Күні:
Тақырыбы: Ана - өмір гүлі!
Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру.Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Студенттерге аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі: кураторлық сағат
Ресурстар: слайдтар
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру:
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Әйел-Ана – өмірдің өзі, бақыт пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні. Сондықтан да гүл-көктемнің алғашқы мерекесі – әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысындай болып, жайма-шуақ күйге бөлейтін жарқын мейрам.
Сіздер тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы бола алдыңыздар. Қоғамның тыныштығы, бала бақыты тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған дархан жүректі нәзік жандарға тікелей байланысты. Өздеріңіз әрдайым сұлулық пен даналықтың, әсемдік пен сүйіспеншіліктің үлгісін көрсете отырып, күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы отбасы жағдайымен қатар, ел дамуына да зор үлес қосып келесіздер.
Сіздерді тағы да көгілдір көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке және барлық жақсылықтарды тілейміз!
Сіздерге арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана - өмір гүлі!»
II.Негізгі бөлім:
1 –жүргізуші:
Қош, келдіңіздер! Қыз келіншектер,аналар,! Не деген мейірлі, не деген -шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана - өмір гүлі!» - атты тәрбие сағатымыз сіздерге арналады.
Достарыңызбен бөлісу: |