СО2 мөлшерінің өзгермегендігі анқыталған.

Эксперименттік иттегі өкпенің газ алмасуының бұзылуы неге тек гипоксемия түрінде айқындалды, неге гиперкапния байқалған жоқ?


Есеп № 17

23 жасар науқасты жасанды тыныс алуға көшірген. Қанның газдық құрамын зерттеген кезде, артериялық қанда оттегінің қысымы сынап бағанасы бойынша 85 мм, ал көмір қышқыл газы – 45 мм с.б. тең болған.

Бұл жағдайда сыртқы тыныс бұзылысының компенсациялану деңгейі жеткілікті ме?

Есеп № 18

Отқа төзімді кірпіштерді нығыздау жұмысын атқаратын, 20 жылдық стажы бар, 43 жасар науқас жұмыс жасаған кезде ентігудің пайда болуына байланысты еңбекке қабілеттілігі төмендейтінің айтып шағымданды.

Объективтік зерттеу кезінде терісінің бозарғандығы, кеуде клеткасының дұрыс формасы, екі жағынында тыныс алу актысына бірдей белсенді қатысуы байқалды. Бірақ өкпенің керілу шекараларының шектелгендігі, қатаң тыныс, құрғақ, таралған сырыл байқалды.

Рентгенография кезінде - өкпе суреті ошақтық пневмосклероз типі бойынша өзгерген.

Сыртқы тыныс алу нәтижесінің біршама төмендегені анықталды – артериялық қанның оттегімен қаңығуы 74 % құрайды.

1. бұл жағдайда тыныс алу жеткіліксіздігі тыныс алу жүйесінің қандай қызметінің бұзылуы салдарынан дамып отыр?

2. Ентігудің тек жұмыс жасағанда ғана байқалуын қалай түсіңдіруге болады?

Есеп № 19

42 жасар Г. деген науқас кеудесінің оң жақ бөлігіндегі Х және ХІ қабырғаларының жабық сынуы бойынша ауруханада жатыр, тексеру кезінде өкпе тінінің зақымданбағаны анықталған.

Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тыныс алу жиі – минутына 13 рет және беткейлік. Тыныс алған кезде кеуде клеткасының оң жақ жартысының қалып қоятыны байқалған.

Жалпы спирография кезінде анықталғаны: тыныс алу көлемі 83 %, тыныс алудың минуттық көлемі 82 %, өкпенің тіршілік сыйымдылығы 90 %.

Бұл жағдайда өкпе ветиляциясының қандай бұзылу түрі байқалады?
Есеп № 20

19 жасар Т. деген науқас ауруының 3 күні «жедел пневмония» диагнозымен ауруханаға емделуге жіберілген.

Келген кезде тыныс алуы минутына 32 рет және беткейлік болған. Тыныс алу қимылдарына қабырға аралық бұлшық еттер қатысады. Аускультация кезінде ұсақ көпіршікті, ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі.

Өкпенің рентгеноскопиясында – екі жақты крупоздық пневмонияға тән өзгерістер байқалады.

Сыртқы тыныстың нәтижелігінің зерттеген кезде қанның оксигенациясының төмендегені байқалған – артериялық қанның қанығуы 86% құраған.


  1. науқаста сыртқы тыныс алу бұзылуының қандай түрі дамыған және оның даму механизмі қандай?

  2. бұл жағдайда қанның оксигенациясының төмендеуі сыртқы тыныс алудың қандай үрдістерінің бұзылуына негізделген?


Есеп № 21

8 жасар К. деген науқас ешқандай себепсіз пайда болатын, жиі дамитын ұстамалы тұншығу сезіміне шағымданады. Ұстама кезінде тыныс алу қиындайды, жөтелмен, аздап тұтқыр қақырықтың бөлінуімен жүреді. Тыныс шығару кезінде ысқырықты сырылдар естіледі.

Анамнезінде 5 жасынан бронх демікпесімен ауратындығы анықталды.


  1. бұл патология үшін ентігудің қандай түрі тән?

  2. тұншығу ұстамасы кезінде өкпе вентиляциясының қандай бұзылыстары байқалады?

Есеп № 22

56 жасар науқас 20 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға кома алдылық жағдаймен түскен: бас ауыруы, әлсіздік, лоқсу, айқын ентігу байқалған.

Қолданылған шараларға қарамастан науқастың жағдайы үдемелі нашарлап, диабеттік кома дамыған. Науқас есінен айырылған, пульсі жиілеген, әлсіз, қан қысымы төмендеген.

Коматоздық жағдайда ентігу сақталады ма?


Есеп № 23

56 жасар науқас неврологиялық бөлімге ми инсульті бойынша түскен. Түскен кезде жағдайы өте ауыр болған және Чейн-Стокс кезеңдік тынысы байқалған. Ал екінші күні ол тыныс Биот тынысына ауысқан.

1. Биот тынысының пайда болуына қарап, науқас жағдайының жақсарып келе жатқандығын жобалауға болады ма?

2. Кезеңдік тыныс патогенезінде қандай фактор негізгі болады?


Есеп № 24

54 жасар науқасты уремия жағдайында ауруханаға әкелген. Науқас есенгіреген, қозғалысы шектелген. Терісі құрғақ, көптеген тырналанған іздер бар. Ырғағы жиілеген, тыныс алу және тыныс шағару фазаларының қиындауымен жүретін ентігу байқалады.

Ауруханадағы 4-ші күні қолданылған емдік шараларға қарамастан жағдайы қиындап, кома дамыды. Ерекше шулы жиілеген тыныс пайда болып, терең тыныс алулардың біртіндеп үлкен тыныс шығаруларға ұласуы байқалды.

Науқаста тыныс алу бұзылыстарының қандай түрі дамыды?


Несептік-жыныстық жүйе
Есеп № 1

39 жасар В. есімді науқас үнемі болатын бас ауруына, көруінің нашарлауына, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуіне, жүрек тұсының ауырсынуына, жүрек айну, қатты шөлдеу, терісінің қышуына, таңертеңгілік бетінің әсіресе көз айналасының ісінуіне шағымданып терапия бөліміне түсті. Анамнезінде – жиі баспамен ауырғаны анықталған. Науқастың осындай жағдайы бір жылдан астам уақыт байқалған.



Тексеріс кезінде: науқас бозарған, терісі құрғақ, тургоры төмендеген. Жүрек шекарасы солға қарай кеңіген, АҚ – 190/100, тыныс алу жиілігі – минутына 25 рет. Қанда: Нв – 90 г/л, эритроциттер – 3,2х1012/л, лейкоциттер – 6,2х109/л, рН -7,3, плазманың осмолярлығы 290 мОсм/кг жоғарлаған. Тәуліктік диурез – 4л, никтурия. Зимницкий сынамасы бойынша зәрдің салыстырмалы тығыздығы барлық порцияларда – 1010-1012, концентрация-лық индекс -1,1. Креатинин клиренсі – 40 мл/мин., қандағы мочевина концентрациясы – 17 ммоль/л, креатинин – 0,5 ммоль/л. Зәрде: белок – 1-1,92 г/л, молекулалық массасы 70000 астам, (селективтілік индексі – зәрдегі IgG/трансферрин қатынасы 0,1 астам), лейкоциттер – көру аймағында 2-3, эритроциттер – көру аймағында 5-6 (олардың 75% астамы өзгерген пішінде және көлеңке түрінде), цилиндрлер – көру аймағында 2-4 (гиалиндік және эритроцитарлық).

  1. Бүйректің фильтрациялық, экскрециялық, реабсорбциялық, секрециялық және инкрециялық қызметтерін бағалаңыз. Болжамдап диагноз қойыңыз және аурудың сатысын көрсетіңіз.

  2. Бүйректік және бүйректен тыс симптомдар және синдромдардың механизмін түсіндіріңіз.



Есеп № 2

28 жасар К. есімді науқас, баспамен ауырғаннан кейін 3 аптадан соң белінің сырқырап ауыратынына, бас ауруына, жиі зәр бөлетініне, бетінің ісінуіне (әсіресе таңертеңгілікте), ентігетініне, шөлдей беретініне шағымда-нып клиникаға түсті.



Тексеріс кезінде: науқас бозарған, аяқтары ісінген, әсіресе бетінін ісіну айқын байқалады. АҚ – 180/100, ЖЖЖ -100, ЭКГ-да миокардтың диффуздық зақымдалу белгілері бар. Қанда: Нв-100 г/л, қалдық азот 70-85 ммоль/л, антистрептолизин О титрі мен глобулиндер фракциясы мөлшері жоғарлаған, альбуминдер мен комплемент фракциясы мөлшері төмендеген, ЭТЖ – 26 мм/сағ. Пастернацкий симптомы оң. Тәуліктік диурез -1л, зәрдің салыс-тырмалы тығыздығы -1029, концентрациялық индексі – 3,3. Зәр бұлдыр, түрі «ет жуындысы» тәріздес, құрамында «көлеңке» түріндегі эритроциттер өте көп, лейкоциттер көру аймағында 6-8 дейін, гиалиндік цилиндрлер көру аймағында – 3-4, белок – 1,5-2 г/л (молекулярлық массасы 70000 төмен, селективтілік индексі 0,1 төмен). Креатинин клиренсі тиісті мөлшерден 50% аз. Бүйректің пункциялық биоптатында «бүкір симптомы» анықталған.

  1. Науқаста қандай ауру дамыған? Қорытындыны дәлелдеңіз.

  2. Осы нефропатияның этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Бүйректің фильтрациялық және концентрациялық қызметтерін бағалаңыз.

  4. Симптомдар мен синдромдар механизмін түсіндіріңіз.

  5. Қалдық азот дегеніміз не?


Есеп № 3

Тәжірибелік жануарға концентрацияланған коллоидты ерітіндіні тамыр ішілік енгізгеннен кейін анурия дамыған.

Бұл жағдайдағы анурияның даму механизмі қандай?
Есеп № 4

Тәжрибелік жануарға гомологиялық белок ерітіндісін тамыр ішілік енгізген. Зәр анализінде айқын протеинурия байқалған. Белоктардың зәрмен бірге бөлінуі плазмадағы белок концентрациясы қалыпты жағдайға түскенше жалғасқан.



  1. Тәжірибеде алынған протеинурияны қалай түсіндіруге болады?

  2. Белоктардың зәрмен бірге бөлінуі неге плазмадағы белок концентрациясы қалыпты жағдайға түскенше дейін жалғасқан?


Есеп № 5

Гемоглобинді тамыр ішілік енгізгенде гемоглобинурия плазмадағы гемоглобин мөлшері 1,35 г/л, табалдырық меже деңгейіне жеткенге дейін байқалмайды. Ал егер гемоглобинмен бірге бір уақытта альбуминді де енгізсе, онда гемоглобинурия плазмадағы гемоглобин концентрациясы 0,3-0,5 г/л тең болғанның өзінде бірден дамиды.

Гемоглобинді альбуминмен бірге енгізген кезде гемоглобинді шығару межесінің төмендеуін қалай түсіндіруге болады?
Есеп № 6

Диурезге адреналин мен норадреналиннің әсерін зерттеу үшін егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізілген. Тәжірибе нәтижесінде, адреналинді төмен мөлшерде енгізгенде сулы диурездің жоғарлауы және үлкен мөлшерде енгізгенде диурездің төмендеуі анықталған. Ал норадреналин тек қана атидиуретикалық әсер көрсеткен.

Тәжірибеде қолданған катехоламиндердің әсерінен диурездің өзгеру механизмдері қандай?
Есеп № 7

Қоянға гетерологиялық (үйректік) антибүйректік сарысу тамыр ішілік енгізілген. Нәтижесінде дамыған бүйректің зақымдануы гипертензия, ісіну, протеинурия, макрогемотурия жағдайларымен жүрген. Бүйрекке морфоло-гиялық тексеру жүргізгенде гломерулонефриттің айқын суреті байқалған.



  1. Алынған үлгіде гломерулонефрит қандай механизммен дамыған?

  2. Жоғарыда көрсетілген симптоматика қандай бүйректік синдромға тән?

Есеп № 8

Қояндарға 0,8 мл 1% сулема ертіндісін 5 күн бойы күнделікті енгізгенде айқын олигурия, протеинурия, гипопротинемия дамиды. Бұл кезде шумақтық фильтрация 90% құрайды.

Шумақтық фильтрацияның аздап қана төмендеуі кезіндегі айқын олигурияның дамуын қалай түсіндіруге болады?
Есеп № 9

Инулин клиренсі 2 мл/с, мочевина клиренсі 1,2 мл/с, ал эндогенді креатининдікі 2,4 мл/с құрайтындығы белгілі болған.

Осы заттардың қайсысы түтікшелерде реабсорбцияланады, ал қайсысы секрецияланады?

Есеп № 10

Жануарларға тәжірибе жасағанда бүйректегі капсула ішілік қысым көлемі сынап бағанасы бойынша 21 мм құрайтыны анықталған.

Осындай жағдайда фильтрация үрдісінің қарқыны өзгереді ме? Егер өзгерсе, қалай және неге өзгереді?
Есеп № 11

Тәжірибе жүзінде гломерулонефрит үлгісі алынған жануарды тексерген кезде, зәрінде натрий және калий арақатынасы көрсеткішінің күрт төмендегені, ал қанында бұл көрсеткіштің жоғарлағаны анықталған.

1. Бұл көрсеткіштер бойынша қандай гормондық ығысулар туралы ойлауға болады?

2. Бұл патология кезіндегі гормондық дисбаланстың даму механизмі қандай болуы мүмкін?


Есеп № 12

Тәжірибе жүзінде гломерулонефрит үлгісі алынған жануарды тексерген кезде, ангиотензин І-ді ангиотензин ІІ-ге айналдыратын ферменттің жоғарғы белсенділігі анықталған.

Мұндай жағдайда кининдердің метаболизмі, сонымен қатар тамырлардың нейрогендік және базалдық тонустары қалай өзгереді?
Есеп № 13

Науқас И., 35 жаста. Операцияға дайындау мақсатында бүйрек қызметі зертелген.

Зәр анализі: ашық-сарғыш түсті, мөлдір, қышқылды реакциялы. Белок іздері бар, глюкоза-10г/л. Тұнбада: бірен-саран эпителий, көру аймағында лейкоциттер-0-2, эритроциттер-0-1. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 3,8 л болған кезде зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,034-1,050 аралығында болған.

Қандағы қалдықтық азот – 15,2 ммоль/л; мочевина – 3,2 ммоль/л; плазма креатинині – 44 мкмоль/л.



  1. Науқастағы полиурияның дамуының мүмкін болатын механизмі қандай?

  2. Осы жағдайдағы зәрдің салыстырмалы тығыздығының жоғары болуын немен түсіндіруге болады?


Есеп № 14

Науқас К., 23 жаста. Тұмаумен ауырғаннан соң үнемі шөлдеу сезімінің болатынына, жиі және көп мөлшерде зәр бөлуіне, ұйқысының бұзылуына, көңіл-күйінің болмауына шағымданған.

Зәр анализі: сарғыш түсті, мөлдір, әлсіз қышқылды реакциялы, белок және глюкоза жоқ. Тұнбада: бірен-саран эпителий, көру аймағында лейкоциттер – 0-4, эритроциттер – 0-1, цилиндрлер жоқ. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 6200 мл кезіндегі зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,003-1,010 тең.


  1. Науқастың зәр құрамында патологиялық өзгерістер бар ма?

  2. Бүйректің қандай қызметі бұзылған?

  3. Бұл жағдайдағы бүйрек қызметінің бұзылу механизмі қандай?


Есеп № 15

16 жастағы М. деген науқасты ауруханаға ауыр шок жағдайында алып келген. Автокөлік қағып кеткен. Екі аяғы көптеген жерден сынған. АҚ – сынап бағанасы бойынша 80/60 мм тең.

Тәулік бойы 60-80 мл зәр бөледі. Зәрінде: белок – 0,66г/л, зәрдің салыстырмалы тығыздығы – 1,029.

Қандағы қалдық азот – 120 ммоль/л; қандағы мочевина – 35 ммоль/л.



  1. Науқастағы анурияның механизмі қандай?

  2. Науқаста дамыған анурия белгілі патогендік нұсқалардың қайсысына жатады?


Есеп № 16

Науқас К., 3 жаста. Тез шаршайтынына, үнемі аштық сезімнің болуына, шөлдегіштікке шағымданады.

Ішкі мүшелер жағынан объективтік өзгерістер жоқ.

Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 3,0 л болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,020-1,038 аралығында. Глюкозаның зәрмен бірге тәуліктік экскрециялануы 1,2 г құрайды және глюкозурия дәрежесі күндізгі, түнгі зәр мөлшерлерінде бірдей.

Қандағы глюкоза – 3 ммоль/л. Қанттық жүктеме жүргізгенде немесе инсулинді енгізгенде гликемиялық қисық қалыпты.

1,5 жастағы інісін тексергенде, ол балада да тұрақты глюкозурия анықталған.

Бұл жағдайда бүйректің қандай қызметі бұзылған және глюкозурияның даму механизмі қандай?
Есеп № 17

56 жасағы В. деген науқас миеломдық ауруға күдіктенгендіктен тексерілуге ауруханаға түскен. Жалпы әлсіздікке, жүдегендігіне, қабырғасы мен кеудесінің ауырсынуына шағымданады.

Түскен кездегі зәр анализі: ашық-сары түсті, мөлдір, қышқылды реакциялы, белок – 0,8 г/л, глюкоза жоқ.

Тұңбада: эпителий аздап кездеседі, көру аймағында лейкоциттер-1-2, эритроциттер-0-2, гиалинді цилиндрлер -1-3.

Зимницкий сынамасы бойынша тәуліктік диурез 2000 мл болған кездегі зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,008-1,026 құраған.

Бенс-Джонс белогына (молекулалық салмағы – 24000-40000) термопреципитация сынамасы оң нәтиже берген.



  1. Науқастың зәр құрамында қандай патологияық өзгерістер бар?

  2. Бұл жағдайдағы протеинурияның даму механизмі қандай?


Есеп № 18

38 жастағы А. деген науқаста, жүйелік қызыл жегі ауруымен ауырға-нына 3-ші жыл болғанда, бүйректің диффуздық зақымдануы анықталған жә-не массивтік ісінулермен, гиперлипидемиямен, диспротеинемиямен жүрген.



  1. Науқаста қандай нефрологиялық синдром дамыған?

  2. Бұл синдромдағы протеинурияның даму механизмі қандай?


Есеп № 19

36 жастағы Н. деген науқас нефрологиялық бөлімде стационарлық ем қабылдауда. 2 жыл бұрын жедел респираторлық аурудан кейін бетінің ісінуі дамып, зәрінде белоктар байқалып, бүйрек патологиясы анықталған.

Зәр анализі: сарғыш түсті, мөлдір, қышқылды реакциялы, белок-0,8 г/л, глюкоза жоқ. Тұнбада: аздаған эпителий кездеседі, көру аймағында лейкоциттер-1-5, өзгерген және қалыпты эритроциттер – 2-3; бірен-саран гиалиндік цилиндрлер. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 2600 мл болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,004-1, 015.

Қанында: мочевина-5,1 ммоль/л, креатинин-70 мкмоль/л.



  1. Науқастың зәрінде қандай патологиялық өзгерістер байқалған?

  2. Бүйректің фильтрациялық қызметінің бұзылуын дәлелдейтін белгілері бар ма?

  3. Бүйректің концентрациялық қабілетінің бұзылуын қандай белгілер дәлелдейді?

  4. Бұл жағдайда бүйректің концентрациялық қабілетінің бұзылу механизмі қандай?

Есеп № 20

24 жасар К. деген науқас суықтап ауырып қалған. Жалпы әлсіздікке, бетінің ісінуіне, бас ауруына, ентігуге шағымданады.

Зәр анализі: қошқыл-қызыл түсті, бұлынғыр, қышқылды реакциялы, белок -1,2 г/л, глюкоза жоқ. Тұнбада: көру аймағында шамалы эпителий бар, лейкоциттер-3-8, эритроциттер-20-40-100, гиалинді цилиндрлер-0-2, ураттар, зәр қышқылы. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 780 мл болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,012-1,031. Эндогендік креатинин клиренсі – 56 мл/мин.


  1. Науқаста зәрдің қандай патологиялық құрылымдық бөліктері анықталған?

  2. Бүйректің фильтрациялық қызметінің бұзылуын қандай белгілер дәлелдейді?

  3. Бұл жағдайдағы бүйректің фильтрациялық қызметінің бұзылу механизмі қандай?

  4. Бүйректің концентрациялық қабілетінің бұзылуын дәлелдейтін белгілер бар ма?


Есеп № 21

45 жастағы Н. деген науқастың ауруы 8 жыл бұрын бел аймағының ауырсынуымен, беті мен қол-аяқтарының ісінуімен басталған. 5 жыл өткенде ауру осы симптомдармен асқына түскен. Соңғы жылдары ауру белгілері мазаламаған. Қазіргі уақытта жағдайының нашарлауына байланысты ауруханаға түскен.

Зәр анализі: сарғыш түсті, қышқылды реакциялы, белок-0,6 г/л, глюкоза жоқ. Тұнбада: көру аймағында аздаған эпителий, лекоциттер-10-15, эритро-циттер бірен-саран, гиалинді, түйіршіктенген цилиндрлер-2-3. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 860 мл болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,010-1,016. Қанында: мочевина-9 ммоль/л, креатинин-115 ммоль/л.


  1. Науқастың зәр анализіндегі көрсеткіштер қандай патологиялық өзгерістердің дамығаның дәлелдейді?

  2. Шумақтық фильтрацияның өзгергенің көрсететін мәліметтер бар ма?

  3. Науқас бүйрегінің концентрациялық қабілетінің бұзылғаның дәлелдейтін мәліметтер бар ма?


Есеп № 22

Науқас Д., 24 жаста. Оңтүстік аймақтарда болған кезде қызба, бетінде «көбелек» тәріздес эритема және буындарының ауырсынуы байқалған. Содан соң бетінің, қол-аяқтарының ісінуі, бел аймағының ауырсынулары қосылған. Ауруханаға жүйелі қызыл жегі ауруына күдіктеніп жатқызылған.

Зәр анализі: сарғыш түсті, қышқылды реакциялы, белок - 10г/л, глюкоза жоқ. Тұнбада: көру аймағында аздаған эпителий, лейкоциттер 8-10, эритро-циттер 2-3, гиалинді цилиндрлер - 2-3. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурезі 760 мл болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,010-1,027.

Қанында: жалпы белок - 52 г/л, мочевина - 4,2 ммоль/л, жалпы холестерин - 12,1 ммоль/л.



  1. Науқас зәрінде қандай патологиялық өзгерістер бар?

  2. Науқаста зәрмен бірге белоктардың тәуліктік экскрециялануын қалай бағалауға болады?

  3. Науқастағы ісінулердің нефротикалық екенін дәлелдейтін мәліметтер бар ма?


Есеп № 23

24 жастағы Н. деген науқас жедел түрде ауырып қалған: дене қызуы 38ºС көтерілген, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, бас ауруы дамыған.

Зәрдің жалпы анализі: қошқыл-жасыл түсті, бұлыңғыр, қышқылды реакциялы, белок - іздері, глюкоза жоқ. Билирубин мен уробилиндік денешіктерге реакция оң нәтиже берген. Тұнбада: көру аймағында бірең-сараң эпителий бар, лекоциттер 1-2, эритроциттер, гиалинді цилиндрлер бірең сараң. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 1,6 л болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,010-1,027.


  1. Науқас зәрінде қандай патологиялық өзгерістер бар?

  2. Науқас зәрінің түсінің өзгеруін қалай түсіндіруге болады?


Есеп № 24.

Науқас бүйрегінің экскрециялық қызметін тексеру кезінде анық-талған: тәуліктік диурез 2,0 л болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыз-дығы 1,008-1,030. Зәрде белок, глюкоза, лейкоциттер, зритроциттер жоқ.

Қандағы қалдық азот - 84 ммоль/л, сары су аминқышқылдарының азоты - 0,3 г/л, мочевина – 1,5 ммоль/л, креатинин – 44 мкмоль/л, зәр қышқылы – 0,15 ммоль/л.


  1. Аталған көрсеткіштер бүйрек жеткіліксіздігінің дамығаның дәлелдейді ме?

  2. Бұл жағдайдағы азотемияның даму механизмі қандай?


Есеп № 25

27 жастағы А. деген науқас ауруханаға асқазанынан профузды қан кету жағдайымен ауыр қалде жеткізілген. АҚ – сынап бағанасы бойынша 80/60 мм. Науқас тәулігіне 160-180 мл зәр бөледі. Қандағы қалдық азот - 62 ммоль/л, қан мочевинасы - 36ммоль/л, плазма креатинині - 260 мкмоль/л.

1. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігінің қандай түрі және қандай сатысы дамыған?

2. Науқаста диурездің төмендеуін қалай түсіндіруге болады?


Есеп № 26

30 жастағы В деген науқасқа қателесіп 150 мл басқа топтың қанын құйған. Осыдан гемотрансфузиялық шоктың айқын бейнесі дамыған. Анурия айқындалған. Бірден шокқа қарсы қарқынды терапия жүргізілген: алмастырып қан құю, гемодиализ. Біртіндеп науқастың жағдайы жақсарды. Шоктан кейінгі 8 күнде науқас 4.5 литр ашық түсті зәр бөлген және салыстырмалы тығыздығы 1,008-1,012 тең болған. Зәрде көп мөлшерде белок, эритроцит, лейкоцит, эпителий жасушалары болған.

Қандағы қалдық азот - 34 ммоль/л, мочевина - 12 ммоль/л.


  1. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігінің қандай түрі және қандай сатысы дамыған?

  2. Бұл жағдайдағы полиурияның даму механизімі қандай?


Есеп № 27

Науқас З., 26 жаста. Тұмаумен ауырғаннан кейін ісінулер, олигурия, про-теинурия, гематурия пайда болған. Анамнезінен науқаста ісінулер, протеи-нурия, бас ауруы соңғы бірнеше жылдар бойы байқалып жүргені анықталған.

Клиника-лабараториялық тексеру кезінде анықталғаны: қандағы қалдық азот-57 ммоль/л, мочевина-16,6 ммоль/л, плазма креатинині-200 мкмоль/л.

Эндогендік креатинин бойынша шумақтық фильтрация - 28 мл/мин.

Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 350 мл болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,003-1,008.


  1. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігінің қандай түрі және қандай сатысы дамыған?

  2. Бүйрек жеткіліксіздігінің осы түріндегі шумақтық фильтрацияның төмендеуін немен түсіндіруге болады?


Есеп № 28

39 жастағы Р. деген науқас ауруханаға ауыр кома алдылық жағдайда жеткізілді. Айқын әлсіздік, апатия, бұлшық еттерде және буындарда ауырсыну сезімі, терінің қышуы, аузынан аммиак иісі байқалған.

Бүйрек ауруымен 26 жасынан зардап шегетіні анықталған.

Обьективті тексеруде байқалған: аяғының, бетінің ісінулері, бауырдың іркілулік үлкеюі. АҚ – сынап бағанасы бойынша 190/120 мм. Қандағы қалдық азот – 148 ммоль/л. Эндогендік креатинин бойынша шумақтық фильтрация - 12,0 мл/мин. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 360 мл болғанда зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,003-1,007.



  1. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігінің қандай түрі және қандай сатысы дамыған?

  2. Науқаста уремия белгілері бар ма?

  3. Қандағы қалдық азот қандай заттар есебінен өскен?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет