Куандыкова Шолпан Рамазановна –
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы
Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Қазақ әдебиетінен 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы. Өмірі мен шығармашылығы
Сабақ жоспары
Қазақ әдебиеті, 8-сынып
Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы. Өмірі мен шығармашылығы
|
Мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдері қалыптасады. Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді.
|
Түрі: жаңа сабақ
|
Әдіс-тәсілдер: ассоциация, «БББ», картография, топтастыру, бес жолды өлең, Венн диаграммасы
|
Көрнекілік: Шәкәрім портреті, ұлағатты сөздер («Шәкәрім – ұлы гуманист, кемеңгер, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі». З.Ахметов; «Қазақтың өлеңінің пірі болған, Халқының сөзін айтар ұлы болған. Абайдың аманат қып беріп кеткен Шәкәрім түсірмеген туын қолдан». С.Мәуленов); суреттер, буклет.
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту:
|
Ассоциация. «Бес арыс».
Сөзжұмбақ шешу.
«Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») еңбегінің авторы.
Абайдың сүйікті ұлы.
Жыр, Орхон-Енисей жазба ескерткіші.
«Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдерінің авторы, «Екінші ұстаз».
«Зар заман» өлеңінің авторы.
«Ақиқат сыйы» еңбегінің авторы.
«Ілімге толса көкірек» толғауының авторы.
|
Мағынаны тану:
|
Мәтінмен жұмыс. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәтін беріледі.
Оқушыларға тапсырма: Дәптерге «БББ» кестесін толтыру арқылы мәтін мазмұнын меңгеру.
«БББ» стратегиясы
Білемін
|
Білмеймін
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Картография. Жылдар мен оқиғаларды сәйкестендіру.
К артография
Сәйкестендір
1858
1931
1925
1905
1988
1879
1911
Дүниеге Қайтты Меккеге Ақталды «Мұсылмандық «Жастарға» «Әділ-Мария»
келді барды шарты» еңбегі өлеңі романы
Топтастыру. Артық деректі алып тастау.
Шәкәрім шығармалары: "Еңлік-Кебек", "Батыр Баян", "Адамдық борышың", "Қалқаман-Мамыр".
Шәкәрім өлеңдері: "Жастарға", "Әсемпаз болма әрнеге", "Насихат", "Арман".
Шәкәрім бұл қалада болды: Мекке, Париж, Нью-Йорк, Стамбул.
Шәкәрім жетік білді: орыс тілін, түрік тілін, араб тілін, ағылшын тілін.
Шәкәрім әндері: "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек", "Көзімнің қарасы", "Анадан алғаш туғанымда", "Жастық туралы".
|
Ой толғаныс кезеңі:
|
Венн диаграммасы. «Абай – Шәкәрім».
Венн диаграммасы
Абай Құнанбайұлы Шәкәрім Құдайбердіұлы
|
Бес жолды өлең. Шәкәрім.
Зат есім
Екі сын есім
Үш етістік
Төрт сөзден тұратын сөйлем
Түйін (синоним)
|
Үй жұмысы: өмірбаяны бойынша 5 сұрақ құрастыру. «Қалқаман – Мамыр» дастанын оқу.
|
Бағалау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |