Ұзақ мерзімді жоспар тарауы
|
3.Балалар мен үлкендер
|
Сабақ: Қазақ әдебиеті
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
|
Сабақтың мақсаттары
(күтілетін нәтижелер)
|
Барлық оқушылар:
Шығармамен танысып, сюжеттік негізінде дамуын баяндайды;
Көптеген оқушылар:
-Сюжеттің бөлшектерін бір- бірінен ажыратады;
Кейбір оқушылар:
|
Бағалау критерийі:
|
Шығарманың сюжеттік желісіне қарай талдап, дамуы бойынша баяндайды.
|
Ойлау деңгейі (Блум таксономиясы бойынша)
|
Білу,түсіну,қолдану,талдау.
|
Тілдік мақсат:
|
Оқушылар орындай алады:
Шығарманың сюжеттік желісіне қарай талдайды. Дамуы бойынша баяндайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Дала тағысы, жыртқыш, қатігез, табиғат перзенті, тақырып, идея, сюжет, арлан.
Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Түз тағысы,адам мен табиғамттың байланысы т.б.
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Жазушы әңгімені неге «Көксерек» деп атаған?
-Жазушы ойын қалай түсіндірер едің?
|
Пәнаралық байланыс
|
жаратылыстану
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
М.Жұмабаев «Батыр Баян»поэмасы
|
Құндылықтарға баулу
|
1. «Мәңгілік Ел» идеологиясы: тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығы бойынша құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
|
|
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
2 минут
3 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесемін, түгендеймін.
2. Қима қағаздардағы суреттер арқылы үш топқа: «Адамзат» «Көксерек» «Табиғат» бөлінеді.
ІІ. «Болжау»әдісі
Әр топ өзі таңдаған суреттер арқылы тақырыпты болжайды.
Қалыптастырушы бағалау«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жүреді.
Кері байланыс: «Білетін белгі»
!-бәрі түсінікті; ? – сұрағым бар; ...-көмек қажет
|
Қима қағаздағы суреттер
Белгі-суреттер
|
Сабақтың ортасы
|
ІІІ. Жаңа сабақ
|
Ресурстар
|
30 минут
5 минут
5 минут
3 минут
4 минут
рефлексия
8 минут
2 минут
3 минут
7 минут
|
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийімен таныстырамын, талқылаймыз.
«Ой қозғау» әдісі
М.Әуезов кім?
М.Әуезов туралы білетіндерін еске түсіреді.
Ширату жаттығуы «Ойландырар сұрақтар»
Адамдардың бөлтірікке жасаған іс-әрекеттеріне қалай қарайсыздар?
Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксеректі алып кетпегенде, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді?
- Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
Қолдану: «Білімді мыңды жығар»1. Сәйкестендіру тесті ( жеке жұмыс )
Бөлім
|
Болған оқиғалар
|
Ауылға келуі
|
Екі аяқтылардың індегі бөлтіріктерге қиянаты.
|
Көксеректің мінезі
|
Оның ауылда өсуі, мінез-құлқындағы қасқырға тән ерекшеліктері.
|
Көксеректің ауылдан кетуі
|
Көксеректің өз тұқымын тануы,бірнеше ше рет жоғалып кетуі.
|
Көксеректің жаралануы
|
Көксеректің Ақ қасқырмен қосылып төңіректегі ауылдарды шулатуы.
|
Құрмашпен соңғы кедесуі
|
Көксеректің Құрмашты өлтіруі.
|
Аққасқа мен Көксерек шайқасы
|
Аққасқаның Көксерекпен айқасы. Көксеректің өлімі. Құрмаштың әжесінің Көксеректі басқа теуіп, Құрмашын жоқтауы
|
2Сюжеттік талдау.
Оқиғаның басталуы: Сайдағы қасқырлар апаны.Екі аяқтылырдың індегі бөліктерге қиянаты.
Оқиғаның байланысы: Көксеректің ауыл тұрғыны болуы, оның ауылда өсуі, мінез-құлқындағы қасқырға тән ерекшеліктері.Көксеректің өз тұқымын тануы, бірнеше рет жоғалып кету, қасқыр үйіріне қосылуы.Ақ қасқырмен жұп болуы.
Шиеленісуі: Көксеректің Ақ қасқырмен қосылып, төңіректегі ауылдырды шулатуы. Қорадағы қойларды жаралауы.
Шарықтау шегі: Көксеректің Құрмашты өлтіруі.
Шығарманың шешемі: Аққасқаның Көксерекпен айқасы. Көксеректің өлімі. Құрмаштың әкесінің Көксеркті басқа теуіп, Құрмашын жоқтауы.
Ұжымдық шапалақ
|