Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6- тарау. Астана – мәдениет пен өнер ордасы Мұғалімнің аты-жөні: Нурмуханова Бакит Каировна
Мектеп: «№ 46 ЖББОМ» КММ
Күні:
Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы
|
3- сабақ «Біздің төріміз – Ақорда»
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
|
6.3.3.1. орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.
6.4.1.1. мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазу.
|
Сабақ мақсаттары
|
1. Талқылау сұрақтары негізінде шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.
2. Мәтіндерді стильдік ерекшеліктеріне қарай ажырату.
3. Ресми іс- қағаздары стилінің ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазу.
|
Бағалау критерийі
|
«Ақорда» мәтінінің тақырыбы мен негізгі ойын сұрақтар негізінде түсіндіреді;
мәтіндерді стильдік ерекшеліктеріне қарай ажыратады, талдайды;
ресми іс- қағаздары стилінің ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазу.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: әйгілі, нышан, іскери, кезекті, дизайнер, тұсаукесер, резиденция
Өмірбаян жазуға арналған сөздер мен сөз тіркестері: тудым, оқимын, қатыстым, бардым, қатысамын, орын алдым
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша:
- өз елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге;
- Отанға деген сүйіспеншіліктерін оятуға;
- азаматтық жауапкершілік қалыптастыруға негізделген.
|
Пәнаралық байланыс
|
АКТ-ны пайдалануда информатика, Астананың шығу тарихы туралы ақпараттарды білуде Қазақстан тарихы, орналасу жеріне байланысты география пәндерімен байланысады.
|
Алдыңғы білім
|
Астана, Бәйтерек, зәулім ғимараттар, Елбасы туралы түсініктері бар
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 минут
|
Психологиялық ахуал орнату «Шаттық шеңбері» әдісі бойынша жүзеге асырылады.
Мақсаты: ынтымақтастық атмосферасын құру, жағымды көңіл-күй қалыптастыру, қолайлы психологиялық орта орнату
Оқушылар шеңберге тұрады. Бір-бірлерімен қолдарымен амандасады, құшақтасып амандасады, көздерімен амандасады.
Оқушылар ортадағы қорапшадан смайликтерді алады. Көңіл –күйлерің қандай?- смайликтерді көрсетеді
«Жұлдызша», «Күн», «Ай» смайликтері арқылы топқа бөлінеді.
СЖ: «Сақина салмақ» ойыны
Мақсаты: алдыңғы білімге кері байланыс жасау, еске түсіру, ойды жинақтау.
Орындалуы: бірінші мұғалім бастайды, сақинаны бір оқушының қолында қалдырады, сол оқушыға сұрақ қойылады, ары қарай осы оқушы жалғастырады
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- Астана қаласының бұрынғы атауы туралы не айтасың?
- Астана қаласының символы?
- Астана сөзінің синонимін айт.
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
ҚБ: «Жарайсың», «Жақсы», «Өте жақсы» сөздері арқылы оқушылардың сұрақтарға берген жауаптары ауызша бағаланады.
«Ой шақыру» әдісі
Мақсаты: бейнелі суреттерге сүйене отырып, сабақтың тақырыбын болжау
|
Достарыңызбен бөлісу: |