Сабақ: қазақ әдебиеті Мектеп:33 Мұғалімнің аты-жөні: Караулова Н.О.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Күні:
Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қалмақан Әбдіқадыров "Қажымұқан" хикаяты.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме )
|
Б/С 1.Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: шығармадағы негізгі кейіпкерлерді анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі: кейіпкерлерді өзара салыстырады.
Кейбір оқушылар: Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
|
Бағалау критерийі
|
-шығарма кейіпкерлерін анықтай алады;
-Шығармадағы кейіпкерлерді салыстыра алады;
- тарихи және көркемдік құндылығына баға бере алады.
|
Тілдік мақсаттары
|
Метонимия, кеспек, кіреші, пұт,палуан, қара күш, кір тасы
|
Құндылықтарға баулу
|
Сабақ мазмұны арқылы оқушылар бойында қазақтың тарихи тұлғаларына деген құрмет сезімін ояту, салауатты өмір салтына баулу
|
|