Сабақ жоспары Бөлім: 4а бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс



Дата15.04.2024
өлшемі1.7 Mb.
#498754
түріСабақ
8 сынып Қышқыл касиеттері


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс

Мұғалімнің аты-жөні:

Ишімбаева А.Б.

Күні: 13.04.22

Сынып: 8

Қатысушылар саны:10

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қышқылдардың қасиеттері мен қолданылуы
№ 7 зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.4.8-қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Сабақтың мақсаты

  • Қышқылдардың физикалық қасиеттерімен танысады.

  • Қышқылдардың қолданылу салаларымен меңгереді.

  • Қышқылдардың химиялық қасиеті бойынша реакция теңдеулерін жазып, есептер шығарады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс-тар

Ұйымдастыру кезеңі
2 минут

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сабақтың кезеңдерімен және бағалау парағымен таныстырады. Бағалау парағын таратады.

Мұғаліммен сәлемдеседі. Кезекші сыныпта жоқ оқушылар тізімін мәлімдейді.
«Қайдар қарасақ та,
Қайда көз жүгіртсекте
Көретініміз химияның ғажайыптары» - оқушылар хормен айтады.
Оқушылар Random Group Generator сайтының көмегімен 3 топқа бөлінеді.




Random Group Generator (classtools.net)

Үй жұмысы
5 минут

Мұғалім жаңа сабақты бастамас бұрын өткен сабақ бойыша тапсырма береді.

Химиялық диктант

Қышқылдың аталуы

Қышқыл формуласы

Қышқыл қалдығының және оның тотығу дәрежесі

Қышқыл қалдығының аталуы

Тұз қышқылы







хлорид







NO3-







H2SO4




сульфат










карбонат

Дескриптор:

  1. Қышқылдардың атауын жазады.

  2. Химиялық формуласын анықтайды.

  3. Қышқыл қадығын анықтайды.

  4. Қышқыл қалдығының атауын анықтайды. (әр дұрыс жауап 0,2 ұпай)

Жалпы 2 ұпай

Көршіңді тексер әдісі




Жұмыс дәптері, интербелсенді тақта

2 минут

Мұғалім жаңа тақырыпты анықтау мақсатында оқушыларға арнайы Пазл әдісі бойынша дайындалған тапсырма береді.

Пазл әдісі

Оқушылар қышқылдардың түрлерін ажыратады. Тапсырма дұрыс орындалса, жаңа тақырып анықталады.



Жаңа тақырыпты анықтауда белсенділік танытып отырған оқушыларды «Жарайсың!» деген секілді мадақтама сөздердің көмегімен ынталандырып отырады.

https://learningapps.org/watch?v=pzfztqay322 , интербелсенді тақта

Жаңа сабақ
10 минут

Жаңа сабақтың тақырыбымен және оқу мақсатымен таныстырады. Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында арнайы дайындалған видео көрсетеді. Қышқылдардың қасиеттері тақырыбын оқушыларға меңгерту мақсатында 3 топқа тапсырма береді.

1-топ: Кестемен жұмыс
Қышқылдардың физикалық қасиеті бойынша тапсырма беріледі:

Сұйық қышқылдар

Қатты қышқылдар

Суда ерімейтін қышқыл

Жеміс құрамында кездесетін қышқылдар















Индикатор

Әртүрлі ортадағы индикатор түсі

Қышқылдық

Сілтілік

Бейтарап

Лакмус










Фенолфталеин










Метилоранж










Дескриптор:
1.Қышқылдарды физикалық қасиеттері бойынша жіктейді.
2. Әртүрлі ортада индикатор түсін дұрыс анықтап, сәйкес түсті бос орындарға жапыстырады.
2-топ: Мозайка әдісі
Қышқылдардың химиялық қасиеттері

  1. Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі:

Mg + 2HCl = MgCl2 + H2

  1. Қышқылдардың негіздік оксидтермен әрекеттесуі

CuO + H2SO4= CuSO4 + H2O

  1. Қышқылдардың негіздермен әрекеттесуі

KOH + HCl = KCl + H2O

  1. Қышқылдардың тұздармен әрекеттесуі

BaCl2 + H2SO4=BaSO4 + 2HCl

  1. Айрылу реакциясы

H2SiO3= SiO2 + H2O
3-топ: Көрнекі сурет әдісі
Қышқылдардың қолданылуы


Дескриптор:

  1. Жаңа сабақты меңгереді.

  2. Сынып оқушыларына жаңа сабақты меңгертеді.

Жалпы 2 ұпай

Саралаудың жіктеу тәсілі қолданылады.



8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері, плакат, маркер, түрлі-түсті қағаз, клей, көрнекі суреттер

Сергіту сәті
3 минут

Оқушыларды сергіту мақсатында қызықты химиялық тәжірибелерді демонстрациялық түрде көрсетеді.





Химиялық ыдыстар, химиялық реактивтер

Жаңа сабақты бекіту
20 минут

Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмалар береді.

Мықты болсаң, тауып көр!!!
(Жеке жұмыс)
№8-жаттығу 162-163 бет
1-топ:
Mg+H2SO4=MgSO4+H2
3Mg+2H3PO4=Mg3(PO4)2 +3H2
2Al+2H3PO4=2AlPO4+3H2
Fe+2HCl=FeCl2+H2
Hg+H2SO4=реакция жүрмейді
2-топ:
MgO+2HCl=MgCl2+H2O
Al2O3+6HCl=2AlCl3+ 3H2O
Cu+H2SO4=реакция жүрмейді
2Al+3H2SO4=Al2(SO4)3+3H2
Ca+2HCl=CaCl2+H2
3-топ:
Fe2O3+6HCl=FeCl3+3H2O
HgO+H2SO4=HgSO4+H2O
3CaO+2H3PO4=Ca3(PO4)2 +3H2O
2Fe(OH)3+3H2SO4=Fe2(SO4)3+6H2O
CuO+H2SO4=CuSO4+H2O

Жалпы 2 ұпай
Саралаудың қарқын тәсілі қолданылады.

Өзін-өзі тексері



8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері



№7-Зертханалық жұмыс
Мұғалім зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін сұрайды. Қышқылдармен жұмыс жасау кезінде қандай сақтық шараларды сақтау керектігін сұрайды.
Тәжірибені демонстрациялық тұрғыда жүргізеді.

Жұптық жұмыс

1-топ:
1-тәжірибе: Қышқылдардың ерітінділерінің ортасын анықтау


2-тәжірибе: Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі

2-топ:
3-тәжірибе: Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі


4-тәжірибе:Қышқылдардың негіздермен әрекеттесуі

3-топ:
5-тәжірибе: Қышқылдардың тұздармен әрекеттесуі

Зертханалық жұмыста жүзеге асқан химиялық реакция теңдеулерін тақтаға орындайды.

Дескриптор:


1.Зертханалық жұмысты бақылайды.
2.Жүзеге асқан химиялық реакция теңдеулерін жазады.

Жалпы 2 ұпай

Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі қолданылады.

Өзін-өзі тексеру


Химиялық реактивтер мен ыдыстар



Оқушылардың бүгінгі сабақты меңгеру деңгейін анықтау топтық тапсырма береді.

Сиқырлы ұяшықтар

Дескриптор:
1.Әр топ кезек-кезек сұрақтарды таңдайды.
2.Топпен ақылдаса отырып, сұрақтарға жауап береді.

Жалпы 3 ұпай

Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады



Слайд

Үй тапсырма-сы
1 минут



5-жаттығу 162-бет





Кері байланыс
2 минут

Мұғалім оқушылардан бүгінгі сабаққа кері байланыс берулерін сұрайды.


Оқушылар сабақты түсіну деңгейіне қарай стикерлерге өз пікірлерін жазады, бүгінгі сабақты түсіну деңгейіне қарай стикерлерді жапыстырады.

Оқушылар 1-10 ға бейінгі бағлау жүйесі бойынша бағаланады.

стикерлер

Тексерілді
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет