Сабақ 10 «Ә» сынып «Жарасымды қарым-қатынас»



Дата09.06.2016
өлшемі86.5 Kb.
#124314
түріСабақ

Ашық сабақ
10 «Ә» сынып
«Жарасымды қарым-қатынас»


Мектеп: Астана қаласы «№63 орта мектеп

Мерзiмі: 04.02. .2014 ж.

Тақырып: Жарасымды қарым - қатынас

Құндылық: Дұрыс әрекет, ішкі тыныштық

Қасиеттер: адалдық, мейірімділік, кең пейілділік,парасаттылық

Мұғалiм: Ебышева К.Е

Сынып: 10 «Ә» Оқушылар саны: 13

Мақсаты: қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі «үлкен» мен «кіші» арасындағы сыйласымды қатысымды ұлттық құндылық ретінде таныту.

--Тыныштық сәті:

- Қайырлы таң, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір – біріңе күліп қарап, жайдары ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейрімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің,адамгершілік игі қасиеттердің белгісін көріп тұрмын.

Пікірлесейк - сөйлесейк

1. Жарасымды қарым- қатынас дегенді қалай түсінесіздер?


2. Кез келген адаммен қарым- қатынас жасау үшін адамға қандай қасиет керек деп ойлайсыңыздар?
3. Ол қасиеттер өз бойларыңызда бар ма?

Мәтінге талдау жүргізу.

- Қазақ халқының үлкенді құрметтеуге байланысты қандай рәсімдері бар?


-«Ақсақал» , «Ел ағасы» деп кімдерді атаған?
- «Ізгіліктің басы- үлкенді сыйлаудан басталады» дегенді қалай түсінесіздер?

Жаңа ақпарат.

«Қазақтың ұлттық дәстүрінде кіші адам үлкенді сыйлауға міндетті.Үлкен адам


алдында әдеп сақтау, ибалық көрсету, үлкенді сыйлау, қайырымды- рақымды болу,
кіші адамға сай мінез- құліқ көрсету жас адамның адамгершілік қасиеттерінің
көрінісі.Қазақ халқы «кішілік те кісілік» деп, кішілік әдептілікті, ізеттілікті, сыйласымдылықты көрсететін қасиет деп жоғары бағалайды».

  • «Назар аударайық
    С.Ақатайдың қысқаша берілген мәтінін оқып, талдау жүргізу.
    Өз ойларымен бөлісу.


  • Ақатай Сәбетқазы Нұржақияұлы 1938 жылы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында туып, 2003 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында оқытушысы, Мәдениет министрлігінің қызметкері, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің білімін жетілдіру институтының ректоры, Мәдениет проблемалары орталығында

ғылым бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Философия институтында жетекші ғылыми қызметкер болды. 400-ден астам ғылыми еңбегі бар. Философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.


  • Қазақ баласы амандықтан соң бейтаныс адамның жасын сұрайды. Ол этикет- халық этикасының ең абзал бөлігі. Сұхбаттас адам өзінен үлкен болып шықса, ерте бастан інілік ізгілігімді білдірейін, үлкендік жолын кес- кестемейін деген ниет сездіру.Ал үлкен болып шықса, ағалық кәденің орны бөлек. Ағасын отырғызып қойып, інісі сөйлегеннен безу кенжелеп туғандардың ілін жаттықтыру үшін шығарылған жаңылтпаш емес, көргенсіздікке тосқауыл болатын әдептіліктің жанашыры.

  • Тапсырма

  • Үлкендерді құрметтеп, қадір тұту, адамдар арасындағы ілтипатты да сыйласымды қарым- қатынасқа байланысты нақыл сөздер, мақал- мәтелдер, өлең жолдарын айту.
  • 2. Оқулықта берілген өнер туындыларын көріп, адамдардың бір- біріне деген ілтипат, сезімдерін, әсерлерін баяндайды.



  • Дәйексөз

  • ( А.Линкольн )
    « Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе оның басқа адамдармен қарым- қатынасы» -

  • Қалай түсінесіңіздер, өз ойларын ортаға салыңыздар?

  • Жағдаят

  • 1. Айтмұхамбет қария- сөге тоқтайтын, сөздің төркінін байқайтын, сөз түсінетін кісі.Оның бойын ауыр дерт меңдеп жатқанына біраз айдың айналасы болды.
    - Ассалаумағалейкум. Қалайсың , шал тәуірмісің ? – деді бір жолы ол кісіге ауылдың бір жас жігіті табалдырықты аттар- аттамастан. Бетін қабырғаға беріп, өзімен- өзі хал үстінде жатқан қарт мына сөзден кейін бетін бері қарай жалт бұрып:
    - Не қалайын сұрайсың, көріп тұрған жоқсың ба?! - деп қария кейіп қалды.
    Жігітті өзі тудырған ыңғайсыз жағдайдан шығарудың жолын табыңыздар.

  • Үйге тапсырма

  • Үлкендерді құрметтпен, қадір тұту, адамдар арасындағы ілтипатты да сыйласымды қарым – ұатынастарға байланысты айтылған нақылсөздерді жазып келу. (бет № 1)

Топпен ән айту

Алтынай Жорабаеваның репертуарындағы

«Ағажан» әні.

Бейнекөрініс

Сара Алпысқызы Назарбаева 12 ақпан күні 70 жасқа толады. Ол Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.

Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Назарбаева С.А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.

Мемлекетіміздің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның туған күні қарсаңында өмірі мен шығармашылығы жайлы аудан орталығы мектептерінің оқушылары және ұстаздар қауымы аудандық кітапханадан мәліметтер алуда. Кітапханаың оқу залында кітап көрмесі ұсынылып, Интернет залда пресс – релиздер шығарылды және ақпараттық сағаттар мен шолулар өткізілді.



  • Тыныштық сәті

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді.



Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет