ТАРАУ ІІІ
АУРУХАНАЛЫҚ ОРТАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Аталған термин – науқас пен медициналық қызметкелерге жаңа ауруды жұқтыру қаупін туындатпайтын қоршаған ортаның болуын білдіреді. Ауруханаға немесе емханаға емделуге келген науқас инфекциялық індет, психологиялық жарақат, дәрілік заттардың немесе емдеудің физикалық әдістерінің жағымсыз әсерінен алшақ болуы тиіс. Сонымен қатар, мейірбике де, дәрігер де, басқа да аурухана қызметкерлері де – кәсіби факторлардың жағымсыз әсерінен сақтайтын жақсы ұйымдастырылған қызметтік ортада болуы тиіс.
Сондықтан, аурухананың қауіпсіз ортасы – персонал мен науқастардың инфекциялық қауіпсіздігі, науқастарды тасымалдаудың қауіпсіз жағдайлары, олардың қозғалыс белсенділігін ерекше режимі, науқас пен персоналдың психикалық қорғанысы, науқастарды және медицина қызметкерлерін психологиялық қорғау түсініктері жиынтығын қамтиды.
Медициналық қызметті ұйымдастырудың бірінші реттік міндеттерінің бірі – инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, аурухана ішілік инфекциялардың өрістеуін болдырмау.
1.1 АІЖ қоздырғыштары және таралу жолдары
Ауруханаішілік (нозокомиалды) жұқпалар (АІЖ) – емдеу-алдын-алу мекемеге медициналық көмекке жүгінуді қажет еткізетін, яғни емдеу, тексерумен байланысты инфекциялық аурулар. Негізгі ауруға қосыла отырып, ауруханаішілік инфекциялар аурудың ағымын және болжамын күрделендіреді. АІЖ өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып саналады. Әр-түрлі нозологиялық формалары табылу кезіндегі өлім-жітім 3,5 -нен 60% -ке дейін болуы мүмкін.
Қазіргі кезде АІЖ-нің пайда болуына себепкер бола алатын 200-ден астам агенттер табылған. АІЖ-нің негізгі қоздырғыштарына: бактериялар, вирустар, санырауқұлақтар, қарапайым және көп жасушалы паразиттер жатады. АІЖ-нің шамамен 90% бактериалды болып келеді. Көбінесе, АІЖ-нің қоздырғыштарына шартты-патогенді микроорганизмдер яғни, стрептококк, стафилококк, көк-іріңді таяқшалар, ішек таяқшалары, сальмонелллар, протейлер жатады. Вирустардың ішінде ең қауіпті В, С және Д гепатитінің вирустары, АИТВ-инфекциялары, цитомегаловирустар, ротавирусты инфекциялар болады.
АІЖ қауіптілігі, оның ем-шараға тұрақты төтеп бере алатын госпитальды штамдардан құралуы. Госпитальды штамм — бұл өзінің генетикалық қасиеттерінің циркуляциясы кезіндегі мутацияға немесе гендердің өзгеру кезіндегі «жабайы» штаммға тән емес қасиеттері пайда болған микроорганизм. Госпитальды штамдар әрбір ауруханада немесе бөлімшеде тек бір штамға тән биологиялық қасиеттердің жиынтығын құрастыруға бейім [6, 11, 14].
АІЖ-ның қоздырғыштары ауалы-тамшылы, ауалы-шаңды, фекальды-оральды, алиментарлы жолдарымен, трансфузионды, трансплацентарлы, нәрестенің туылу жолдарымен өту кезінде, жынысты және басқаша да берілуі мүмкін [7, 32].
Достарыңызбен бөлісу: |