Сабақ 1 Сабақтың тақырыбы Кіріспе. Курстың өзектілігі мен мәні Мақсаты



Дата11.11.2019
өлшемі15.56 Kb.
#447440
түріСабақ
Дінтану кіріспе


Дінтану

Мұғалім

Уақыты:

Сабақ 1

Сабақтың тақырыбы

Кіріспе. Курстың өзектілігі мен мәні

Мақсаты

Оқушыларды діни сауаттылықты ұстай білуге үйрету арқылы адамгершілік және эстетикалық ұстанымдарға дағдыландыру

Күтілетін нәтиже

Ұлттық негізінде құрылған тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың бар мүмкіндіктерін ашып туады, шығармашылық іс-әрекетке талпынысын туғызады

Топқа бөлу

Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу


Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мағынаны тану

 Қазақстанның қазіргі ішкі саясаты рухани-адамгершілік құндылықтардың біртұтас жүйесі негізінде еліміздегі әртүрлі этностар мен діндер арасындағы сыйластық пен толеранттылықты, келісім мен достықты нығайтуға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2018 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІ съезінде: «Қазіргі таңда білім ғана радикализм идеяларының бүкіл көріністеріне қарсы орнықты иммунитет қалыптастырудың негізі болып саналады. Бұл тұрғыда діни білімнің де маңызы орасан зор. Қазір оның платформасын әртүрлі жалған діни ұйымдар белсенді пайдалануда. Сондықтан, әлемдік және дәстүрлі діндер діни құндылықтарды саяси идеологемалардан ажырату жөніндегі жұмыстарды атқара алар еді» деп атап көрсеткен болатын. Сонымен бірге, «Қазақстанда 18 түрлі конфессияның 3,5 мыңнан астам діни субъектілері тіркелген. Осыншама алуан түрлілікке қарамастан, біз ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дін бостандығын қорғаудың тепе-теңдігін сақтай білдік. Біз елімізде конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің көпшілік мойындаған ерекше қазақстандық моделін қалыптастыра алдық. Қазақстан тәжірибесін әлемдік ауқымда да толық қолдануға болады деп сенемін» деген тұжырымы ұсынылып отырған элективті курстың бағытын нақты айқындайды.

Қазіргі таңда діни фактордың әсері – қоғамды дамытудың ішкі үдерісінде нақты күшке айналуда. Осы жағдайда жас ұрпақты жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтар аясында тәрбиелеу, деструктивті діни ағымдар мен қауіпті экстремистік топтардың ықпалынан қорғау маңызды болып отыр. Бұл дегеніміз – еліміздегі дінаралық келісім және түсіністікті сақтау, мемлекеттілікті нығайту мен патриоттық сана-сезімді одан әрі дамыту үшін, дәстүрлі діндер мен халқымыздың ойшылдарының рухани және тарихи-мәдени мұраларына жас ұрпақты тартудың өзектілігін арттыра түседі.

Жамбыл облысы бойынша халық саны 1,1 млн. адамды құрайды. Оның 969,1 мыңы – мұсылмандар, 131,6 мыңы – христиан дінінің, 15,8 мыңы – басқа діни сенімдердің өкілдері болып табылады. Облыс бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен діни бірлестіктер мен филиалдар саны – 342. Оның ішінде, 296 мешіт, 46 христиан бағытындағы діни бірлестіктер мен олардың филиалдары.

Қазақстандағы діни жағдайдың ерекшелігі – діни ағымдардың әр алуандығы. Бұл елімізде ғана емес, жалпы әлемде байқалып отырған құбылыс. 1960-1970 жылдары АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде, Азияның кейбір мемлекеттерінде, 1980 жылдардың ортасында Ресейде пайда болған діни топтар мен қозғалыстарды «секталар», «жаңа діни ағымдар» немесе «дәстүрлі емес культтар», «деструктивті ағымдар», «пайда болған діндер», «конфессиялардан тыс қағидасыз сенімдер», «балама діндер» деп атайды. Бұл діни қозғалыстардың «жаңа» деп аталатын себебі олардың көпшілігі XIX-XX ғасырларда, ал Қазақстанда XX ғасырдың 90 жылдарында пайда болды. Жаңа діни қозғалыстардың дәстүрлі діни сенімдерден айырмашылығы – әлемдік тарихи діндердің ұстанымдарынан басқа жаңа бір діни танымдық жаңалықтар енгізулерінде.

Секталар мен жалған ілімдер дін жүйесінде барлық замандарда пайда болып, өмір сүрген. Секталардың түпкілікті шығу тегі әрбір жаңа діни ағым өзін ерекше қасиетті деп есептеп, құдайдың шынайы тұрпатын білетіндей уағыз жүргізуімен байланысты. Сол адасқан жаңа діни ағымдардың соңына түсіп, қолдайтын, еш күмәнсіз кәміл сенетін жақтаушылары да болған, өйткені адам баласының табиғи болмысына тәкәппарлық пен мойынсұнбаушылық тән. Тарихта секталар мен жаңа діни ағымдардың саны саяси, әлеуметтік, экономикалық себептерге байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың ортасына дейін олардың саны кемісе, бүгінгі таңда жаңа діни ағымдар санының күрт артуының тенденциясын байқауға болады. Жаңа діни ағымдардың ұстанымдары мен қағидалары дәстүрлі діндердің қағидаларына түбегейлі қарама-қайшы келеді. Оған қоса, сектаға кірген адамдар психологиялық ықпалға түскеннен кейін өзінің жеке ойлауы мен санасынан айырылып секта жетекшісіне толықтай тәуелді болады.





7

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет