Сақ Қайрат Өмірбайұлы



Дата25.02.2016
өлшемі45.5 Kb.
#20701
Сақ Қайрат Өмірбайұлы.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ф.ғ.к., доцент, ЕҰУ профессоры
АМАНДОСОВ ӘЛЕМІ
Тауман Салықбайұлы Амандосов! Бүткіл қазақ жорналшылар етене таныс, жақын да жылы естілетін есім. Өйткені еліміздің БАҚ өкілдерінің бірнеше буыны ұлағатты ұстаз дәрісін тыңдап, оның маңдай тер, ерең еңбегі сіңген білім ордасы – ҚазМУ-дың жорналшылық факультетінде оқу бақытына ие болды. Бар саналы ғұмырын сарп ет, толағай теңіз ізденістен туған ғылыми-теориялық еңбектері қазіргі таңда құны жоғары, шәкірттерінің қолынан түспейтін асыл дүниелерге айналды.

Ұстаз. Ғалым. Қаламгер. Қайраткер. Амандосовтың төрт тағаны. Айтуға ғана жеңіл, ал тереңіне бойласаңыз шеті жоқ шексіз дария. Сондықтан да ол жайлы сарқып айтпақ тұрмақ, бетінен қалқып баяндаудың өзі біршама ыждағатты ізденуді, моншақтата тер төгуді қажет етеді.

Екінің бірінің қолы жете бермейтін бұл биікті алу, әрине, Тау-ағаға оңай соқпағанын былайғы жұрт жетік біле бермейді. Балалар үйінен бастау алатын шырғалаңға толы өмір жолы оны әбден сынақтан өткізіп барып, шығармашылық атты мәңгілік дүние кілтін қолына ұстатты. Оған келер жылы асқаралы алпыс жыл толғалы тұр. 1942 жылы қазіргі Атырау қаласында шығып тұрған облыстық «Социалистік құрылыс» газетіне әдеби қызметкер болып еңбекке араласқан кезінен былай қарай ол жорналшылықтан бір елі ажырамай, қаламгерлікті өмірлік серігі етті. «Ғалымның хаты өлмейтіндігін» Амандосов шығармашылығы тағы да айқын дәләлдеп берді.

1946 жыл- жиырма бес жастағы Тауман ағаның өміріндегі ең бір шешуші жыл.Осы жылы ол талайлардың биік арманы-атақты ҚазМУ-дің филология факультетінің жорналшылық бөліміне оқуға түсті.Соғыс жаңа аяқталып,елдің тұрмыс-тіршілігі әлі түзеле қоймаған жұпыны кез.Балалар үйінен шыққан шәкіртке оқу оңайға соқпағаны айтпасада түсінікті.Бағына қарай, Қазақстан Компартиясы орталық комитеті жанындағы партия тарихы институтында кіші ғылыми қызметкер атқаратын аудармашылық жұмыс табылып, оқуын еңбекпен ұштастыруына тура келді.Сол кездегі атақты аудармашылар С.Байшев, Ж.Жантурин, Қ.Сағындықовтардың ақыл-кеңесін тыңдап, тәжірибе жинақтап, кеңес жазушыларының бір қатар шығармаларын қазақ тіліне аударуы- талантты аудармашы Амандосовтың алғашқы айтулы табысы еді.Атап айтқанда, С.Л.Лупоновтың «Әлемнің ашылуын», Н.Касильдің «Теңіз қашығындағысын» және А.Сафроновтың «Өкімет» атты пьесасын қазақша сөйлетуі кезінде жоғары бағаланғанын замандас әріптестері жиі айтатын.1950 жылы оқуын үздік дипломмен тәмамдаған жас маманды қасиетті білім ордасы-ҚазМУ аға оқытушы етіп өзіне алып қалуы да тегін емес-ті.Жай оқытушы емес, аға оқытушы... мұндай сенім білдіру сирек кездесетін жағдай-ды.

Тауман Салықбайұлы 1952-54 жылдар аралығында ҚазМУ-дің сырттай оқу жөніндегі проректоры қызметін абыроймен атқарды.Сөйтіп,қазақтың кәсіпқой жорналшыларының ішінен мұндай лауазымға алғаш қол жеткізген талант иесі болып тарихта аты қалды. 1955жылы «Қазақ кеңес әдебиетіндегі халықтар достығы идеясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, бірінші оппененті әлемнің Әуезовінің өзінен Қазақ ССР Ғылым академиясының академигінен бата алды. «Батамен ел көгерер» демекші, ғалым Амандосовтың былай қарайғы табысының кілтін сол қазақ қара сөзінің хас шебері,әулие Әуезовтің батасымен байланысты қарастырған жөн болар.

Ғалымдықты ұстаздықпен ұштастырған,жүректе түйіскен өос арнаны шығармашылықпен ұштаған, сол арқылы еліне қаламгерлікпен қоса танылған Тауағаның қайраткерлік қызметі де көңіл көншітпей қалмайды.Жорналшы Амандосовтың 1958 жылдан 1966 жылға дейін қазақ білімінің қара шаңырағы ҚазМУ-дің филология факультетінің,алдымен, бір жыл деканның орынбасары, одан кейін атандай тоғыз жыл тапжылмай деканы қызметін абыроймен атқаруы –айрықша әспеттеп айтуды қажет ететін елеулі еңбек.1966 жылы Тауман Салықбайұлының ұсынысымен филология факультеті құрамындағы жорналшылық бөлімі негізінде ҚазМУ-де алғаш жорналшылық факультеті ашылды.Ол осы факультетің тұғыш деканы болып сайланып,осынау абыройлы міндетті 1971 жылға дейін үлкен жауапкершілікпен, толымды табыстармен атқарды.1969 жылы факультетте телерадио кафедрасының ашылуына ұйтқы болып, оған жетекшілік жасаса, 1971 жылдан өз ұсынысымен ашылған қазақ жорналшылығы кафедрасының профессоры болып қызмет етті.Ал 1976 жылдан өмірінің соңғы сәтіне дейін замандастары Амандосов кафедрасы атап кеткен жорналшылық шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасының меңгерушісі міндетінде де үлгілі өнеге көрсетті.Осылайша жорналшылықты өмірінің мәні етіп қалап алған Амандосов бар саналы ғұмырын ҚазМУ-дің жорналшылық факультетінің қалыптасып, дамуы жолына арнады.

Ғалым Амандосовтың ғылыми еңбектерін еңсеріп айту да оңай шаруа болмай тұр.Тауман Салықбайұлы-Қазақ кеңес жорналшылығының тарихы мен теориясын және алғашқы публицистерінің шығармашылығын зерттеп,зерделеген, осы бағытта 100 баспа табақтан артық ғылыми еңбек жариялаған қайраткер ғалым-қаламгер.1982 жылы Мәскеуде МГУ-дың профессоры әлемге әйгілі ғалым Ясен Николаевич Засурскийдің жетекшілігімен «Қазақ публицистикасының тарихы, өркендеуі және проблемалары» атты докторлық диссертация қорғап, Қазақстанда жорналшылық теориясы бойынша тұңғыш ғалым докторы, профессор атағын алған сұңғыла ғалым,ардақты ұлт азаматы.Жорналшылық факультеті студенттеріне арнап шығарған «Қазақ кеңес баспасөзінің жанрлары»атты қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтың авторы.Сонымен бірге 11 монографияның, соның ішінде күні бүгінге дейін студент-жорналшыларының қолынан түспейтін «Публицистика-дәуір үні», «Газет жанрлары», «Журналист және өмір» атты айтулы оқу құралдарының иегері.Сондай-ақ әлі маңызын жоя қоймаған «Совет журналистикасының теориясы»оқулығымен шәкірттер алғысына бөленген ардагер ұстаз.

Тауман Салықбайұлы 1970 жылы Ереванда өткен Азия мен Африка елдері жорналшылары симпозиуымына қатысып, қазақ елі атынан жалпақ әлесге сөз арнады. Қазақстан Жорналшылар одағының ІІ,ІІІ,ІҮ,Ү съездерінің делегаты болып сайланып, 1972 жылдан бастап осы одақ басқармасының мүшесі болды. Көп жылдар бойы Жорналшылар одағының ең беделді Алматы бөлімінде жетекшілік етті. Осы ұйым жанынан жорналшылық шеберлік университетін ұйымдастырып, оның ректоры ретінде қазақ жорналшылығының қарыштап дамуына сүбелі үлесін қосты. Совет Индия елдері достығы қоғамының қазақ бөлімі президиуымының мүшесі болған кезінде қайраткерлік тынысының кеңдігін таныта алды. Осы міндет аясында Индия еліне екі рет жолы түсіп, халықтардостығының нығаюына көп еңбегін сіңірді. Жолсапар очерктерінің негізінде жарық көрген «Гималайдың арғы бетінде», «За Гималаями» атты кітабы екі ел достығын жалпақ әлемге жария етті. Осыншама мол ғылыми-ұстаздық қызметі үшін Тауман Салықбайұлы Амандосов «1941-1945 жылдардығы Ұлы Отан соғысы кезіндегі елеулі еңбегі үшін», Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің, КСРО және Қазақстан Жорналшылар Одақтарының мақтау қағаздарымен марапатталады. 1982 жылы Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері атағы берілді.Қазақстан Жорналышылар одағы оның есімімен ең таңдаулы жорналышылық еңбекке сыйлық тағайындады.

Әрине, мұның бәрі Тау тұлғалы аға Амандосовтың ел жоналшылығына, оқу білім саласына, ғылымына қосқан ұшан теңіз еңбегінің өтеуі бола алмасы анық. Есепсіз мо еңбегінің өтеуі артында қалдырған мол мұрасы, жүректеріне нұрынһ сепкен, қаулап , құлпырып өсулеріне нәр берген, бар үмітін соларға арқалатқан шәкірттері. Осы екеу аман тұрғанда Тауағаның аты өшпек емес, даңқы аспандап, асқақтай беретіні хақ.

Тауекеңнің шәкірттері мыңдап саналады.

Ұстаздықты тек білім берумен шектесек, қателескен болар едік. Мұны бір ғана қыры десек, одан басқа да өлшем таразысы болуға тиіс қой. Киім киіс, жүріс- тұрыс, мінез-құлық - бар мәнері, болмысымен шәкірт жанын жаулап, оны адами өмір сүруге баули алатын оқытушы ғана ұстаз атануға әбден лайық. Біз білетін Амандосов сондай жандар қатырынан болатын.

Мұнтаздай таза киіміне қыл түсірмей күтіп киетін, жаны жайсаң ұстазға шәкірттері қызыға қараушы еді. Тұла бойынан тазалықтың, менмендіктің емес, тәкәпарлықтың табы сезілетін ағайымыз аяғын сылтып басып аудиторияға кіргенде отамызға ерекше шуақ қоса енетін. Барлығымыз орнымыздан өре түрегеліп, ұстазға ерекше ықыласымызбен ілтипат көрсетіп жататынбыз. Ол асықпай, аудиторияны сырлы да жырлы жанарымен бір шолып шығып, сонан кейін барып орнынан қарай беттеп, бізге отырыңдар дегендей ишарат ететін. Әр жолы қайталанатын осы бір үнсіз тілдесуден ақ ұстаз бен шәкірт түсіністігінң әсерлі лебі есіп тұратын.

Ағайдың ерекше қасиеті шәкірттерін бір көргеннен ақ танитындығы еді. Ол таныстың сыртқы бет пошымынан ажыраты білумен ғана шектелмейтін. Ішкі жан дүниесін, таланты мен талабын тапжылтпай танитындығымен қауышып жататынды. Бұлда тума дарын иесінің ерекше қасиеті екендігіне енді көзіміз жетіп жүр. М ны жай еріксіз таң қалдырмай қоймайды. Таукең бірінші курс студенттеріне «Жорналышылққа кіріспе» деген пәннен сабақ беретін. Семестр соңында сынақ алатын. Сондағы бағалары шәкірттерінің болашағын айқыгдап қойғандай дәл берілетініне тәнті болмай көріңіз. Ол «өте жақсы» деп жоғары бағалаған балалар бүгінде ел сенімін ақтап жүрген жорналшылар.

Тауеңең менің диплом жұмысымның жетекшісі болды. Бұл 1990 жылдың жазы еді. Арада жетпіс жылдай уақыт салып, ардақты алаш азаматтарының бірінен кейін екіншісі ақталып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгенде, мәре-сәре болып жатқан уақыт. Қайта құру, жариялылықтың лебі есіп, ой санадғы дүбір қоғамдық құбылыстағы қым қиғаш оқиғалармен астасқан тұс.

Осының бәрі Тауекең секілді сыртықы әсерді жан дүниесімен сезініп, жүрегіне жақын қабылдайтын шығармашылық адамдары үшін оңай соқпағаны белгілі. Жетекшім жүрек сырқатымен қалалық кардиология ауруханасына жатып қалды.

Диплом жұмысының тақырыбын «Міржақып Дулатовтың жорналшылық қызметі» деп бекітіп алған болатынмын. Алаш ардақтысының Қазақстан Компариясы орталық комитеті құрған арнайы комиссиясының шешімімен 1989 жылы 28 маусымда толық ақталып шыққаны баршаға аян.Бірақ, бай шығармашылық мұрасы әлі зерттелмек тұрмақ, жинақталып үлгермеген елең-алаң кез тұғын. Қол жеткен мұрағат материалдарымен танысып, сол кездегі А.С.Пушкин атындағы және Ұлттық ғылым академиясының кітапханасының сирек қолжазбалар қорында сақталған ХХ ғасырдың басындағы газет-жорнал тігінділеріндегі жарияланымдарын жинап, өзімізше талдап, диплом жұмысымды жазып бітірдім де, жетекшіме ауруханаға апарып бердім. Бұл жұма күні болатын. Ол толық танысып шығуға үш күн керегін айтып, жетекші пікірі үшін дүйсенбіде келуімді тапсырып шғарып салды.

Келіскен уақытта ауруханадағы Тауекеңнің палатасына кіргенімде жетекшім мені ерекше ықыласпен жылы қарсы алды. Қолыма қалам-қағаз алдым, сосын шеттегі орындықпен үстелді нұсқады. Өзі бөлмені ары –бері кезіп, ұзақ ойланып жүрді де, бір мезгілде жаз дегендей белгі берді:


  • ­Өртенген қара ормандар,- деп бір тоқтады да, тағды ойланып тұрып ,- сыңсыған үн,- деп сөзін жалғады. Бөлмені тағыда үнсіздік басты Ол өз ойымен мен өз ойымен әуре. «Апырмау, пікір деген бұлай жазылмаушы еді ғой» деймін іштей қобалжып. Ол ойымды оқып қойғандай , сөйлемді жалғастыра жазуға ишарат етті де, былай деп іліп әкетті:

  • Алып ұшқан жүрек лүпілі осы жас студентті толғантады, ойландырады. Талай ардақтар, талай данышпандар өртенген тоғайдың қасіретті халін көріп, қайғырады, жанын ауыртады. Сөйтіп, өртенген орманның шалағой жыртық жапырағын қайта көктеуге әрекет етеді, ұмтылады.

Осы сөздеден кейін ол менің арқамнан мейірлене қағып, ағалық ризалық сезімін білдірді де, пікірінің қалған бөлігін тездетіп афтып шықты.

Ал, «өртенген қара ормандар, сыңсыған үн» халқымыздың ұстаз көңілінде шер боп қатқан тағдыры талай тарихының образды көрінісі екендігін кейін ұқтым.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет