Оқулықпен жұмыс №168,169,171 Тапсырма-3: «Ойлан» әдісі арқылы оқушы өзі жеке тапсырманы орындайды.
5 және 10 сандарына еселік болатын екі таңбалы сандарды жазыңыз. Осы сандардың ортақ еселіктерін жазып, ішіндегі ең кішісін көрсетіңіз.
Дескриптор:
Бүгінгі сабақта: натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын білу;
натурал сандардың бөлгіштерін табу;
натурал сандардың еселіктерін табу.
Қорытынды: «БББ» кестесін толтыру арқылы не білгенін, не білетінін , не білгісі келетінін жеткізеді.
«Ақылды доп» әдісі арқылы тақырыпқа байланысты оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып, сабақты бекітеді.
Рефлексия: «Алма ағашы». Жасыл түсті алма – «Сабақ өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл – күйім көтеріңкі».
Қызыл түсті алма – «Бүгінгі сабақты меңгере алмадым, көңіл – күйім жоқ».
Үйге тапсырма. №170,172