Сегізінші апта №15, 16 дәрістің тақырыбы: Қос секрециялы бездердің қызметі мен ерекшелік- тері.
Терминдер мен анықтамалар: қос секреция, гипо-гиперсекреция.
Тапсырмалар:
1. Қос секрециялы бездердің қызметі мен жас ерекшеліктері.
2. Ұйқы /қарын асты / безі
3. Жынысбездері
Дәрістің тірек конспектісі:
1. Қос секрециялы бездердің қызметі мен жас ерекшеліктері.
Тимус /айырлы без / кейде айырша без деп те атайды.Екі қызмет атқарады:ішкі секерциялық без ретінде тимоидин гормонын өндіреді және организмнің иммунитетіне маңызы күшті Т-лимфоциттер дамып жетіледі.Ұйқы /қарын асты / безі немесе Лангерганс аралшалары көмірсутегінің аламасуын алмасуын реттейтін гормондары өндіреді.Инсулин және глюкагон гормондарын өндіреді.Ол әрі ішкі (эндокриндік) әрі сыртқы (экзокриндік) сөлініс қызметін атқарады. Сыртқы секрецияық қызметіне ас қорыту ферментін өндіру жатады. Бұл процесті ациноздық клеткалар тобы атқарады.Ациноздық клеткалар басталатын сөл жинайтын ұсақ түтікшелер жинақталса келіп, біздің ұзына бойына орналасқан орталық сол жолына ашылады. Орталық сөл жолы он екі ішектің қабырғасына өт жолымен қатар ашылады.
2. Ұйқы /қарын асты / безі
Ұйқы безінен пайда болған сөлдің (сілтілі реакция) асқорытуда маңызы зор. Сөлдің құрамындағы трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналды. Ұйқы безінің сөліндегілипазаферменті майдыглицеринмен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахахридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің құрамындағы лактаза ферменті сүттің қанты лактозаны моносахарид галактозаға ыдыратады. Оның он екі ішектегі сөлдің рН7,5 – 8,5 тең. Бірақ қарыннан келген ас қоймалжыңы оның белсенді сілті реакциясын рН 4-6 ға дейін төмендетеді. Адам ұйқы безі тәулігіне 2 литрге жуық сөл шығарады.Ішкі секреция қызметін Ленгерганс аралшықтары атқарады. Ең алғаш аралшық клеткаларды дербес 1869 жылы Лангерганс ашқан, сондықтан оның құрметіне осы клеткалар тобын Лангерганс аралшықтары деп атаған.
Ұйқы безінің эндокриндік ролін алғаш рет 1881жылы Улезько – Строгонова көрсетті. 1889 жылы Меринг – пен Миниковский жануарлардың ұйқы безін алып тастағанда оларға диабет ауруының белгілері пайда болып, қан мен зәрдің құрамында қант мөлшері көбейген (гиперглихимия, глюкозурия). Ал 1901 жылы А.В.Соболев диабет ауруын аралшық клеткаларды алып тастаса ғана дамытатынын анықтады. Бездің сөл бөлетін өзегін байлап тастағанда оның секреті жиналып, қысымы күшейеді де экскреторлық тканьдер бұзылады, ал аралшық тканьдер өзгеріссіз қала береді. Мұндайда диабет ауруы пайда болмаған. Сабаеев алғаш рет без сығындысын алып, оның диабет ауруын емдеуге қолдануға болатынын дәлелдеген. Бірақ, бұл жаңалық сол кездегі ғылым деңгейіне байланысты дәріптелмегендіктен ұзақ уақыт бойы қолданылмай келді.1920 жылы Канадалық дәрігерлер Бантинг пен Бест ұйқы безінің аралшық клеткаларының таза тұнбасын алып оны алғаш рет диабет ауруымен ауырған адамды емдеуге қолданған. Сол үшін екеуіне Нобель сыйлығы берілді. Тұнбаның белсенді негізгі ұйқы безінің гормонын инсулин деп атаған. Лангерганс көпіршелері инсулоцит деп аталатын клеткалардан тұрады, инсулин сол клеткаларда өндіріледі. Лангерганс аралшқтарында түзілген секретті сыртқа шығаратын арнаулы өзектері болмайды, олар қанмен жабдықталған.Лангерганс аралшықтары бозафилді немесе -клеткалар, ацидофильді немесе -клеткалар тобынан тұрады. -клеткалар инсулин, -глюкагон. Жас организмде – клеткалар, қартайғанда -клеткалары басым болады. Бұл жас организмде инсулин көп бөлінетін, ал, организмнің қартаюымен байланысты инсулин бөлінуі азайып, керісінше глюкагон түзілуі артатынын көрсетеді. Без аралшықтары қанмен жақсы жабдықталып, симпатикалық және парасимпатикалық нервтермен нервтенеді. Ұйқы безінің дамуы балаларда 1 жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды.Мұның физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста, ал қызметі 15-16 жаста ересектермен теңеседі.
3 Жыныс бездері.
Жынысбездері қос секрециялы бездерге жатады. Сыртқы секрециялық без ретінде оларда жыныс клеткалары - әйелде аналық клетка және ерлерде аталық клеткалар – сперматозоидтар өніп дамиды.Ішкі секрециялық без ретінде ерлер мен әйелдердің жыныс гормондары түзіледі.Жыныс бездері әрі экзокриндік әрі эндокриндік қызмет атқарады: олар жыныс торшаларын — сперматозойд пен жұмыртқа торшаларын, аталық және аналық жыныс гормондарын бөледі. Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонус жағдайында ұстап, негізгі (бастапқы) және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталык және ұрғашы малға тән мінездерді, жыныстық инетинктерді, жыныстық актілерге қабілеттілікті қалыптастырып, өніп-кобеюмен байланысты процестерді, организмнің пісіп-жетілуін реттеуге катысады. Жыные гормондары аталық және аналық болып екі топқа бөлінеді. Олар — холестерин туындылары. Химиялық көзінің ортақтығына қарамай аталық және апалық бездерде биосиигез процееін камтамасыз стстіп фсрмснттсрдіц срекшеліктеріне байланысты гормон түзілу процесі екі бағытта орбиді. Бұл гормондар аталық та, аналық та бездерде қатар түзіледі, бірақ олардыц молшсрі, арақатыпасы бірдей болмайды. Мысалы, ер адамның тәуліктік зэрінде 3 10 мкг андрогендер жэне 5-15 мкг острогендер болса, эйслдер зэрінде 3-10 мкг андрогендер және 18 36 мкг эстрогендер болады. Андрогендер бауыр мен ұлпаларда гликогеннің түзілуін бөгеп, көмірсулар алмасуын жандандырады, денеде майдың жиналуын тежеп, жас ағзаның өсуін үдетеді.