Бейне сабақты дайындаған:
Нұр - Сұлтан қаласы
№69 мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Тулегенова Шынар Куанышовна
Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпаты
1 сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Зерттеу сұрағы:
- Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпаты қалай өзгерді?
Оқу мақсаты
- Ежелгі адамдардың нәсілдік белгілерін анықтау;
Бағалау критерийі:
Терісі ақшыл, шаштары аздап толқынды немесе тік, мұрындары ұзынша келген шығыңқы. Танаулары тар, еріндері жұқа, ер адамдардың бетінде қалың сақал мен мұрт өседі. Еруопеоидтік нәсілдердің алғашқы шоғырланған аймағы Еуропа мен Азияның кейбір бөліктері болса, қазіргі кезде олар дүниежүзіне кеңінен таралған.
Терісінің түсі қоңырқай немесе ақшыл, қайратты тік болады. Еріндері мен мұрындарының көлемі орташа. Бет пішіні жалпақ бір тегіс, бет сүйегі шығыңқы, көздері қысыңқы болады. Бұл ерекшеліктер аңызақ желмен, қара суықта үсуден қорғауға бейімделген. Бұл нәсілдер Орталық Азияда, Индонезияда және Сібірде таралған.
Терісінің түсі қара қошқыл, шаштары толқын тәрізді немесе бұйра. Мұрындары жалпақ, танаулары кең, еріндері қалың,сақал мұрттары өте сирек. Бұл белгілер ыстық климат жағдайларына бейімделген. Кеңінен таралған аймағы Африка.
Андроновтық тұрпат
Андроновтық тұрпаттың белгілерін В.П.Алексеев сипаттаған. Олардың бас сүйегі үлкен, беті дөңгелек, мұрыны көтеріңкі келеді. Андроновтық археологиялық ескерткіштер Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстан аумақтарында көп кездеседі. Кейбір ғалымдардың пікірінше, бүгінгі күнгі қазақтардың тұрпатында қола дәуірі тайпаларының 30% антропологиялық белгілер сақталған
Жаңа сөздер:
(сипаттамасын жаз)
- Антропологиялық тип
- Монголоидтық
- Еуропеоидтық
- Андроновтық тұрпат
- Генетикалық байланыс
Кестені толтыр:
Нәсілдер
|
Сипаттамасы
|
Еуропеоидтық
| |
Монголоидтық
| |
Негроидтық
| |
Кері байланыс: /Картамен жұмыс/
Картаға өзің саяхаттап барғың келетін материкке белгіле.
Яғни, нәсілдердің орналасу аймағын таңдау арқылы.
Сабақтан тыс уақытта тақырыпқа сәйкес қосымша мағлұматтармен танысып, өзіңді дамыта түс, қымбатты БІЛІМ АЛУШЫ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |