Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі. Стратегиялары:
• Ой шақыру;
• Болжау
• Негізгі идеяны суреттеу
• Топтастыру
II.Realization of meaning ( мағынаны ажырату) – Реализация– оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді. Стратегиялар:
• ББҮ
• Куббизм
• Блум таксономиясы
• Джигсо
• Өзара оқыту
• Жұптасып оқу
III.Reflectiion.( рефлексия, ой толғаныс) – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.
Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды. Стратегиялар:
• Венн диаграмасы
• Бес жолды өлең
• Еркін жазу
• Эссе
• Автор орындығы
• Пікіралас
• Әлемді щаралау
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
• Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
• Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
• Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже;
1. Оқушының оқуға қызығуы артады
2. Іскерлік дағдысы
3. Ойлау белсенділігі
4. Тапқырлығы
5. Өзіне деген сенімі қалыптасады.
СТО – дамыту сабақтарының мақсаты біреу нақты сабаққа байланысты. Міндеттері үш түрлі болады. Олар: мазмұнға байланысты, СТО -ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.
Сабақ кезеңдеріне байланысты қолданылатын стратегияларға тоқталып өтейік:
Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамытатын СТО стратегиялары.
Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу барысында СТО стратегияларын тиімді қолдана білу. Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты. Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына, тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады.
Оқушылардың ауызша тілін дамытатын төмендегідей стратегиялар қолдануға болады:
«Алты қалпақ» стратегиясы -қалауы бойынша қатысушылар шығып, қалаған түсті қалпағын алып 6 топқа бөлінеді, оқылған баяндама түрлі түсті қалпақ арқылы талқыланады , әр топ өз ойларымен бөліседі.
1980-ші жылдардың басында, дәрігер Эдвард де Боно «Алты ойланатын қалпақ» техникасын ойлап тапты – бұл Батыстағы брейнсторминг техникасының кең тараған және сүйікті түрінің бірі.
Ақ қалпақ– таза ой, дұрыс ойлау.
Ол тек нақты бар фактілерге, сандарға ғана сүйенеді. Тек бар нәрсеге ғана қарап отырып, алуға болатынды ғана аламыз. Ақ түс қағаз туралы ойға әкеледі. Осы режимде біз тек қолымызда бар немесе шешім қабылдауға қажетті ақпаратқа ғана сүйенеміз: тек қана фактілер мен сандар.
Қара қалпақ– бұл штаттағы пессимист. Алайда, ол аргументтері бар пессимист болуы керек. Өзінің көңілсіз «қолдарыңыздан не келер дейсінін» айта отырып, ол өз көзқарасын дәлелдейтін баяндама айтуы керек. Байқаңыз: «қара қалпақ» киген адам саны «1» аспау керек. Пессимистердің көбейіп кетпеуі үшін біреуі ғана жеткілікті.
Сары қалпақ – бұл «позитивті» Күн. Сары қалпақ – болашаққа деген ең оптимистті көзқарасты білдіреді. Ең Жақсысын, Ең Сәттісін аңғарады. Барлық топқа оптимизм жұқтырады. Сары шляпа «негативтен» «позитив» таба білуі керек. Сары түс күн мен оптимизм туралы ойға әкеледі. Сары түстен біз жетістіктер мен артықшылықтарды іздеуге тырысамыз.
Қызыл қалпақ – бұл эмоциялар, оқыстан көздің ашылуы және интуиция.
Қызыл қалпақ киген адам басқа адамдардың мүмкін болатын эмоционалды реакцияларын зерттейді. Қызыл қалпақ – бұл қызу сөлейтін, тілі мен жағына сүйенген адам және көпшіліктің дәл қазіргі сәттегі бағытын байқай білетін саясаткер. Қызыл түс от туралы ойға әкеледі. Қызыл қалпақ интуициямен, сезімдермен және алдын ала сезулермен байланысты. Мұнда еш нәрсені негіздеудің қажеті жоқ. Сіздің сезімдеріңіз бар және қызыл қалпақ Сізге оны білдіруге көмектеседі.
Жасыл қалпақ – Жасыл қалпақ киген адам ең оқыс, күтпеген, ерекше ойлар білдіруі тиіс. Жасыл қалпақ – бұл қиял-елестің ұшқындауы, ең батыл және творчестволық идеялардың көзі. Жасыл түс өсімдіктер, өсу, энергия, өмір туралы ойға әкеледі. Жасыл қалпақ – бұл шығармашылық, жаңа идеяны іздестіру, стандартты емес әдістер мен альтернативті көзқарастардың жиынтығы.
Көк қалпақ– бұл барлық үрдісті ұйымдастырушы. Көк қалпақтың рөлі – бұл үйлестіруші, спикер болу – барлық қалпақтарға сөз беріп, соңынан қорытындылау. Талқылаудың басында да қолданылады, ойлаудың міндетін қойып, соңынан қандай мақсатқа жеткізгісі келетінін анықтайды. Бұл барлық үрдісті бақылау және оны басқару (мақсатты қалыптастыру, қорытынды шығару және т.с.с.)
«ІNSЕRT» стратегиясы-
I — interactive
N — noting
S — system for
E — effective
R — reading and
T — thinking
оқушының өзіндік білім деңгейін тексеруге қолайлы әдістердің бірі. Сонымен қатар оқушы білімін тереңдетуге мұғалімге көмекші әдіс ретінде табылған.
V — You should put a tick if you knew this fact before
+ — New information
— — Thought
? — Don’t understand, have questions
“Thin and Thik questions” стратегиясы
– оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді. Мысалы,
“Thin” questions
Who …?
What … ?
When … ?
Where … ?
Was it … ?
What was the name …?
Are you agree that … ?etc
“Thik” questions
Why … ?
Explain why … ?
Why do you think that … ?
Was his/her choice right or wrong to your mind?
What is the most important idea of the story?
What is the difference between … ?
If you were … would you … ?etc.
“Fishbone” стратегиясы-
Қолдануы,“How does the geographical position influence the people’s lives” тақырыбының проблемасын, шешу жолын, қорытындысын айтады.
Problem: Does the geographical position of Australia influence the people’s lives?
Reason: The seasons are the other way round.
Fact: Australia is situated to the south of equator.
Reason: The few rivers play an especially important role in people’s life.
Fact: Much of the land is a desert. Etc.
Conclusion: Australia so different from other countries. Its geographical position influences the life of the country and its people
“Hot chair” стратегиясы. – Біреуге алаңдатушылық танытуды ынталандыруға мазмұнды түсінетіндігін түсінуге арналған драмалық тапсырма. Жаттығудың сипаттамасы бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып сұрақтарға жауап береді.
“Stupid words” стратегиясы- адасып кеткен әріптер.
Орындары ауысқан әріптерді орнына қою.
Csholo-school bnak-bank
Face-café hsiaoplt-hospital
Okob-book tyic-city
Kpar-park qsauer-square
«Әлемді шарлау» стратегиясы. Бір тақырып бойынша жобасын құру. Әр топтың президенті өз жобасын қорғайды. Қалғандары шеңбер бойымен басқа топтардың жобаларын тыңдайды, бағалайды.
«Пікірталас. Дәлелденген эссе» стратегиясы.
Бұл стартегияны оқушылардың жазбаша тілін дамыту барысында да қолдануға өте тиімді.
Мысалы: таныс емес адамды қондыртуға бола ма?
Иә Жоқ
Әрбір дәлелге қарама-қарсы дәлел жазу.
Белгілі бір тақырып бойынша екі оқушы шығып, пікірталас өткізеді. Бірі сол берілген тақырып бойынша теріс пікір айтса, ал екінші тура пікірде болады. Бұл оқушылар тоқтамастан, өз ойларын білдіріп, қарсыласына жауап қайтарып отыру керек. Ал сынып оқушылары болса, осы екі жақтың өзіне қайсысы ұнаса, сол топқа аусады. Себепті дәлелдер айтылған сайын оқушы да өз ойынан тайып, екінші топқа өтуі мүмкін. Оқушылар бөлініп, айтылған деректерді пайдалана отырып эссе жаздыру.
«Шығу парағы» стратегиясы
1. Біз бүгінгі сабақта нені үйрендік?
2. Қандай сұрақ бар?
3. Пікіріңіз…
«Авторға сұрақ қою» стратегиясы
Мәтінді төрт бөлікке бөлу. Автор және оқырмандарға бөлу. Осы мәтіннен қандай мағлұмат алғаны туралы айтады.
«Араласып кеткен оқиға» стратегиясы. Шашыранды түрде араласып кеткен мәтін беріледі. Сол бөлшектерден мәтін құрастыру.
“Куббизм” стратегиясы
1. Суреттеу – түрі, түсі, формасы, көлемі, портреті.
2. Салыстыру – ұқсастығы, ерекшелігі, немен айналысуға болатындығы.
3. Талдау – қалай істелінген, неден жасалған, ненің нәтижесінде, зертте, не болуы мүмкін.
4. Таңдау – не туралы ойлануға жетелейді, талқылау немесе қарсы пікір айту.
5. Қолдану – бұдан не істеуге болады, қолданысы, қалай, қайда қолдануға болады.
6. Бағалау – оймен байланыстыру, жақсы-жаман жағы, мүмкін болатын жағдайлары, бірнеше себептері, келісу не қарсы шығу
Side one- Describe it, recall, name, locate, list.
Side two- Compare it, contrast, explain, write.
Side three- Associate it, connect, make design.
Side four- Analyze it ,review, discuss, diagram.
Side five- Apply it, propose, suggest, prescribe.
Side six –Argue for/against it, debate, formulate, support.
“Жигсо- II” стратегиясы.
1. Оқушыларды үй топтарына 4 адамнан бөлеміз. (Оқушы санына байланысты). Жаңа тақырып жайында не білетіндерін ортаға салады, жазады.
2. Оларға 1-4 дейін нөмір бөлеміз.
3. Сол нөмірлері арқылы 4 жұмыс тобын құрамыз.
4. Мәтін немесе тапсырма тұтас бәріне таратылады, жеке оқытылады.
5. Әр жұмыс тобына эксперт парақтары таратылады.
6. Эксперт парақтары бойынша жауаптары дәптеріне жазады.
7. Қайта үй тобына оралады.
8. Алдымен 1 эксперт парағынан бастап жауаптарын тобына түсіндіреді.
9. Әр үй тобында эксперт парағы бойынша сұрақтар талданып болған соң, алғашқы жазғандарына басқа түспен толықтырулар енгізіледі.
10. Ортадан 1 спикер қорғайды.
Оқушылардың жазбаша тілін дамытатын стратегиялар:
«Биопоэма» стратегиясы
Аты-жөніңіз.
Өзіңізді сипаттайтын 2-3 сын есім.
Басыңыздан өткен өте маңызды 2-3 оқиға.
Өте жақсы көретін нәрсе, зат. Құбылыс.
Бәрінен не нәрседен қорқасыз?
Сіздің басты арманыңыз? (Жеке басына байланысты, мамандығына байланысты, жұмысқа байланысты)
Өзіңізді немен бейнелейсіз? (Қандай жан-жануарға ұқсайсыз, құсқа қандай табиғаттың бір бөлігіне ұқсайсыз?) Неге өзіңізді соған ұқсатасыз?
Неге бүгін осы жерде отырсыз? Қандай мақсатпен келдіңіз?
«Еркін жазу стратегиясы» Эссе жазу-5 минут.
Мұғалім оқушылардың ойына не келеді екенін жазып алуын ұсынады.
Эссе-адам өзін толғандырған ішіндегі ойын, сезімін қысқа ғана, шағын шығарма ретінде жазу.
«РАФТ» стратегиясы.
Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды
Р-кім боласың (кім жазады)
А-кімге жазасың
Ф-қай түрде жазасың (форма: хат, шығарма, ресми қағаз, баяндама, құттықтау, сенім хат, қолхат, арыз, түсініктеме т.б.)
Т-қандай тақырыпта.
Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.
Ситуативті стратегиясы-
Оқушылар жағдайды жалғастырып, ойын аяқтауы тиіс. Мысалы:
1. John was very unpopular in his class. But one day…
2. Alice was going home after a hard day at her office. But suddenly…
3. Harry could hardly imagine that it may happen to him…
«Екі түсіндірмелі күнделік» стратегиясы.
Оқушылардың дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады.
Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б).
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.
Әсер еткен жері. Неге әсер етті? Себебі?
Information of good and bad habits Commentary
1. People can die of pride, envy or anger. I don’t agree. There are many people which are very angry, but they live happy, have got money and a good job.
2. Obesity and physical inactivity are known form the ancient times I agree. I think people like eating tasty food from the ancient times. That is why they have led to obesity.
«Венн диаграммасы» стратегиясы.
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал, айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қағазға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
«Бес жолды өлең» стратегиясы.
Алған мағлұматтарды өзіндік қорытындылайтын және тақырыптық толық мазмұнын аз сөзбен сипаттайтын, қысқа да нұсқа түрде тірек сөздер мен жазылатын өлең жолдары.
1 жол – тақырыпты сипаттайтын зат есім;
2 жол – мәтіннің мағынасын ашатын, негізгі мәселені сипаттайтын екі сын есім;
3 жол – мәтіндегі тақырып бойынша іс-әрекетті көрсететін үш етістік;
4 жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден құралған сөйлем;
5 жол – тақырыпты айқындайтын бірінші сөзге синоним соз.
Мысалы, АҚШ тақырыбына бес жолды өлең жазу
1. New York
2. Famous, architectural
3. Visit, walk around, dream
4. The largest city of skyscrapers in the USA
5. Worth seeing
«Ойқозғау» стратегиясы.
Берілген тақырып бойынша оқушының өздері білетін мәліметтерін параққа тізбектеп жаздырту;
Серіктесі мен ойбөлісу;
Өздері білетіндерін ортаға салу.
«ББҮ» стратегиясы.
Оқушыларбіртақырыпбойыншабілгендерін, білгілерікелетініжәненеүйренгендерінкестегетолтырылады.
«Сауаттылықхатүлгісі» стратегиясы. Оқушыларбір-бірінехатжазады.
Бұл стратегияларды сабақта қолдану арқылы оқушылар дәлелдеме, болжам жасауға үйренеді, яғни тілі дамиды, сонымен қоса сауатты жазу дағдылары қалыптасады. Белгілі бір нәтижеге жету үшін сабақ жоспарын құру барысында балалардың ауызша және жазбаша тілін дамытатын стратегияларды таңдап алып, тиімді қолданамын. Жүйелі, толық жауап алу үшін оқушыларға нақты уақыт беріп, өз ойларын ашық, еркін беруді талап етеді.
Қолданылуы: “Describing people” тақырыбы аясында оқушыларға бір-біріне хат жаздыру. “Hello, my friend. I want to describe you. You have got very beautiful brown eyes,curly hair, you are smart and tall. I like you serious behavior and your interesting stories, hobbies. I will wait your answer to me. See you soon.”
Бүгінгі таңда сабақ үрдісінде оқушы білімін тексеретін әдістердің мазмұн мен түрі жағынан әрі тиімді, әрі жиі қолданылатын тест түрлерін оқушы қызығушылығын арттыру үшін түрліше пайдаланамын.
Жоғарыда көрсетілген сабақ барысында қолданылған стратегияларын мұғалім мен оқушы іс-әрекеттері айқын байқалады. Өз сабақтарымда көз жеткені, оқушыларға:
• Еркін ойлауға мүмкіндік береді;
• Жан – жақты ізденеді;
• іс – әрекетке тәрбиелейді;
• Шығармашылық тіл байлығы жетіледі;
• Ұжымдық белсенділігі артады;
• Ақыл ойын дамытады.
Нәтиже:
‘’Ұлы мұғалім – қанағаттандырады, шабыттандырады’’ – деп А.Уорт айтқандай оқушының құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып нәтижелі болуға тиіс.
Өйткені, заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай, өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор екені анықталды.
Айменді Мұқатов , ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Нұр – Сұлтан қаласы
Міржақып Дулатұлы атындағы 68-ші мектеп – гимназиясы
Достарыңызбен бөлісу: |