Сабақ №1. Морфология, оның объектісі. Негізгі грамматикалық ұғымдар



бет7/11
Дата29.04.2024
өлшемі35.3 Kb.
#500097
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясынан практикалық тапсырмалары

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Мектеп, 1966.

  2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991

  3. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: Білім, 1967. 1 том.

  4. Оразов М. Қазақ тіліндегі қалып етістіктер.-Алматы. 1980.

  5. Қазақ грамматикасы. – Астана.2002.

  6. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы.2005.



Практикалық сабақ №11. Аналитикалық формалы етістіктер.
Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары:

  1. Негізгі және көмекші етістіктер.

  2. Аналитикалық формалы етістік, ол жайлы көзқарастар.

  3. Аналитикалық формант.

  4. Сыпат категориясы және қимылдың фазалары.

  5. Сөйлемдегі аналитикалық формалы етістіктерді ажыратып, форманттарды анықтау.

Антонов қашанғы әдеті бойынша, әр үйдің адамын түгел далаға айдап тастап, барлық үйді өз қарамағына қаратып алды. Бірін әскер жетелеп, енді біреуін артынан итермелеп келеді. Ертеңіне қылмысына мәз болған жазагерлер қорғансыз ауылды қалай қорлағандарына қарқ-қарқ күлісіп, түс ауа аттанып кетті. Бұл өзі ессіз жігіт емес! – деп, Жұман бай ағайынға көңіл айтып отыр. Аз ғана абайлап алды да, қызыл барлаушылар да аттарына мініп, шоқ ағашты беттеріне ұстай, шауып жөнелді. Ағашты жаңғырта, ашық аспанды найзағайдай тіліп, оқтар ағып барады. Шоқ ағашқа жете бергенде бес қызыләскердің біреуі аттан ұшып кетті. Енді ақырындап ағашқа қарай жылжып барады. – Ұш, Жапар, Жоқ, ағаш пана бола ала ма, байғұс балаға, қалыңға апарып жасыр. “Үйшікке, үйшікке!” – деді Нағима, есік алдынан көріп тұрып. Қашқандар да, қуғандар да қара үзіп, көрінбей кетті.
– Орыс пен орыстың арасына осы елден сен ара түсетін болғаның да! – деді де, Жұман үйіне кіріп кетті. Жаралы әскерді арқалап алған Жапар да орманның қалың көлеңкесіне ілегіп, көрінбей кетті. Қазықтай аяғын қаздаңдата басып, Нағимаға қарай Антонов келе жатыр. Екі көз бір-бір қадалысып, екі от бір-бір шарпысып қалғанда, ана кірпігінің бір талы да селт еткен жоқ, Антонов ыза болып кетті. Асыл жігер мен құр өктем күш кездесіп қалып, біріне бірі тізе бүгер емес. Қара-көк жапырақты ақ көйлек қызылға айналып, арқа жағы тілім-тілім болып кетті. Қамшы сарт етіп қалғанда ана көзінен от ұшқыны да жалт етіп қалды. Ана тістері тіл қақпасын тас бекітіп тастапты, қарысып қалған жақтары тісті айқастыра түседі (Ғ.Мүсірепов «Ананың арашасы»).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет