Ашық сабақ жоспары
|
Дайындаған педагог: Тулепова М.М.
|
Модуль атауы/пән: Бейнелеу өнерінің негіздерін меңгеру сурет салу заңдылықтары.
|
Курс: 1
|
Топ: бюджет
|
Сабақтың номері (пардың)
|
1 пардың екінші жартысы
|
Мамандық:
|
02120200 - Киім дизайны
|
|
|
Біліктілік:
|
4S02120203 - Киім дизайнері
|
Уақыты: 9.00-9.45.
|
Ұзақтығы: 45 минут
|
2022-2023 оқу жылы
|
Өткізу орны:
|
511 аудитория
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Қарапайым геометриялық фигуралар, куб, шар, призма, конус құрылымдарын үйрену»
|
Сабақтың мақсаты:
|
Блум таксономиясы бұл оқушының оқу үрдісінде өздігінен білім жинап, белсенді және өз бетінше қарым-қатынас жасай алатындай тәрбиелеу ең басты мақсаты. Блум таксономиясы оқушының еркіндігін қамтамасыз ете отырып, берілген тақырыпты пәнаралық байланыстылықта жан-жақты талдауды жүзеге асыра алуға бағытталған жұмыстармен ұштастырыла жүзеге асырылатын технология.
Білімділік: Натюрморт туралы түсінік беру, геометриялық денелерден тұратын натюрморттың құрылымын көрсетіп, оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету. Алған білімдерін сурет салу барысында жүзеге асыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа үйрете отырып эстетикалық талғамын арттыруға баулу, көлемдік-кеңістіктік ойлауы мен визуальді қабылдаудың мәдениетіне тәрбиелеу.
Дамытушылық: Заттың кеңістіктегі үлгісін саналы, аналитикалық қабылдай білуді дамыту, оның пластикасын, құрылымын, пропорциясын, түс қатынасын және бейнелеу шеберлігін қалыптастыру. Геометриялық дене үлгілерді салу жаттығулары арқылы оқушылардың салу үдірісінде сәулеттік және табиғи пішіндерді талдай білуін дамыту.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |