Дүйсембінова Қ.Ә., Құрсабаева Б.Қ.,-
ғылыми-ізденушілер, Талдықорған
Бейнелеу өнері әлемдегі барлық халықтарға ортақ мәдени мұра. Қазақ халқы басқа өркениетті халықтар сияқты сан сағырлар бойы өзінің мәдениетін сақтап келді. Ұлттық мәдениеттің үлкен бір саласы – халықтың бейнелеу өнері болып табылады. Оның тарихы тым тереңде жатыр. Ең алғашқы кезеңдерде, атап айтқан тас, қола және темір дәуірлерінде адамзат баласы қоршаған ортаның қыр-сырын, жаратылыс қағидасы мен табиғат сұлулығын және қоғамдық ортадағы тарихи оқиғаларды, тұрмыс-тіршілікті баяндау мақсатында өз ғұмыры жайлы ескерткіштер қалдыруды арман еткен.
Орта Азия мен Қазақстан территориясында күні бүгінге дейін сақталып келген таңбалы тастағы көне тотемдік-мифологиялық сурет белгілер, түсті металдардан (алтын, күміс, мыс, қола) жасалған әшекейлік һәм зергерлік бұйымдар, сондай-ақ руналық тас таңбалар мен қару-жарақ ескерткіштері – халық өнерінің қайталанбас дүниесін көрсете білді. Киелі топырағымызда сақталған Арпаөзен, Тамғалы, Таскескен ескерткіштері, әсіресе Сарыарқа төсіндегі ашық аспан астындағы көне дәнекерлер – ұлттық өнеріміздің қайнары болып табылатыны рас.
Алматы маңындағы Есік қоғанынан табылған «Алтын адам», Шығыс Қазақстандағы Пазырық қорғанынан табылған «Дала перғауыны» ескерткіштері – ұлтымыздың баға жетпес құнды мәдени мұрасы болып табылады.
Зерттеуші ғалымдар (Ә.Х.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов) зерттеулеріне қарағанда, қолға түскен археологиялық жәдігерлер арқылы – халық тарихын қайта зерделеу қажеттігі туып отыр деп тұжырымдаймыз. Ұлы дала кеңістігін емін-еркін мекендеген әрі батыр, әрі абыз сақтар мен ғұндар - өздерінің жауынгерлік-қаһармандық дәстүрлерімен бірге мәдени-рухани құндылықтарын мирас етіп кетті.
Ғалымдардың пайымдауынша (Т.Султанов, С.Г.Кляшторный) көне сақтардың алтыннан жасалған «аң стиліндегі» бұйымдары, ғұн дәуірінде «қолданбалы полихромды» өнерге ұласып отырды. Ал, Түркі қағанаты дәуірінде аталмыш қос мәдени өнер туындылары қайта жаңартылып, ерекше зерленіп отырды.
Бейнелеу өнері тек қана зергерлік бұйымдар жасау технологиясымен шектеліп қалмай, ол архитектуралық сәулет өнерінің дамуы мен қалыптасуына ықпал етті. Бұл үрдіс Орта Азияға 7-8 ғасырларда мұсылман дінінің таралуынан кейін ерекше байқалды. Мұсылмандық дәстүрдің тек қана діни уағыз философиясын ғана әкелмей, сонымен бірге ғылым мен білім әкелуі – түркі тектес халықтардың қайта бірігуіне, қала берді араб-шығыс мәдениетінің синтезденуіне, тарихи тұрғыдан пайымдасақ «мұсылман Реннасансын» әкелді деуге болатын еді.
Шығыстанушы ғалымдар (В.Бартольд, В.Вамбери, С.П.Толстов) бұл ғасырды «алтын ғасыр» деп атаған. Осы тұста бейнелеу өнеріне қатысы бар Ақсақ Темірдің немересі Бабыр сұлтанның «Бабыр-нама» атты еңбегіне ерекше тоқталып өткен жөн. Ол жөнінде патшалы Ресейдің шығыстанушы ғалымы Н.Ильминский өзінің «Бабур-намэ или записки султана Бабура» ғылыми зерттеу еңбегінде толық деректер келтіреді.
Бабыр сұлтан тек қана Орта Азия мен Үндістанның билеушісі ғана емес, сонымен бірге ел қамын жеген дарынды қолбасшы, қайтпас қаһарман, оқымысты және суретші ретінде танылады. Сұлтан әскери жорықта жүрген жерлердегі жергілікті халықтың мәдениетіне, тегіне, өнеріне және тарихына ерекше мән беріп отырған. Жорық жайлы естеліктер жаза отырып, ол жергілікті жердің топографиялық картасын сурет салу арқылы жеткізе білген.
Аталмыш үрдіс орыс саяхатшылары аяқ баса алмаған Қашғар жеріне барған Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде көрініс тапқаны өте сирек кездесетін жайт. Қазақ халқының бейнелеу өнері жөніндегі санғасырлық мұраларын бір кітапқа сыйдырып баяндау мүмкін емес. Бейнелеу өнері өткен ғасырдың қай кезеңінде болмасын тұрмыстың негізгі өзегі болғаны анық. Халық педагогикасын зерттеуші ғалымдардың пікірінше (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Қожахметова, С.А.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, М.Қыдырбайұлы, Р.Қ.Дүйсембінова, Е.Сағындықов,Қ.Қабдыразақұлы, С.Ғаббасов, Ә.Табылдиев) қоғамдық өмірдегі жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру үрдісі кешенді түрде жүргізілгені айтылады. Ол пікірмен келісуге болады. Себебі, ата-баба салты - өскелең ұрпаққа өне бойындағы құндылықтарды мирас етуге тырысаты рас. Ұлт бойындағы асыл қасиеттер ұрпақ санасына тек тәрбие әдіс-тәсілдері арқылы даритыны шындық.
Халық тұрмысында балаға эстетикалық тәрбие беру жөнінде мол тәжірибелер жинақталған. Эстетикалық тәрбиенің маңыздылығы жөнінде (Ұзақбаева С.А, Әлмұхамбетов Б.Ә, Левченко Т.А,, Асанова Ұ.О, Қозыбаев Е.Ш) көптеген зерттеуші ғалымдар еңбек жазды. Олардың пайымдауынша халық педагогикасы материалдарын пайдалана отырып, оқушыларға, жастарға эстетикалық тәрбие берудің – тиімдігі зор болмақ. Расында, эстетикалық тәрбие деп ғылыми-педагогикалық тұрғыда анықтама бергенімізбен, практика жүзінде оның саласы күрделеніп кететіні заңды нәрсе.
Бұо орайда эстетикалық тәрбиені бірнеше түрге бөліп қарастыру ғылыми айналымда қолдау тауып отыр. Оларға:
-
Халық ауыз әдебиетіндегі ауызекі-поэтикалық шығармалар
-
Ұлттық қол өнер бұйымдары
-
Зергерлік һәм әшекейлік бұйымдар
-
Руналық, тотемдік және мифологиялық таңбалар мен кескіндер
-
Петроглифті таңбалар мен ескерткіштер
-
Ою-өрнектер мен ұлттық айшықтар
-
Архитектуралық ғимараттар мен мазарлардағы айшықтар мен суреттер
-
Халық шығармашылығындағы сурет және бейнелеу өнері
-
Бейнелеу өнерінің түрлері (портрет, натюрморт, кескін, скульптура, бояу сурет, кескін сурет, аппликация т..б.)
-
Қолданбалы өнер туындылары
-
Қазақстандағы бейнелеу өнерінің тарихы
-
Әлем және қазақ халқының суретшілерінің туындылары
Аталмыш ұсынысты одан ары дамыту барысында әдістемелік нұсқау жобасын жасауға болады. Сынып жетекшілері оны өздерінің тәрбие жоспарларына енгізсе, ал әдістемелік бірлестіктер семинар материалдары негізінде пайдаланады. Осы ретте мектеп жанынын «Жас суретші» , «Ұлттық қолөнер», «Зергер», «Дизайн өнері» және басқа үйірме жұмыстарын ұйымдастырған абзал.
Әдебиеттер:
Әлмұхамбетов Б.А.,- Ұлттық бейнелеу өнері арқылы 4-7 сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру, А, 1990
Марьяшев А.Н.,- Наскальные изображения хребта Каратау,А,1977,
Ұзақбаева С.А.,- Тамыры терең тәрбие, А, Білім, 1995, 229 бет
Бабыр-нама., (тарихи деректер)А, 1998 жыл, 258 бет
Ильминский Н.Н.,- Бабур-намэ или записки султана Бабура, СПб, 1904
Сейтен Сауытбековтың бата тілектері
өсиеттерінің тәрбиелік мәні.
Г.Е. Мұқанова.,- «Көкше» университеті
Қазақ халқымыздың ежелгі салт – дәстүрлерінің бірі – бата,тілек, өсиет. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып , жалбарынып ықпал етуге болады» - деп түсінген ата – бабамыз: «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді»- деген ой- пікірді уағыздап, соңынан ерген ұрпағына ықылас білдірген, ақ ниетпен бата беріп,тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.
Мысалы фольклорист- этнограф ғалымдардың бірі А.В.Васильев өзінің 1905 жылы Орынборда шығарған «Образцы киргизской народной словестности, молитвенных благожеланий- бата сөз» - деген еңбегінде:
»Кімде-кім қазақ даласында болса ол батаның халықтың қандай екекше назарында болатынын жақсы біледі.»
«Бата қазақ поэзиясының ерекше түрі, онда бата беруші адамның үй- иесіне деген шын жүректі жарып шыққан ықылас- пейілі, ақ- ниеті, алладан тілер тілегі поэзиялық өлең түрінде ақтарылады»- дейді.Батаның қандай жағдайда кімдерге арнала айтылатынын, олардың мазмұнын, түрі жағынан бір- біріне ұқсамайтын ерекшеліктерін талдайды.
Олай болса Сейтен Сауытбековтың – қазақ халқының ұлттық дәстүрі,салт- санасы, бата- тілектері, өсиет- ниеттері жөнінде жазған еңбектерінің маңызы зор. Соңғы уақыттары ол кісінің еңбегі тереңірек зерттеліп, жинақталып – насихатталуда.Ол кісінің Көкшетау университеті баспаханасынан шыққан «Тағылым тегі»,»Поэмалар, өсиеттер», «Үлес»,»Ақазу арлан» еңбектерінің бүгінгі білім беру мамандарымен балалар үшін тәлім- тәрбиелік маңызы өте зор.
Сейтен Сауытбековтың баталарына көз жүгіртсең олар өмірдің түрлі жағдайларына арналған.Мысалы:»Дастархан» батасы,»Соғым»батасы,»Көш- қон» батасы,»Жас- жұбайларға»бата,»Қонақасы»батасы,»Сәбиге»арналған баталар.
Қазіргі жастарымыздың, тіпті елуді еңсерген ел ағаларымыздың үлкен жиын- тойларда бата бере алмай қиналып, қысылып жатқанын байқаймыз.Бұл әрине - тәрбиенің кемшілігі.Бата, тілек, өсиеттердің кеңінен насихатталуы.
Ол үшін халқымыздың ұлы ойшылдары мен азаматтары, жыраулары мен билері айтқан өсиет – тілек, бата- ниеттері кеңінен баспасөз, телехабарларда насихаттап, оны жинақтап көптеп жарыққа шығарса, нұр үстіне нұр болар еді.
Солардың бірі- Сейтен атамыз. Олай болса сол кісінің бірнеше баталарына тоқтала кетсек.Мысалы:»Дастархан»батасы:
Тәңірі жарылқасын!
Кімді жарылқаса,
Соның жағында қылсын!
Жаманның алдында қылсын!
Жортқанда жолың болсын!
Жолдасың қызыр болсын!
Адассаң жолға салып жүрсін,
Сүріндірмей алып жүрсін
Я,Тәңірі-Құдірет,
Мал- бастарын аман ет!
Басына бер бақыт,
Асына бер береке!
Өмір жасын ұзақ ет!
Меқынат,Зақыметтенаман ет!
Дұшпанның күнін жаман ет!
Ұрпақтарын асыл ет!
Дүниедегі жақсылықты,
Дәл осы үйге нәсіп ет!
Сондай-ақ,»соғым»батасының да тәрбиелік мәні зор.Қазақ халқының жақсы бір дәстүрі бар екені жастар санасына сіңеді.Ағайын- туыстық келіп»Соғым басына» - «қуырдаққа» жиналып әңгіме- дүкен құруы оларды туыстыққа, мейірімділікке, бірлікке, ынтымаққа шақырады.Соңында ел ағасы өз ақ- тілегін айтып «соғым»иесінің дастарханы басында батасын береді.Соған байланысты Сейтен атамыздың «Соғым» батасынан үзінді келтірсек.
Соғым қайырлы болсын!
Ісің абыройлы болсын!
Қазаның тоқ болсын!
Уайымың жоқ болсын!
Дастарханың кең болсын!
Ұрпағың елмен тең болсын!
Бізге силағанның есесін берсін!
Есенің де тәңірі Бірнешесін берсін!?
Қазақ халқы үшін көші- қонның өзінің де ерекшелігі бар.Елінен көшетін адам ағайын- туыс, Көрші- қолаңның басын қосып «айырылыспақ»беріп,олардың бата- тілегін алған.
Көш-қон батасы.
Көштерің көлікті болсын!
Жолдарың көрікті болсын!
Қоныстарың құтты болсын!
Босағасы мықты болсын!
Ауру сырқаудан аман болыңдар,
Бастарыңа баянды бақ қонсын
Мейірбанды Хақ,сендерге Жақ болсын!
Бұл батадан байқағанымыз адамдар бір- біріне жақсы тілектерін айтып, мейірімділікке, қамқорлыққа жетелейді.
Өмірдің ескірмейтін той- думаны- жас жұбайлардың шаңырақ көтеру тойы.Сейтен атамыздың баталарында бұл тақырып бойынша көптеген нұсқаларын көрсетеді.Тойға тек ішіп-жеу үшін емес, бата естіп, жақсы тілектер айту үшін келеді. Жас жұбайларға берілтін бірнеше баталардың нұсқасы:
Тәңірі жасжұбайларды
Шат өмірмен жарылқасын!
Бақыттары арылмасын!
Қосылып тұрған қос ұлан,
Игілікті алаулы болыңдар!
Халыққа қалаулы болыңдар!
Босағаларың берік болсын,
Білімге ақыл серік болсын!
Дос- жаран үлгі алардай,
Тұрмыста сән- көрік болсын
Бал тілді, нұр жүзді періштелер,
Құтты қолдарына қонсын..
Сондай-ақ бата берер адамға да сын. Батаны- қазақ силы, қадірлі азамат беруін қалайды және бата берілген жерде ішімдіктің болмауының өзі де салауатты өмірге щақырады.
Қонақасы баталары да қазақ халқының құдайы қонақта сыйлай білетін жомарттығын айқындайды. Сейтен атамыздың қонақасы баталарына көз жібертсек:
Бір құдайым оңдасын!
Оң жолына бастасын!
Үйіңді түрлі апаттан,
Құса-қайғыдан сақтасын!
Үміт артқан ұл- қызың,
Ел сенімін ақтасын!
Әулие-әмбилер,
Екі дүниеде шапағат етсін!
Осы тілегіміз Аллаға жетсін!?
Сондай-ақ бата беру,бата алудың да психологиялық мәні ерекше. Адам да жағымды бір ерік- күш жігер пайда болып, өмірге деген сенімділігі артады.
« Бата- тілек құдайдың құлағына шалынбай қоймайды.Ата- ананы ренжіткен ұл- мен қыздың көсегесі көгермейді, жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды»-деп түсінген қазақ халқы»теріс баталарын»сырын түсіндіреді.Бұл жастарды үлкендерді құрметтеп,тыңдап батасын алуға тәрбиелейді.Ал үлкен адамдардың өмір тәжірибесі көп, олар қате жол көрсетпейді.Жастарға бағыт- бағдар береді.
Сейтен Сауытбеков баталарында ыстық ықылас, аталы сөз, ақ тілек ашық айтылған.Жастарды жақсы сөзбен жарылқап еңбекке ынталандыру,отбасы татулығын күшейтуге әсер еткен.
Қортындылай келе Сейтен атамыздың баталарының бала тәрбиесінде,Соның ішінде психологиялық тұрғыдан маңызы зор.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.С:Сауытбеков»Поэмалар,өсиеттер»2003ж
2. Ақазу арлан.,- С.Сауытбеков, Көкшетау, 2003
3. Тағылым тегі.
К проблеме о вариативности перевода американо-русской деловой и управленческой терминологии и допускаемых в ререводе ошибок
Альжанова Д.М. Институт «Бурабай»
г. Кокшетау
Достарыңызбен бөлісу: |