2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма «Дискуссиялық карта» Оқушылар «Дискуссиялық карта» бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын жазады. Әрқайсысына «Дискуссиялық карта» сызылған А4 қағазы таратылады. «Ру басыларының Еңлік пен Кебекке шығарған үкімі дұрыс болды ма?» деген сұрақ жазылады. Сұраққа жауап: «Иә» және «Жоқ» деп екі жақты дәлелдермен беріледі.
иә
жоқ
3. Мағынаны тану 2-тапсырма «ТЕДХ» тәсілі Оқушылар «Ш.Құдайбердиев «Еңлік-Кебек» дастанында жер-су атауларын неліктен тұпнұсқадан өзгертпей алған?» деген тақырыпқа топпен зерттеу жүргізеді. Сынып оқушылары зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде интерактивті тақтадан Тамара Асардың орындауындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнінің бейнежазылымы көрсетіліп тұрады.
(https://www.youtube.com/watch?v=jvCULstY2ag) . Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін топ спикері «ТЕДХ» тәсілі арқылы сынып алдына шығып бір минут өз зерттеулерін таныстырады.