Сабақ жоспары. Бірінші басылым. Ф пгмк 703-31-09 План учебног занятия. Издание первое



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата16.03.2024
өлшемі495.24 Kb.
#495817
түріСабақ
  1   2   3   4
СӨЖ яз.предмет5..



Ф ПГКМ 703-31-09 Сабақ жоспары.Бірінші басылым. 
Ф ПГМК 703-31-09 План учебног занятия. Издание первое
Тақырыбы Білім алушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан жіберген қателерін 
түзету жолдары
Сабақтың мақсаты: 
Оқушылардың жазба жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдарының әдіс-тәсілдерін 
меңгерту.
Жазбаша тіл дамытуда дағды мен шеберлік жолдарын, бастауыш сынып оқушыларын
байланыстырып сөйлеуге үйрету міндеттерін игерту;
Оқу кітабынан , мазмұндама жинағынан , басқа да құралдардан тіл дамыту жұмыстары үшін 
мәтіндер іріктеп алуға үйрету Болашақ мамандыққа бағдарлау. 
Негізгі ұғымдар: Білім алушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан жіберген
қателерін түзету жолдары, оқушылардың жазба жұмыстарынан жіберген қателерін түзету 
жолдарының әдіс-тәсілдері, қойылатын талаптар 
Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: мазмұндамалар жинағы, мәтіндер, 
оқулық 
Сабақтың типі: аралас сабақ 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру , сұрақ- жауап, практикалық 
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі 
Сабаққа жағымды жағдай жасау; 
Оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау; 
Оқушылардың жаңа сабаққа зейінін аудару, сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. 
II. Оқушылардың білімдерін тексеру
1. Байланыстырып сөйлеуді үйретуде қандай әдістер тиімді? 
2. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарына қандай әдістемелік талаптар қойылады?
3. Мазмұндамала жинағы , мәтіннің түрлерімен танысу, өзіндік ерекшеліктерін айту
4. Шығарма, шығарманың түрлері 
III. Жаңа материалды оқыту Білім алушылардың мазмұндама мен шығарма 
жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдары
Әдебиеттер 
1. С.Рахметова Қазақ тілін оқыту әдістемесі «Өлке» 2005 
2. Г.Ж.Тұрдалиева.Баст.сын. қаз.тіл.оқыту әдіст.2007 
Жоспар 
1. Оқушылардың мазмұндама мен шығарма жазу барысында үйренуге тиіс педагогикалық 
білік, дағдылары 
2. Оқушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан жіберген қателерін түзету 
жолдары
Білім алушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан жіберген қателерін түзету 
жолдары
Оқушыларды мазмұндама мен шығарма жазу үйрету барысында оларға қандай білік, дағдылар 
берілетіні белгіленеді. Өйткені оқушының бойында бар білік пен дағдыны қалайша 
пайдаланып, оларды жаңадан қандай дағдыларға төселдіріп, білікке үйрететінімізді біліп 
алмайынша, жұмыстан белгілі бір нәтиже күту қиын. 
Балалар орфографиялық, морфографиялық, синтаксистік білік ,дағдыларға төселуде 
мазмұндама мен шығарма жұмыстары орасан зор көмек етеді. Мазмұндама мен шығарма 


жұмыстарының мақсатында өзі оқушылардың ой операцияларын (жалпылау, анализдеу, 
синтезде у, нақтылау, абстракциялау, даралау) жан - жакты дамыту болғандықтан,осы 
жұмысты іскс асыру барысында кейбір процестер автоматтанып , дағдыға айналады. 
Шығарма мен мазмұндама жұмыстарын жүргізу барысында жасалған қорытындылар мен 
әдістемелік әдсбиеттсрде айтылған пікірлерді салыстыра келіп, оқушылардың жазба 
жұмыстарында жіберген қателерін ескере отырып, тұжырымдағанда, бастауыш сынып 
оқушылары мазмұндама мен шығарма жазу барысында мынандай педагогикалық білік, 
дағдыларға үйренулері тиіс: 
1. 
Мазмұндамадан оқушылар оқылған мәтін қабылдап, сол қабылдағандарын қайта 
жаңғырта алуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге 
дағдыланады, сөз тіркесін құрау, сөйлем құрау шеберліктеріне жаттығады. Осы жұмыстың 
барысында бірқатар сөз тіркесі мсн сөйлемдер, бейнелі сөздер автоматталып, оқушының есінде 
қалады. Оқылған мәтінді қайта жазып беру үшін сөйлемдердегі сөздерді бір-бірімсн 
байланыстыруға жаттығады. Мұндай процестерге жаттығу балаларды шығарма жазуға 
дайындайды. 
2. 
Шығармада ұсынылатын тақырыпқа түсініп, оның жігін ажырата алу дағдысы мен 
шеберлігі қалыптасады. Мысалы, "Мен қалай кезекші болдым?" шығарма жазу тапсырылды 
делік. Мұнда оқушы кезекші болғанда жалпы не істеу керектігі, ксзекшінің міндеті жөнінде 
емес, өз кезекші болғанда не істегені жөнінде жазуға тиіс екенін білуі қажет. Немесе "Мен 
анама көмектесемін" тақырыбы берілсе, жалпы үй шаруасына балалардың қалай көмектесетіні, 
не істейтіні жөнінде емес, сол тақырып бсрілген кезде қандай шаруаға көмектескендігі туралы 
жазуы керектігін оқушы ажырататындай болуы қажет. "Ағашты қалай отырғызады?" 
тақырыбы бойынша жалпы ағаш отырғызу жөнінде білетіндерін жазатын болса, "Біз ағашты 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет