Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар қызыл, сары, жасыл жетондарды өз қалауымен таңдап, алып үш топқа бөлініп отырады



бет1/3
Дата13.04.2023
өлшемі90.56 Kb.
#472213
түріСабақ
  1   2   3
Жол жүру белгілері және олардың қолданысы (Тәрбие сағаты. 5 А класс)




Күні: 09.01.2023
Сыныбы: 5 «А»
Тәрбие сағат тақырыбы: Жол жүру белгілері және олардың қолданысы

Тәрбие сағатының мақсаты

Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Көрнекілік

проектор, слайд, bilimland.kz сайтынан бейнебаяндар, кітаптар көрмесі, бағдаршам макеті; жасыл, қызыл, көк жетондар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар қызыл, сары, жасыл жетондарды өз қалауымен таңдап, алып үш топқа бөлініп отырады.


Қызығушылықты ояту.
www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсы («Сынып сағаты тақырыптары» бөлімі) http://bilimland.kz/kk/home#lesson=12002 арқылы оқушыларға бейнебаян көрсету.
Мұғалім:
- Құрметті оқушылар, бейнебаяннан көргеніміздей бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Неліктен мен сіздерге қызыл, сары, жасыл жетондар арқылы топқа бөлдім. Бұның сыры неде?
- Дұрыс айтасыздар, жолда жүру ережесі, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы туралы болмақ. Сабағымыздың басты мақсаты егемендігі мен елдігі орнаған осындай Қазақстан атты бейбіт өлкемізде сәбилердің қуанышты күлкісі мен аналарымыздың әсем жүзі бақытқа толы болса дейміз, ол үшін әр азамат өмір қауіпсіздігін сақтап, жол тәртібін білу керек. Біз бүгін осы мақсатта жол ережелері өлкесінде қонақта боламыз. Сәт сапар, Жас ұлан!
II. Мағынаны ашу.
1-жүргізуші:
«Жол жүру белгілері және олардың қолданысы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі машинаның аз кезінде-ақ туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен ауыстырылатын және алмастыру үшін арнайы адам тұратын еді және ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы америкада электр бағдаршамы пайда болды.
2-жүргізуші:
Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін 127 км ғана жол болса, елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз км дейін жетті. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.
1-жүргізуші:
- МАИ қызметкері дегініміз кім? Дұрыс айтасыздар, бүгін бізге МАИ қызметкері келген екен. Сіздердің ұшқыр ойларыңыз бен білімдеріңізді сынап көрмекші.
МАИ қызметкері:
- Әр бір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Сондықтан жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білулерін керек. Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлылықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс. Сол себепті сіздерге қояр бірнеше сұрағым бар. Бірінші, жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?
1-оқушы:
Жаяу жүргіншілер жиек жолмен жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, сонда қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет