Сабақтың мақсаты: «Әдебиеттік оқу»



бет1/3
Дата05.11.2022
өлшемі32.23 Kb.
#464036
түріСабақ
  1   2   3
Әдебиеттік оқу жазылым


Тақырыбы: Сабақтың мақсаты: «Әдебиеттік оқу» пәнінен жазылым дағдыларын дамытуға берілген тапсырма үлгілерімен жұмыс жасау Жүргізілу түрі: тапсырма үлгілерімен жұмыс
Тапсырма:
1.Жазылым әрекеттері, сауаттылықты қалыптастыру
2.шығарма, мазмұндама,эссе, сурет бойынша шығарма. Жазба жұмыстарының жүргізу кезеңдеріне даярлық.
3. Жазылымның сауаттылыққа және идеяны жеткізуге арналған тапсырма үлгілерін талда 
Біздің Республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушыларды бәсекеге қабілеттендірумен қатар, оларды өз ана тілінде таза сөйлеуге және жазуға бейімдеу талабы тұр. Соған орай оқушылардың жазба тілін дамыту мақсатында жаңартылған білім беру ісіне жазылым әрекетін қосты.
Жазылым төрт дағдының ішінде оқушының нәтижесін көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады.
Жазу – біздің ойымызды тілге аударушы.
«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.
Жазылым – тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Жазба жұмыстары мазмұны мен мақсатына қарай 4 түрге бөлінеді: дербес, нанымды; ақпараттық, шығармашылық.
Дербес жазылым – жазушының жеке тәжірибесі мен сезімін көрсететін, бірінші жақты көзқарасты қолданатын, баяндаудың басы, ортасы, аяғы қызықты құрылымды болып келетін, оқиға орны мен реті логикалық тізбекте берілетін, уақытты көрсететін сөздер мен оқиғалар ауысу тәртібі байыппен баяндалатын жазылым түрі.
Дербес жазылым төртке бөлінеді: хат, өмірбаян, күнделік, монолог.
Ақпараттық жазылым – тақырып бойынша маңызды мәліметтерді нақты беретін, әртүрлі дерекөздерден алынған ақпаратты қолданатын, әртүрлі дерек пен мәліметтерге сүйеніп, қорытынды шығаратын, деректер мен мәліметтер жүйелі берілетін жазылым түрі.
Ақпараттық жазылым түрлері:
1. Хабарландыру; 2. Сұхбат; 3. Жаңалық; 4. Есеп; 5. Хабарлама; 6. Бұйрық; 7. Шақыру; 8. Баяндама; 9. Нұсқаулық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет