Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау.
Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үй макеті , бағдаршам , жол белгілері макеті, слайд және мультфильмдер.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
-Барлығымыз бағдаршамды білеміз ба?
- Бағдаршам дегеніміз не?
Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып отыр. Қай топтың мүшелері тапсырмаларын дұрыс орындаса, «Үздік жүргіншілер» атағына ие болады.
- Сайысты бастамас бұрын әділқазылар сайлап алайық.
(әділ қазылар алқасын сайлау)
Әділ қазыларымыз дайын ендігі кезекті «Жол сақшысы» мультфилімін барлығымыз бірге тамашалайық.
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз талай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.- деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.Слайд арқылы таныстыру
1. Әр топ өз топтарын таныстыру.
2. Ойлан тап (Жұмбақтар шешу)
3. Үй тапсырмасы ( Көрініс жол ережесіне байланысты)
4.Құра – бұра жол белгілерін құрау(мозайка).
Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік –дей келе топтардын өздерін таныстыруға береміз.Әр топ өздерін таныстыру.
Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , жұмбақ шешіп көрейік.
1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)
2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты. (велосипед)
4. Өзі тым күшті,
Аяғы тісті. ( трактор)
5. Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз жүрмейді. ( машина)
Екі ағасы қашады,
Екі ініс қуады. ( машина дөңгелектері)
Тоқта, жолдас!
Тоқта, жолдас! Бұзба көше тәртібін,
Өткізе алмай, өміріңнің артығын.
Жүрсің бе сен, қалай - қалай басасың,
Тоқта! Байқа, ойла, қателесесің,
Ал кеп қалды, автобус пен трамвай.
Тоқта, жолдас! Тәртіп бұзба, жүр былай,
Саспа босқа ақтық па да аптық па –дей келе келесі кезекті көрініс яғни үй тапсырмасына береміз,Оқушылар өздері дайындап келген көріністерін көрсетеді.(Оқушылар үй тапсырмасына дайындала тұрсын ал көрермендермен «Бағдаршам» қалай пайда болды, сол туралы бейне баян тамашалайық)
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жол жүру ережесін сақтауменен – дей келе келесі кезекте құра – бұра мозайка құрауға береміз, оқушылар алдарында жатқан жол белгілерін құрап соған мағұлмат береді.
Мұғалімнің сөзі
-
Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білетін ойларыңызды көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!
«Есіл ауданы білім бөлімі Ақсай орта мектебі» Мемлекеттік мекемісі
Өткізген: Накенова Г.С.
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |