Қорытынды бақылау тапсырмалары:
1. Бақылау жұмысына дайындық.
2. Бақылау тестісіне дайындық.
3. Глоссарийдың түсініктерімен жұмыс істеу.
ІV. Аралық бақылау тест, бақылау жұмысы, тақырыпқа сәйкес тапсырмалар ретінде оқытушының талабы бойынша өткізіледі.
Аттестация қорытындысы бойынша рейтинг балдарды анықтау:
Дұрыс жауап бергендегі %-тік көрсеткіш
|
Бағалау
|
55-60
|
5 (өте жақсы)
|
45-54
|
4 (жақсы)
|
30-44
|
3 (қанағат.)
|
0-29
|
2 (қанағатсыз.)
|
Бағалау жүйесінде әріптік таңбаларды қолдану:
Балдар(%)
|
Бағаның әріптік жүйесі
|
Балдың
цифырлық
баламасы
|
Баға
|
95-100
90-94
|
А
А-
|
4.0 3.67
|
Өте жақсы
|
85-89
80-84
75-79
|
В+
В
В-
|
3.33
3.0
2.67
|
Жақсы
|
70-74
65-69
60-64
55-59
50-54
|
С+
С
С-
|
2.33
2.0
1.67
1.33
1.0
|
Қанағаттанарлық
|
0-49
|
Ғ
|
0
|
Қанагаттанарлықсыз
|
9. Курсты оқытудың талаптары
Студент ЖОО оқып жүрген кезінде төмендегідей талаптарды орындауға міндетті:
-Сабаққа кешікпей қатысу.
-Сабақ үстінде сағыз шайнауға болмайды.
-Сабақ үстінде газет-журнал оқымау.
-Сабақ үстінде айнаға қарамау. (қыз балалар)
-Сабақ үстінде артық сөйлемеу.
-Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру.
-Сабаққа тиісті киіммен келу.
-Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу.(сабақтан тыс уақытта)
-Берілген тапсырма орындалмаса, қорытынды балыңыз кемиді.
-Оқу процесіне белсенді қатысу.
-Бағалау саясаты обьективтік принциптерді икемді жоғары саралауда негізделеді.
-Әрбір сабаққа міндетті дайындық:
-Берілген тапсырмаларды оқып меңгеру.
-Барлық тапсырмалар уақытылы қойылған мерзімінде орындалуға тиіс.
Бақылау түрі мен формасына қарай балл қою:
1 ескерту. Семестр қорытындысы бойынша тиісті баға алып, 30 балл жинаған студент емтиханға жіберіледі. Емтихандағы тиісті баға 20 балл.
2 ескерту. Қалдырылған практикалық сабақтар орындалған жұмысты қорғау арқылы өтеледі.
10. Оқу барысында қолданылған сөздіктер мен анықтамалар
Диаспора – ұлттың бір бөлігі
Диаспорология –өз елінен шалғай жерде ұлттың бір бөлігін зерттейтін ғылым
Ирредента – шекара бөлінген кезде, басқа мемлекеттің құрамында қалып қойған ұлттың бір бөлігі.
Миграция – көші-қон
Иммиграция – басқа елден келіп қоныстану
Эмиграция – басқа елге қоныстану
11. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
а) негізгі әдебиет
-
Ислам Қабышұлы. Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980, 18 б.
-
Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.
-
Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.
Семей – Баян-Өлгей. 2009.
-
Қиянатұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995.
-
Сарай А. Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтары.
Өлгий-1992. 36-бетте.
-
Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.
-
Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,
2007.
-
Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1993.
-
А.Сарай - Революциядан бұрынғы қазақ халқы. Баян-Өлгий, 1991, 4 б.
ә) қосымша әдебиет
-
Қабышұлы И. “Құпия шежіренің” құпиясы. \Егемен Қазақстан, 2007,
-
20 желтоқсан.
-
Күзембайұлы А., Әбіл Е. История Казахстана. С-П, 2004. 7-е изд.
-
Назарбаев Н.Ә. Құшағымыз бауырларға айқара ашық. Мына кітапта: // Дүниежүзі
-
қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.
-
С.Мұқанов. Қытайға саяхат. // Жұлдыз. – 1959 - №5.
-
Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в
-
ХVІІ-ХІХ вв. Алма-Ата. 1959.
-
Тортаева Ә. Шығыс Түркістан қазақтары. // Қазақ тарихы. –
-
1998, №1.
-
М.Тәтімов. Ауылдағы демографиялық ахуал. А.,1990, 64 бет.
-
Омарбеков Т. Голощекин Қазақстанда. \Лениншіл жас. 1990, 5 тамыз.
-
М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді? А.,1993.
-
Тәтімов М. Ауылдағы демографиялық ахуал. А.,1990, 64 б.
-
Тәтімов М. Демография және халықтану. \\ Қазақ тарихы. 2004, № 6.
-
Қозғанбаева Г.Б. Қазақ диаспорасы қашан, қалай пайда болды?// Қазақ тарихы,
-
1995. №4, 43-49 б.
-
Шәрбақынұлы З. Киелі қанның тамшысы. Көкшетау,2005.
-
Мауқараұлы А. Қызыл қырғын.// Ақиқат, 1994, №9.
-
Сәмитұлы Ж. Алтайда неше Оспан болған? Қазақ тарихы. 1995, №4.
-
Қайратұлы Б. Даланың соңғы нояны. “Егемен Қазақстан”,
-
2008, 22-наурыз.
-
Төлепберген М. Шетелдегі қазақтар: тіл және ақпарат.
-
\Егемен Қазақстан, 2006 жыл 7-қазан.
-
Кәмалашұлы Б. Малды сетерлеу. "Қазақ елі", 1996, 20 қыркүйек.
-
Мауқараұлы А. Көшпенді керейлер. Шалқар, 1994.
-
57. Тынышбаев М. Қазақ халқы тарихынан мәліметтер. Алматы, 1990.
-
Есімов Қ. Қазақстан тарихы деректануы - Қарағанды, 1999.
-
Күзембайұлы А., Әбіл Е. История Казахстана. С-П, 2004. 7-е изд.
-
Ә.Марғұлан. Тамғалы тас жазуы \\ Жұлдыз, 1984. №1.
-
Қозыбаев М.Қ. Ата тарихы туралы сыр (Қазақ халқының тағдыры хақында). Бұлда
-
сонда, 22-42 бб.
-
Қайдаров Ә. Ана тілі азбасын, атамекен тозбасын. Бұлда сонда, 71-83 бб.
-
Сартаев С. Қуат күшіміз бірлікте. Бұл да сонда, 43-56 б.
-
Таңжарық, Т. Алыстағы алаң жұрт. // Қазақ әдебиеті.- 2008.- № 13 .- 7 б.
12. Лекция материалдары
Кіріспе
Қазақ диаспорасының шығу тарихы мен қазіргі кездегі дамуы жайлы еңбектерді сараптай келе, зерттеу мағлұматтарын тарихи-географиялық мәселелер бойынша 6 кезеңге бөлуге болады:
1 кезең - Орыс және шетел географтарының мағлұматтары жатады. Олардың еңбектерінде шығыс мемлекеттерінде тұрған қазақтар жайлы мәліметтер алуға болады.
2 кезең - Кеңес ғалымдарының жұмыстары жатады. Олардың еңбектерінде қазақ тарихының тек жекелеген жағдайлары қарастырылған.
3 кезең - 1950-1960 жылдардағы, яғни Синьцзянеде, Тибетте, Үндістан жөне Пакістан мемлекеттеріндегі қайғылы оқиғалардан кейін Батыс ғалымдарының ғылыми ізденістері жатады.
4 кезең - Қазақ зиялылырымен жазылған зерттеулер мен өлеңдер жатады. Бұл өлеңдер мен зерттеулердің мәні Шығыс Түркістанның (Синьцзянь) саяси казақ қашқындары үшін өте құнды.
5 кезең - Батыс тарихшыларының, этнологтарының монографиялық зерттеулерін жатқызуға болады. Бұл зерттеулерде 1970-1990 жылдардағы Қытай, Түркия, Швеция мемлекеттеріндегі қазақ қоғамының тарихы мен даму жағдайы жазылған.
6 кезең - Қазақ ғалымдарының - тарихшылардың, философтардың, демографтардың, әлеуметтанушылардың еңбектері жатады.
Енді нақтылай шетелдегі қазақ ирредентаса мен диаспорасының қалыптасу тарихына тоқталсақ. 16-19 ғасырдағы Орта Азияда болған тарихи жағдайлар қазақ ирредентасының қалыптасу үрдісінде негізгі рөлді атқарады. 16-19 ғасырдағы қазақ ирредентасының қалыптасуы бірнеше кезеңдермен сипатталады.
Қазақ ирредентасынаң қалыптасуының бірінші кезеңі 16 ғ.басы - 18 ғ. аралығын қамтиды. Бүл кезеңге қазақ-ойрат соғысы жатқызылады. Бүл қанды соғыста қазақ халқынан Жетісу, Тарбағатай аудандарындағы жерлер тартып алынған болатын. Осының кесірінен ортаңғы және ұлы жүз қазақтарының үйреншікті көшіп-қону жерлері өзгеріп, Қытайдағы қазақ ирредентасының қалыптасуына себепші болды.
Қазақ ирредентасының Қытайдағы қалыптасуының екінші кезеңі 1757 жылы Циньдардың Жоңғар хандығын талқандауымен байланысты.Осы кезеңде Орта Азия аймағында алғашқы Қытай жасақтары құрылып, Қазақ әскерінің көмегімен Жоңғар хандығын талқандады. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін қазақтар өзіне тиесілі жерін алуға тырысты, бірақта Қытай мемлекеті бұл жерлерді басуда біз жеңімпазбыз деп, қазақтарға жерді беруте бас тартты. Қытай әскерімен көптеген қақтығыстардан кейін , қазақтар 1767 жылы Іле мен Моңғолдық Алтай аймағындағы кейбір өздерінің жерлерін қайтарып алды. Ұлы жүздің біраз бөлігі Іле өзенінің аймағына келіп , Қытай императорының хандығын мойындауларына тура келді. Ал, қалған бөлігі 1850 жылға дейін тәуелсіз болып тұрып, кейін Ресей империясының құрамына енді.
Қазақ ирредентасының Қытайда қалыптасуының үшінші кезеңі Ресей-Қытай халықтарының арасында аса құнды құжаттарға: 1860ж. Пекин келісім шарты, 1864ж. Чугучак протаколы, 1870ж. Тарбағатай Демаркациондық протакол, 1879ж. Ливидийск келісім шарты, 1881ж. Петербург келісім шартына қол қоюмен байланысты. Жоғарыда аталған келісім шарттар мен протаколға қол қойылғаинан кейін, бұл аудандардағы қазақ халқы мен жерлері екі мемлекет арасанда, қазақ, халқының пікірімен санаспай, қинаушылық түрде бөлінген болатын.
Қазақстан үшін Столыпин аграрлық реформасының зардаптары, 1916ж. Орталық Азиядағы ұлттық-бостандық алу қозғалысы, 1918ж-1920ж. азаматтық соғыс, Ұжымдастыру кезеңінде орын алған қазақ халқана қарсы ашық геноцид, қазақтардың екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысуы жөне тағы басқа көптеген 20 ғасырдың тарихи оқиғалары қазақ диаспорасынынң дүниежүзінде қалыптасуы мен дамуына әкеліп соқтырды.
Ресей империясындағы жүргізілген Столыпин аграрлық реформасының кері әсері Қазақстан үшін мынада көрінді:1902ж-1973ж. аралығында қазақ халкының саны 8-9% төмендеді немесе 286 мын адам болды. Қазақтардың көп бөлігі Іле және Синьцзяньның кең Алтай аймағына көшіп кетті. 1911ж-Қытайдағы қазақтардың саны 224 мың 900 адамға жетті.
20ғ. қазақтардың Шығыс Түркістанға (Синьцзянь) ірі көшіп-қонуы, 1916ж. Орталық Азиядағы ұлттық-бостандық алу қозғалысы уақытында 300 мыңға жуық қазақтар мен қарғыздар орыс әскерден қашып, орыс-қытай шекарасынан Құлжа мен Қашқар аймағына өтті. Солтүстіктегі Тайчен, оңтүстіктегі Ақсу және батыстағы Қашқар сияқты Түркістанның шекарасындағы облыстары қазақ қашқындарының
орталықтары болып саналды. Бұл облыстарда қазақтардың саны: Алтай
округінде - 100 мыңға жуық, Тарбағатай округінде - 60-70 мың , Іле
округінде - 100 мың. астам адам болды.
1920 ж. кектемінде Орал фронты жойылғаннан кейін, қалған ақгвардияшылар мен кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Каспийден Иранға қашты.
Қазақ диаспорасының қалыптасуының тағы бір кезеңі Қазақстандағы 1928ж-1932ж.,өзінің мәні бойынша қазақ халқына этноцид болып саналатын қинаушылық мен заңсыз ұжымдастыруды өткізу болып саналады. Қазақстандағы бұл үрдіс көптеген адамдардың өлімімен, аман қалғандардың көршілес мемлекеттерге кетуімен сипатталды. 1 млн. 30 мың қазақ Ресей, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркменстан, Қытай, Иран, Ауғаныстанға жер аударды.
1935ж. Ауғаныстанда қазақтар Ханабад округіндегі Ақчи және Андхой аймағында өмір сүрді. «Ауғаныстан Моңғолдары» атты еңбекте Франц ІПурманн : « Ауғаныстандағы қазақтардың көбі КСРО-дан қашқандар болып табылады. 500-ден астам қазақтар, Гератеде қазақ - сарай деп аталатын жерде өмір сүрді. Қазақтардың бүл тобы ұжымдастыру кезеңінде Амудария өзенінен алыс емес жерде орналасқан Қазыл-рабаттан қашып келді»,- деп жазды.
Ұжымдастырудан қазақтар Иранға да қашты. Бұл жерде қазақтар негізінде мемлекеттің солтүстік шығысында тұрды. 1968ж. қазақтардың саны бұнда 400 отбасын құрады.
1930ж-1950ж. Шығыс Түркістанда (Синьцзянь) болған қайғылы оқиға, қазақ диаспорасының әлемде қалыптасуы мен дамуында негізі болып саналады.
1942ж. сәуірінде Британдық Үкімет қазақтарды Равалпиндидің қасындағы Тернава ауылына жүк көліктерімен әкелді. Музаффер Абадед лагерінде басталған жұқпалы аурулар қазақтардың Тернавада да соңынан қалған жоқ. Аурудың кесірінен күн сайын 15-20 адамға дейін көз жұматын. Қашқындардың саны бір жыл көлемінде 3 мыңнан 1,200 адамға дейін қысқарды.
1943ж. наурызында қазақтарға Тернавадан кетуге рұқсат берілді. 450 қазақ Орталық Үндістанда орналасқан Бхопал жеріне кетгі.
2 жыл көлемінде қазақтар Бхопалда тұрды, кейінірек бұл ауданға Қазақбат деген ат берілді. Бхопалда қазақтарға «Қазақ орталығын» ашуға рұқсат берілді.
1944ж. қазақтар топтасып Дели, Калькутта қалаларына көше бастады. 1948ж. қазақтар бұл қалалардан кетуге мәжбүр болып, Пәкістанға - жаңа мұсылмандық мемдекетке кешті.
1950ж-1960ж. бастап қазақ диаспорасы АҚШ, Түркия, Батыс Еуропа мемлекеттерінде білім алу мен еңбек иммиграциясына байланысты қалыптаса бастады.
Сонымен қортындылай келетін болсақ, қазақ ирредентасы мен диаспорасының қалыптасу себептерін 3-ке бөлуге болады:
Бірінші- саяси себептер (18ғ. Қазақ-Ойрат соғысы,18ғ-19ғ. ұлттық-бостандық алу көтерілістері,1916ж. көтеріліс, 1918ж-1920ж азаматтық соғыс, Қазақстандағы ұжымдастыру,1930ж-1950ж. Шығыс Түркістандағы қазақтардың үкіметке қарса күресі, екінші дүниежүзілік соғыс)
Екінші- діни себептер ( Кеңестік кезеңде Мекке және Мәдинаға хадж жасауда қиыншылықтардың туындауы)
Үшінші- экономикалық себептер ( Ресей империясының құрамына енгеннен кейін Қазақстандағы шарушылықтың үйреншікті көшпенді жүйесінің бұзылуы,1960ж-1990ж. аралығындығы Америка және Еуропа мемлекеттеріне еңбек иммиграциясы және т.б.)
Қазіргі таңда қазақ диаспорасының көп бөлігі Қытай (1296000 -1500000 адамға дейін), Өзбекстан (Імлн.660 мьщ), Ресей (Імлн.300 мын.) мемлекеттерінде шоғырланған.
2 лекция. Қазақ халқының Шығыс Түркістанға қоныстану тарихы
ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ға- сырдың басында Манжурия үкіметінің қол астында болып келген моңғолдың да билік жүргізу құқығы болмағанын ескеру керек. ХVІІІ ғасырдың ортасынан бері Алтай өлкесін мекен еткен керей, найман да негізінен қытай заңына бағынып келгенмен, олардың өз ішінде белгілі құқықтық жүйенің жойылмағандығы көп нәрсені аңғартады:
біріншіден – Шыңжан өлкесінде бірнеше ұлттың өкілі тұратындықтан, Ман- журия үкіметінің оларға қандай да бір руаралық заң жүргізуіне негіз болмады, өйткені, қытайда өз ішіндегі ру-тайпаларының ісіне араласпайтыны тағы бар;
екіншіден – 1850-1965 жылдары Қытайда Тайпиндер көтерілісі бол-ды да, осыны ұтымды пайдаланған Шыңжандағы мұсылман халқы Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарының көп жерін басып алып, өз әкім- шілік құқығын жүргізуге мүдделі болды;
үшіншіден – қазақ халқы ислам дінін ұстанады, ал моңғол ішінде сталиндік саясатқа дейін дінге қысымшылық деген болмаған, сондықтан барлық үкім-жар- ғылыр шариғат негізімен жүргізіліп отырды;
Қазақ халқының Шығыс Түркістанға қоныстану тарихы
С.Мұқанов “Тянь-Шаньның теріскей жақ бетіндегі халықтардың басым көпшілігі қазақтар. Олардың алды Қытай өлкесіне Абылай заманында өткен [25]-деп жазған болса, ғалым С.Толыбековтың еңбе-гінде: “Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 1742 жылы Ресей билігіне қарауға наразы болып, өз қарамағындағы елдің біразын алып, Шығыс Түркістанға көшкен [26] - делінген. Бұл орайда қазақтың Моңғолияға қоныстану тарихы Қытайдағы қа-зақтың тарихының жалғасы деуге болады.
Керейдің батыры Жәнібектің де отаршылдық саясатқа наразы бо- лып, өз қарамағындағы халықты ертіп Шығыс Түркістанға көшкен- дігі жайында Ә.Тортаева [27] тың дерек келтіреді. Мұны ғалым И.Қа- бышұлы да жоққа шығармайды: “Ақтабан шұбырындыдан” кейін Ал- тайға ең алдымен абақ керей, сонан кейін ашамайлы керей, артынан найман келді” [28].
Орыс саяхатшысы Г.Е.Грумм-Гржимайло қазақтың Қобда бетіне көшу себебін жер мәселесімен байланыстырады. Өйткені 1850-1965 жылдары Қытайда атақты Тайпиндер көтерілісі болып, ол бүкіл Ганьсу, Шэньси провинциялары мен Шығыс Түркістанды қамтыды. Шыңжандағы мұсылман көтерілісшілері Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарының көп жерін басып алды [32].
Ал Цинь империясы мен Ресейдің саясатында Шығыс Түркістан жері мен оны мекендеген қазақ рулары туралы мәселе көптеген жыл- дарға дейін созылған келісім-шарттардың нәтижесінде шешіліп, қа- зақ тайпалары, соның ішінде керейдің көп бөлігі Батыс Қытай өлке- сінде қалды [33].
Өйткені, Абақ керейдің 1864-1881 жылға дейін қай мемлекетке қа- рауы туралы мәселе 1881 жылы Петербор қаласында Ресей-Қытай ке- лісімі кезінде шешілді. Шығыс Түркістан Маньчжурия үкіметіне қарайтын болды.
1. Алтай өлкесі ұлан-байтақ болғанымен, мал шаруашылығы үшін қолайсыз еді. Сонымен қатар ХІХ ғасырдың басынан Алтай жерінде басталған егіншіліктің тез дамуы мал жайылымының азаюына әкеп соқты.
Осы жағдайлар ХІХ ғасырдың ортасында жергілікті халық пен көшіп-қонып жүрген қазақ арасындағы жер мәселесін ушықтырды. Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысатын болғандықтан, оларға жайылым жер керек болды. Бұл жағдайлардың барлығы қазақ руларының біраз бөлігінің Алтайдан Қобдаға қоныс аударуына әкеп соқты.
2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қытай елінің ішкі саяси жағдайы шиеленісе түсті. Қытайдың аз ұлттарға қарсы жүргізген кер-тартпа саясатының салдарынан жер-жерде ұлт-азаттық қозғалыстар өріс алды. Қазақтың Қобда бетіне қоныстануының тағы бір себебі осы болатын.
3. Қазақ рулары жергілікті Маньчжурия өкіметіне тікелей салық салудан бас тартты. Өйткені, мұсылман діні бойынша бұрыннан қа- лыптасқан салық түрі (зекет, ұшыр) рудың өзіне тән еді.
1930ж-1940ж. аралығында Шығыс Түркістанда қазақтар Қытай үкіметіне қарсы бірнеше көтерілістерге қатысып, 1944ж-1949ж. Іле көтерілісінде негізгі рөлді атқарды. Қазақтар әрқашанда Синьцзяньның саяси өмірінде ерекше орынды алатын, себебі Шығыс Түркістандағы барлық көшпенді халықтардың ішінде қазақтардың саны көп болатын, сондықтан да оларға тиісу қауіпті болды.
«Сһаіпа НапсІЬоок» статистикалық жинақта , 1937ж-1944ж. арасындағы Қытай халқының саны жөнінде былай жазылған, Синьцзяньда 4,360,020 адам тұрады, соның 930,000 адамы қазақтар болды. Ал, 1953ж-1954ж. Бүкіл Қытайлық санақ жүргізу мағлұматтарында Синьцзяньда 509,000 қазақ болғаны анықталды.Сараптай келе, 10 жыл ішінде қазақ халқы 421,000 адамнан айырылды. Бұл қазақ халқына деген этноцидтің болуының жалғасын білдіреді, бірақта енді Қытай аумағында.
Хандығы жоқ халықтың Қытайға қарсы көтерілісі жеңілумен аяқталу салдарынан, 1936ж. 18 мың қазақтардың Барколден Цинхайға миграциясы басталды. 1 мыңға жуық отбасы Баркөлде қалып, Алтайға қайта оралды. 1938ж. 500 қазақ отбасы Моңғолияға кетті және 5 мың қазақ Тибеттен өтіп, Үндістанда қоныстануды шешті.
1940ж. қыркүйегінде 5 мың қазақ Тибетке жетіп, бір жылдан астам уақыт Тибет руларымен соғысты. Тибетте суықтан, аштықтан, қарлы аурудан жөне мейірімсіз тибеттердің оқтарынан 2 мыңға жуық қазақ көз жұмды. Қалған 1000 отбасы немесе 3039 адам 1941жылдың қыркүйегінде Үндістанның шекарасында орналасқан Демчок деген жерге келіп жетті.
3 лекция. Қазақ халқының Батыс Моңғолия жеріне қоныстану тарихы
Тарихшылардың ортақ пікірлері Моңғолиядағы қазақ диаспросының қалыптасуын 2 үлкен кезең деп қарайды. Бірінші кезең – 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығынан ХІХ ғасырдың 70-жылдар аралығы болса, екінші кезең – ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарынан ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейінгі ара-лығы. Алайда, бірінші кезең аралығында абақ керейдің жекелеген рулары Батыс Моңғолия жеріне барып мекендегені болмаса, нақты Қобда (Алтай тауының теріскей беті,) яғни, қазіргі Баян-Өлгей жерін қоныстанғаны екінші кезеңге сәйкес келеді [24]. Бұл жайында С.Мұқанов “Тянь-Шаньның теріскей жақ бетіндегі халықтардың басым көпшілігі қазақтар. Олардың алды Қытай өлкесіне Абылай заманында өткен [25]-деп жазған болса, ғалым С.Толыбековтың еңбе-гінде: “Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 1742 жылы Ресей билігіне қарауға наразы болып, өз қарамағындағы елдің біразын алып, Шығыс Түркістанға көшкен [26] - делінген. Бұл орайда қазақтың Моңғолияға қоныстану тарихы Қытайдағы қа-зақтың тарихының жалғасы деуге болады.
Керейдің батыры Жәнібектің де отаршылдық саясатқа наразы бо- лып, өз қарамағындағы халықты ертіп Шығыс Түркістанға көшкен- дігі жайында Ә.Тортаева [27] тың дерек келтіреді. Мұны ғалым И.Қа- бышұлы да жоққа шығармайды: “Ақтабан шұбырындыдан” кейін Ал- тайға ең алдымен абақ керей, сонан кейін ашамайлы керей, артынан найман келді” [28].
Ал, моңғолдағы қазақ тарихын зерттеген И.Қабышұлы керейді орта жүзден алғаш Қотырақ батыр бастап, соңынан Жәнібек батырдың көшіп барғандығын [29] жазды. Бұл көш Семей жерінен бері өтпей, Алтайдың күнгей бетіне, яғни, Шығыс Түркістан жеріне қоныстан- ған. 1758 жылы Маньчжурия үкіметі Қытайдың көп бөлігін басып ал- ды. Құрамында үйсін, найман, қырғыз, моңғол, ойрат тайпалары бар Шығыс Түркістан да Маньчжурия қарамағына өтті. Маньчжурия Шы- ғыс Түркістанның атын “Жаңа өлке” деп жаңа атауға ауыстырады. Тек 1865 жылы Алтай, Іле, Тарбағатай аймақтарындағы көтерілістен кейін бұл өлке қайтадан бұрынғы Шығыс Түркістан атауына ие бо- лады.
Егер әдеби шығармаларға үңілсек, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Бұқар жыраудың “Керей қайда барасың, Сырдың бойын жебелеп...” [30]- деген наразы толғауы бар.
Орыс ғалымы Г.Потанин Шығыс Түркістан мен Моңғолияның батысына жасаған саяхатында, 1830 жылы Алтайдағы қазақтың ру-ұлыстарын билейтін “төрт биі” болғандығын, олардың – Бейсембі, Бопан, Көкен, Құлыбек атты бүкіл 12 ата абақ керейдің беделді билері [31] екендігін жазды. Осыған қарағанда, қазақ ауылдары ХІХ ғасырда 20-30-жылдарында Алтай тауының Шығысына әбден орнығып алғандығын аңғарамыз.
Орыс саяхатшысы Г.Е.Грумм-Гржимайло қазақтың Қобда бетіне көшу себебін жер мәселесімен байланыстырады. Өйткені 1850-1965 жылдары Қытайда атақты Тайпиндер көтерілісі болып, ол бүкіл Ганьсу, Шэньси провинциялары мен Шығыс Түркістанды қамтыды. Шыңжандағы мұсылман көтерілісшілері Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарының көп жерін басып алды [32].
Ал Цинь империясы мен Ресейдің саясатында Шығыс Түркістан жері мен оны мекендеген қазақ рулары туралы мәселе көптеген жыл- дарға дейін созылған келісім-шарттардың нәтижесінде шешіліп, қа- зақ тайпалары, соның ішінде керейдің көп бөлігі Батыс Қытай өлке- сінде қалды [33].
Өйткені, Абақ керейдің 1864-1881 жылға дейін қай мемлекетке қа- рауы туралы мәселе 1881 жылы Петербор қаласында Ресей-Қытай ке- лісімі кезінде шешілді. Шығыс Түркістан Маньчжурия үкіметіне қарайтын болды.
Жайлау мен қыстау аралығы 200-500 шақырым, ал Цинь еліндегі қазақ үшін әсіресе, малды қыстату өте қиын болғандықтан, 1881 жылдан бұрын, яғни, ХІХ ғасырдың 60-жылдарында олар Алтайдың теріскей бетін келіп мекендей бастаған болатын [34]. Мұны Г.Е. Грумм-Гржимайло да растайды: “Алтайда шын мәнінде жаздай жер таласы, ал қыстай қора мәселесі бір бітпейді” [35]- дейді. Қазақтың екінші рет Батыс Моңғолия жеріне қоныстану кезеңі осылай бастал- ды.
Г.Е.Грумм-Гржимайлоның еңбегінде: “Бастапқыда көшіп барған қазақ ауылдары урьянхайлардан (моңғол ішіндегі ұлыс – Қ.Қ.) Ақсу өзенінің бойындағы жерлерді жалға алып отырды. Бірақ жер дауы күшейіп, екі халық өзара жауласып, ақыры адам шығынына дейін барған кезде, Қытай үкіметі қазақтың нақты көшіп-қонатын жерін белгілеп берді [36]- десе, Г.И.Потанин: “Маньчжурия өкіметі қазақтың Қобда өлкесіне өтіп мекендеуін ұлықсаттаға-нымен, нақты мекендейтін жері туралы анық шешім шығармаған еді” [37] - деп жазады. Бұл орайда Г.И.Потанин еңбегі ғылыми дәлелге негіз болады.
1960 жылдан бастап қазақтың Қобда бетіне қоныстанғандығы туралы түбегейлі зерттеулер жүргізілді. Моңғол мен Қытай арасында 1911 жылға дейін шекара болмағандығын ескере отырып, зерттеулер Ә.Мініс, А.Сарай өз еңбектерінде: “Қазақтың алғашқы легі Алтай тауының теріскей бетіне немесе Қобда өлкесіне 1868-1869 жылдары келген” [38]- деген қорытынды жасады.
1924 жылы шақырылған Моңғол Халық Республикасының алғашқы құрылтайында сөз сөйлеген қазақ өкілі Т.Дәуітбай: “Моңғол жеріне біздің қазақ 60 жылдың алдында келіп мекендеді” [39]- делінген.
Алайда қазақтың Моңғол жерін мекендеуі Цинь империясы үшін тиімсіз болды. Өйткені олардан алатын алым-салық жергілікті үкімет қазынасына түспейтін еді. Г.Е.Грумм-Гржимайло: “Батыс Қытайдағы көтеріліс кезінде қазақтың бір тобы Қыран Ертіс өзенінен өтіп, Ал- тай тауын асып, Бұлғын, Сақсай басына дейінгі урианхай жерін басып алғандығын [40] жазды.
Моңғолияға қоныс аударған қазақтың бір тобы – найман болатын. Бұл туралы тарихшы З.Қинаятұлы: “Олар ХІХ ғасырдың 60-жылдары кереймен бірге Қобда бетіне барған. Найманның Байжігіт пен Бура рулары болса, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқаны үшін жазалаушылардан жәбір көрген Қаракерей найман еді” [41]- дейді.
Қазақ халқының Алтайдан Қобда өлкесіне қоныстануының көп- теген саяси, әлеуметтік-экономикалық себептері болды:
1. Алтай өлкесі ұлан-байтақ болғанымен, мал шаруашылығы үшін қолайсыз еді. Сонымен қатар ХІХ ғасырдың басынан Алтай жерінде басталған егіншіліктің тез дамуы мал жайылымының азаюына әкеп соқты.
Осы жағдайлар ХІХ ғасырдың ортасында жергілікті халық пен көшіп-қонып жүрген қазақ арасындағы жер мәселесін ушықтырды. Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысатын болғандықтан, оларға жайылым жер керек болды. Бұл жағдайлардың барлығы қазақ руларының біраз бөлігінің Алтайдан Қобдаға қоныс аударуына әкеп соқты.
2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қытай елінің ішкі саяси жағдайы шиеленісе түсті. Қытайдың аз ұлттарға қарсы жүргізген кер-тартпа саясатының салдарынан жер-жерде ұлт-азаттық қозғалыстар өріс алды. Қазақтың Қобда бетіне қоныстануының тағы бір себебі осы болатын.
3. Қазақ рулары жергілікті Маньчжурия өкіметіне тікелей салық салудан бас тартты. Өйткені, мұсылман діні бойынша бұрыннан қа- лыптасқан салық түрі (зекет, ұшыр) рудың өзіне тән еді.
ХХ ғасырдың басында Қобдадағы қазақтың мал саны біршама көбейгендігі байқалады. Бұл туралы Г.Е.Грумм-Гржимайло: “1900 жылы керейдің бір отбасында орта есеппен жиырмаға жуық малы болды” [42]- деп жазды.
1911 жылы 200 жыл бойы Маньчжурия билігінде болып келген моңғолдар дербес Боғда (Моңғол) хандығын құрады. Басқа аймақтар секілді Цинь үкіметінің құрамында болып келген Қобда өлкесі Моңғол мемлекетінің құрамына енді. Ал Шығыс Түркістан мен Қобда аралығындағы қазақтың еркін көшіп-қонуына Моңғол үкіметі тарапынан рұқсат берілді. Сондай-ақ, көшіп барған қазақтың да жергілікті моңғол ұлыстары секілді салықты бірдей төлеп тұруға міндетті болды. Қазақ үшін Қытайдың өктем саясатынан гөрі, салық мөлшерін аз төлейтін урианхайдың ортасы тиімді болды. Есесіне моңғолдар тарапынан еркін көші-қонумен қатар, сауда жасауға берген рұқсаты үлкен қолдау болды. Моңғолдағы қазақ арасында орыс саудагерлерінің бірнеше сауда орындары жұмыс істеп тұрғандығы туралы Г.И.Потаниннің [43] еңбегінде бар. Ресеймен шекаралас Сарымсақты жәрмеңкесі жыл сайын желтоқсан айында он күн бойы сауда жасап тұрады.
1920 жылға дейін 1870 қазақ отбасы Моңғолияның батысына қоныс аударды [44]. Егер әр отбасында 4 кісіден болса, Қобда қазағының сол кездегі саны 7480, ал жанұяда 5 адамнан деп есептесек, яғни, он мыңға жуық адам барғандығын білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |