«Бекітемін» «Келісемін» ӘБ отырысында қаралды
Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі № ____ Хаттама
_____________ С.Д.Басканбаева _____________ Г.Б.Елубаева ӘБ жетекшісі _______ П.Бадырай
«___» __________ «___» __________ «___» __________
Күнтізбелік–тақырыптық жоспар
Мұғалім Бейсбекова Назгүл Тоқтамысқызы
Облыс, аудан, ауыл Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ынталы ауылы
Мектеп «Ынталы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Сынып: 10_
Сабақ _Химия есептері мен жаттығулары(қолданбалы курс)___
2020-2021 оқу жыл
«Химия есептері мен жаттығулары»
10 сыныпқа арналған қолданбалы курс
Түсінік хат
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі –әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Қолданбалы курс химия пәнінің теориялық негіздерін қолданбалы сипатта пайдалануын мектеп оқушыларына кеңірек және ашық көрсетіп, сол арқылы олардың химиядағы есептерді шығару дағдыларын дамытып, білімдерін қалыптастыру . Келешекте химия мамандығын таңдайтын оқушыларға есеп шығарудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін меңгерудің маңызы зор. Қазіргі заман талабына сай химиядан алған теориялық біліммен қатар химиялық реакция теңдеулерін кұрастырып, тиімді тәсілдерді қолдана отырып, өз бетімен есептерді шығара білу керек. Осыған байланысты 10сыныпта «Химия есептері мен жаттығулары» тақырыбында қолданбалы курс бағдарламасын ұсынып отырмын. «Химия есептері мен жаттығулары» курсы 10сынып химиясының оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Курс бағдарламасы отыз төрт сағатқа есептелінген. Курс жаңартылған оқу жүйесі бойынша оқушылардың ынтымақтастықта бірлесе отырып бірін-бірі оқытуға, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін бағалай алуға, оқыған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге мүмкіндік береді. Оқушылардың ізденгіштігі, табандылығы, пәнге қызығушылығы артады. Алған білімін тұрмыста, еңбекте, өмірде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуге үйрету. Оқушылар курс мазмұнын терең меңгеру үшін өз бетінше ізденіп рефераттар, баяндамалар жазып, өздерін көпшілік алдында еркін ұстап, дәлелді сөйлеуге пікір алысуға дағдыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |