ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Өлеңде өзің таңдаған мамандығың бар ма екен? Сол мамандық туралы айтып бере аласың ба?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Өзіңне ұнаған бөлігін жаттап ал, мәнерлеп оқы. 2. Бағалау.
№ 72. Тақырыбы: Сурет салғым келмейді. Марат Қабанбай.
Мақсаты: Оқушыны Марат Қабанбайдың «Сурет салғым келмейді» атты әңгімесін оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; жазушының ой түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; адамгершілікке, кешірімшілдікке баулу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталады? (әнші, кәсіпкер, вело- спортшы, геолог, ғалым, ғарышкер, елші). Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасың? ... Өлеңде Күләш пен Әміре депкімдерді айтып отыр? (Әнші Күләш Байсейтова, Әміре Қашаубаев туралы).
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қандай мамандықтар жайлы білесің? Саған ұнағаны?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ: Марат Қабанбайдың «Сурет салғым келмейді» атты әңгімесіндегі Ержанның неге сурет салғысы келмегенін оқып білейік. Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып оқу. Әр азат жолдың мағынасын жеке түсіндіріп айту арқылы талдау. Әңгімеде аты аталған суретшілер туралы естуің бар ма?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Мұғалімнің оқушыларға ана жөнінде айтқан әңгімесін, яғни сабаққа арналған кіріспе сөзін тауып оқы. (Біз, әдетте, планетамызды Жер-Ана деп қастерлейміз. ...). 2. Анаға арнап сурет салған атақты Суретшілердің атын дәптеріңе жазып ал. (Нефертити, Леонардо да Винчи, Рафаэль, Қанафия Телжанов).
ҮІІ. Қорыту. Әңгіме соңындағы Салауат ағайдың сұрағына жауап іздеп, шығарманы өз ойыңмен аяқта.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп оқу, әңгімелеу. Өз анаңның суретін салып көр.
№ 73. Тақырыбы: Үйрену. Әбдірахман Асылбеков.
Мақсаты: Оқушыны Әбдірахман Асылбековтің «Үйрену» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Ержан неге сурет салғысы келмеді? Мәтіннен қандай суретшілердің атын білдік? Неге Салауат ағай сасып қалды?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Әңгімені қалай аяқтар едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер мектепке келгеннен кейін неге үйрендіңдер? Әңгімелеп беріңдерші.
Ү. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабақта Әбдірахман Асылбековтің «Үйрену» атты өлеңінен нені үйренуге болатынын білеміз. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Адам табиғаттағы жан-жануарларға, табиғат құбылыстарына қарап, қандай өнерлер үйреніпті? (инелікке – тікұшақты, балыққа – сүңгуір қайықты, жирафқа – кранды, ақ құманның қақпағыныңбүлкілдеуі – паравоз, бұлбұлға қарап – ән салуды. Аяздың суретіне – өрнек салуды).
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Тағы қандай заттар мен құбылыстарға қарап нелерді жасауға болады? Мына үлгілік сызба бойынша оны дәптеріңе толықтырып жаз.
Неге қарап нені жасаған?
инелікке – тікұшақты
балыққа – сүңгуір қайықты
жирафқа – кранды
ҮІІ. Қорыту. Осы өлеңді оқығаннан кейін сенің өзің қандай затты жасауды, үйренуді армандадың? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу. 2. Бағалау.
№ 74. Тақырыбы: Мазмұндама. Береген қолым – алаған.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: өз бетінше жазбаша жұмыс. Көрнекілігі: мәтін, дәптер..
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. ІІІ. Кіріспе: жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкерлерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;
-
Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Береген қолым – алаған.
Халқымыз мырза, жомарт адамды қадірлеген. Әдетте мұндай адам көпшілікпен араласқыш, өзгеге көмектескіш келеді. Қолындағы барын аямайды. Ондай адамды халық та жақсы көреді. Оның басына қиындық түссе, халық болып оған көмектеседі. Осындай жағдайды сипаттағанда халық «Береген қолым – алаған» дейді.
Керісінше, өзімен-өзі бұйығы жүретін, адамдармен араласуды білмейтін, тек өз жағдайын ойлайтын сараң жандарды ел қадір тұтпай, «Қой, одан ештеңе шықпайды» дейді.
Фариза Оңғарсынова.
Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: «Береген қолым – алаған», мырза, жомарт, бұйығы жүретін, сараң жандарды, «Қой, одан ештеңе шықпайды».
Мазмұндау жоспары: Халық қадірлеген адам. Береген қолым алаған. Сараң жан елге қадірсіз.
ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта біз не істедік? Не жайлы жаздық? Мәтін неге «Береген қолым – алаған» деп аталыпты? Қалай ойлайсың сен қандай адамсың?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Өткенді қайталау.
№ 75. Тақырыбы: Ғажайып сәуле. Медеу Сәрсеке.
Мақсаты: Әңгімедегі жазушының айтайын деген негізгі ойын ашу; шығармадағы деректерді салыстыра отырып талдауға дағдыландыру; түсініп оқуға, қиялдай білуге баулу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, жинақтау.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. «Көрінбейтін адам» фильмінен үзінді көрсету немесе оның ғажайып қасиетімен қысқаша таныстыру.
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Медеу Сәрсеке – фантастикалық әңгімелерді көп жазған жазушы. Фантастикалық әңгімелерде көбінесе алыс планеталардағы бізге беймәлім тіршілік иелері туралы неше түрлі ғажайып сырлар шертеді. Фантастикалық шығарма – қиялдан шығарып жазылатын туынды. Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен танысу. Түсініп оқу. Әңгімеде «Нейрон» сәулесі адам өміріне қауіпті деп ойлайсыңдар ма?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: талдауды сызба бойынша салыстыра отырыпжүргізуге де болады. Дайын сызба оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Көрінбейтін адам мен нейтрон сәулесінің ерекшеліктерін жазады.
Көрінбейтін адам
|
Нейтрон
|
Герберт Уэлс
|
Джеймс Чедвик
|
Адам көзге көрінбейді
|
Сәуле
|
Геометриялық дененің барлық қасиетіне ие
|
Көзге көрінбейді
|
Көрінбесе де әр түрлі әрекеттер жасай алады
|
Бітеу ыдыста сақтай алмайды
|
Жазушы қиялы
|
Элементтің заряды жоқ, кез келген денені тесіп өтеді
|
2. «Көрінбейтін адам» жайлы не білесің? Киносын көргендерің бар ма? Жазушы оның қандай қасиетін ерекше әңгімелейді? Нейтрон бөлшектерінің көрінбейтін адаммен қандай ұқсастығы бар екен? Оны кім ойлап тауыпты? Атом бомбасынан зардап шеккен қандай елдерді білесіңдер? Біздің еліміздің қай өңірінде атом сынақтары жүргізілді? Атом электр станциялары туралы естігенің бар ма? 3. Әңгімеге сүйеніп, «көрінбейтін адамның» бойындағы ерекше қасиеттерін толықтырып жаз.
Қандай?
салмағы бар
көрінбейтін адам жұмыс істерлік қабілеті бар
үнін естуге болады киген киімінде көруге болады
ҮІІ. Қорыту. 1. Жапониядағы «Фукусима - 1» атом электр станциясындағы жарылыс жайлы не білесің? Оның табиғатқа, адамзат тіршілігіне қандай әсері бар? 2. «Егер мен көрінбейтін адамға айналсам ...» деген тақырыпта қиял-ғажайып әңгіме жаз.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, 2. Бағалау.
№ 76. Тақырыбы: Үлек. Мамытбек Қалдыбаев.
Мақсаты: Оқушыны Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» атты әңгімені түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлігін тексеру.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Көрінбейтін адам» жайлы не білесің? Киносын көргендерің бар ма? Жазушы оның қандай қасиетін ерекше әңгімелейді? Нейтрон бөлшектерінің көрінбейтін адаммен қандай ұқсастығы бар екен? Оны кім ойлап тауыпты? Атом бомбасынан зардап шеккен қандай елдерді білесіңдер? Біздің еліміздің қай өңірінде атом сынақтары жүргізілді? Атом электр станциялары туралы естігенің бар ма?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен көрінбейтін адам болсаң не істер едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Үлек деген не? Естуің бар ма? Түйенің қандай түрлері бар?
Жаңа сабақ: 1.Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» атты әңгімесін түсініп оқып көрелік, мүмкін осы сұрақтарға жауап таба алармыз?! 2.Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып тізбектей оқу. 3. Сөздік жұмыс.Үлек – нардың бурасы( сыңар өркеш түйені «нар» дейді. 4. Есіңде болсын:
Көркем шығармада кездесетін адамның сыртқы түрін, кескін-келбетін,
жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейді.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Үлек дегеніміз не? Мәтінге сүйеніп, оған сипаттама бер. Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды? Балалар неден, неге қатты қорықты? Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді? 2. а)Әңгімедегі жер аттары мен түйе жейтін шөптердің аттарын жазып ал. (Бозоба, Сарапан, Тасқұдық – жердің аты; изен, жусан, сар шөптердің аты). ә). Үлекке сипаттама жаз. (Үлек – нардың бурасы. Ол сыңар өркешті...). б) Әңгімедегі Мүлкібай атаның портретін көрсететін тіркестерді теріп жаз. (Қоржиған кішкентай, кішкентай ап-арық, кіп – кішкентай ап – арық ).
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Әңгіменің ең соңғы сөйлемінен қандай қорытынды айтуға болады? ( - Иесіне кім бағынбайды, - деді.) ???
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, осыған ұқсас оқиға болса ата-әжелеріңнен сұрап біліп кел. 2. Бағалау.
№ 77. Тақырыбы: Ана құшағында. Ғабит Мүсірепов.
Мақсаты: Оқушыны Ғабит Мүсіреповтың «Ана құшағында» атты романнан үзіндіні түсініп оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету; өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту;
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. (оқушыларды топқа бөліп, қима қағаздар тарату арқылы бөліктерге бөліп сұрау). Үлек дегеніміз не? Мәтінге сүйеніп, оған сипаттама бер. Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды? Балалар неден, неге қатты қорықты? Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгіменің ең соңғы сөйлемінен қандай қорытынды шығардың? Тағы не қосарың бар?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің араларыңда оқығысы келмеген балалар бар ма екен? Ал, оқығысы келетіндер ше? Ғабит Мүсірепов жайлы не білеміз?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Ғабит Мүсірепов – қазақтың аса көрнекті жазушысы (1902 – 1985). Оның «Тұтқын қыз», «Қазақ солдаты» атты еңбектері бар. Алматы қаласында ол кісіге арналған ескерткіш бар. Қазақ жастарына қалдырған өсиет сөзі де бар. «Құрметтейік, бас иейік адам баласының мәңгілік ортақ бесігі – Жер - Анамызға». Олай болса, мына әлсіз дауыс неге шырылдап шықты екен?! «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің?...» Осы Қайроштың қайда кетіп қалғанын анықтау үшін әңгімені түсініп оқып көрелік. Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып оқу. Теріп оқу. Мәтіннің өзекті түйінін табу. Анасының Қайрошты құшақтаған сәтін тауып оқы.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Анасы Қайрошты қайда іздеп келді? Қайроштың досының аты кім? (Шеген) Оның атын әңгіменің қай жерінде кездестіресің? (Әңгіменің басында ... тізесіне сорпа шашырағанда; ... Анасы кеткенде Қайроштың көзінен жас шыққанда.) Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады? Мариям апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың? 2. Қайроштың анасына мына үлгі бойынша сипаттама жаз.
Қандай? Қайроштың анасы.
киімі үлкен жаулығы, көк шұбар кең көйлегі
мінезі мейрімді, ақылды, сөзге тоқтайтын адам
сөйлеген сөзі даусы әлсіз, нақты
ҮІІ. Қорыту. Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады? Егер сен Қайроштың орнында болсаң, не істер едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу, өз анаң туралы не айтар едің? 2. Бағалау.
№ 78. Тақырыбы: Қолғабыс. Мәдіхат Төрежанов.
Мақсаты: Оқушыны Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» атты әңгімесін түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, ссбаққа зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. (оқушыларды топқа бөліп, қима қағаздар тарату арқылы бөліктерге бөліп сұрау). Анасы Қайрошты қайда іздеп келді? Қайроштың досының аты кім? (Шеген) Оның атын әңгіменің қай жерінде кездестіресің? Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады? Мариям апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің анаңа деген сезімің қандай? Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Тақтадағы суретке қарап не айтар едің? (еңбек еткен балалар жайлы суреттер). Мәдіхат Төрежановтың қандай әңгімелерімен таныспыз? Қәне, кім есіне түсіреді? («Бұлбұлдың әні, « Өз ізі»)
Ү. Жаңа сабақ: Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» атты әңгімесін түсініп оқып көрелік. Оқулықпен жұмыс. Дұрыс, түсініп, жалғастырып оқу. Сөздік жұмыс. Бидайық – көп жылдық (астық тұқымдас) жабайы өсімдік. Арғын мен атасының арасындағы диалог сөзді тауып оқы. Диалог деп нені айтамыз?
Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлеуін диалог деп атайды.
Атасының немересіне риза болған сөзін тауып оқы.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Оқушыларды екі топқа бөліп, мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, мына сөзжұмбақты шешу. І топ.
-
Атасы қымызды қандай ыдысқа құйып алды? (торсыққа)
-
Арғын мен атасы қайда келді? (Көктомарға)
-
Атасы таза ауада демалғанды неге ұқсатады? (қыранға)
-
Атасы шөп шабуға дайындалып, нені шыңдайды? (шалғы)
-
Арғын атасынан не сұрап ішті? (қымыз) (тоқым)
ІІ топ.
-
Арғын атасына не жасайын деп ниет білдірді? (қолғабыс)
-
Атасы Арғынға не ұстатты? (тырнауыш)
-
Атасы шөпті немен шапты? (шалғы)
-
Шөпті неге тиеді? (арба)
-
Арғынның әкесі қол шалғымен шөп шаба білуді не дейді? (өнер). (қағар)
ҮІІ. Қорыту. Сонымен, «Тоқым қағар» деген сөз шықты. Осы шыққан сөзді қалай түсінесің? Ол нені білдіреді? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
№ 79. Тақырыбы: Түнгі сәуле. Сәкен Жүнісов.
Мақсаты: Оқушыны Сәкен Жүнісовтың «Түнгі сәуле» атты әңгімесін дұрыс, түсініп, жалғастырып оқуға үйрету; әңгіменің негізгі түйінін, яғни Жеңіс пен Бауыржанның ерлік азаматтығы жайлы айта отырып өзекті мәселені ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» атты әңгімесінде не жайлы әңгімеленеді? Атасы қымызды қандай ыдысқа құйып алды? Арғын мен атасы қайда келді? (Көктомарға). Атасы таза ауада демалғанды неге ұқсатады? (қыранға). Атасы шөп шабуға дайындалып, нені шыңдайды? (шалғы). Арғын атасынан не сұрап ішті? (қымыз). (тоқым). Арғын атасына не жасайын деп ниет білдірді? (қолғабыс). Атасы Арғынға не ұстатты? (тырнауыш). Атасы шөпті немен шапты? (шалғы). Шөпті неге тиеді? (арба).
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: («Тоқым қағар») Не деген сөз шықты. Осы шыққан сөзді қалай түсінесің? Ол нені білдіреді?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ: 1. кіріспе: Сәкен Жүнісов – қазақтың көрнекті жазушыларының бірі. Жазушының «Аманай мен Заманай» романы бойынша көркем фильм түсірілген. Сол шығармадан келтірілген «Түнгі сәуле» әңгімесі өздеріңдей балалардың басынан кешкен қызықты оқиғалары туралы айтылады. 2. оқулықпен жұмыс: мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Әр азат жолға тоқталып, оқушы өзі оқығаны жайлы түсінік беріп отырады. 3. Сөздік жұмыс: Күпшек – дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі. 4. Жапар неге мазасызданып, ашуланып жүр? Жеңіс пен Бауыржан кімге көмектесті? Егер Жеңіс машинаға ескерту жасамағанда не болар еді деп ойлайсың?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Бауыржанның қараңғыда жалғыз қалып, қатты қорыққан тұсын тауып оқы. (Жаңа ғана екеуі жүргенде батыл жүрген, тіпті көңілінде ...). Қалай ойлайсың, балалар өздері қорқып жүріп өзге адамдарға жақсылық жасағаны, саған қандай әсер етті? Сен не істер едің? Әңгімені өз ойыңмен аяқта.
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Берілген жоспарды мәтін мазмұны бойынша ретке келтіріп жаз.
-
Бауыржанның қорқуы. (2)
-
Балалардың адасқан машинаға көмектесуі. (3)
-
Ата – анасының қобалжуы. (1)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
№ 80. Тақырыбы: Мен не үйрендім?
Мақсаты: Оқушылардың «Өшпес өмір өнегелері» атты бөлімінен алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Жапар неге мазасызданып, ашуланып жүр? Жеңіс пен Бауыржан кімге көмектесті? Егер Жеңіс машинаға ескерту жасамағанда не болар еді деп ойлайсың?
Достарыңызбен бөлісу: |