Сабақ жоспары Мектеп: «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»



бет1/2
Дата10.11.2023
өлшемі48.89 Kb.
#482880
түріСабақ
  1   2
«Ана – өмірдің шуағы»


Сабақ жоспары

Мектеп: «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі

Сынып сағатының бағыты

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

Тақырыбы:

«Ана – өмірдің шуағы»

Күні: 05.03

Мұғалімнің аты-жөні: Асылбаева Ә.Б

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мақсаты:



8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, Ана енбегін қадірлеп үмітін ақтауға ,ана есімін ардақтап ,қадірлеуге,сыйлауға баулу. Қыздарды әсемдікке, іскерлікке деген қабілет пен талантын дамыту.
Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнежазба

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру


Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе бар мейірімін
Орнар еді бар әлемде тыныштық
Қар астында қылтиып бәйшек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып,
Аналар мерекесі келеді
Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан ,қалың қардың астыннан бүршік жарады.Біздің асыл аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан Барлық қиындық атауға төзімді болады.

Мұғаліммен амандасады. Назарын сабаққа аударады.
Сынып ұлдары тізбектеліп қыздарға тілектерін білдіріп, сыйлықтарын ұсынады.



Презентация
Сыйлықтар

Сабақтың ортасы

8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді. 1857 жылы 8 наурыз күні Нью-Йоркта тігін және аяқ-киім фабрикаларының жұмысшы әйелдері манифестке жиналады. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын, ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді. Әйелдер сол кездері 16 сағат тер төккен еңбектеріне өте аз жалақы алатын еді. Сөйтіп, 1857 жылы 8 наурыз күнінен бастап кәсіподақ мүшелігіне әйелдер де кіре бастады. Бұл күні бірнеше қалаларда да әйелдер сайлау құқығын талап етіп, шеруге шығады. 1910 жылы Копенгагенде өткен халықаралық конференцияда Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды. Бұл әлемнің төрт бұрышындағы әйелдерге өз құқықтары үшін күресу үндеуі еді. Сонымен қатар әйелдерді кедейшілікке қар-сы, еңбекті бағалау, ар-ожданды қадірлеу, бейбітшілік үшін күресуге шақырады.
Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды.
Бұл мейрам 1911 жылы 19 наурызда
8-наурыз күнгі мереке әлемнің көптеген елдерінде ресми мереке саналады. ”Әр елдің салты басқа, иттері ала қасқа” дегендей, жер-жерлерде түрліше ғұрыптармен тойланады.
Мысалы, Португалия мен Румынияда тек әйелдер ғана кешке ”Women-only” атты мерекелік кешкі асқа жиналады екен.
Италяндық жігіттер нәзік жандыларға сары түсті акация тектес гүлдерді сыйлайды.
Ресейде гүлдермен қатар шоколадтар да мерекелік сыйлықтардың ең көп таралған түрі.
Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.

А.Тұрмағамбетов
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.
В.Г.Белинский
Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

1-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,


Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

2-оқушы: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -


Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

3-оқушы: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.


Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.

4-оқушы: Ана десем шешек ашып жанары,


Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз

Сөзжұмбақ


1.Ең сүйікті адам ...
2.Ананың аяулысы ...
3.Әке - асқар ...
4.Бала жағасындағы ...
5.Әдемі жан ...
6.Қолға салатын әшекей ...

Мақал –мәтелдің ізін жалғастыр


Ананың сүті — бал, ... Баланың тілі — бал.
Ананың ізін қыз басар, ... Атаның ізін ұл басар.
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да......... қарызынан құтыла алмайсың.

Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы,......... Балаң жаман болса, жердің асты жақсы.


Ана алдында құрмет,…… Ата алдында қызмет.


Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,-
Анаға бас иеміз!

Әрқашан да аналар беделі биік болсын!


«Кім екеніңді тап» ойыны
Ойын ережесі
Қатысушылардың әрқайсысы шамамен таза парақ алып, кез келген мәдениет қайраткері, тарихи тұлға немесе кино, әдеби шығарма кейіпкерінің есімін жазады. Бір шарт – ол есім ойынға қатысып отырғандардың барлығына таныс болуы тиіс.
Ойыншылардың бәрі кейіпкер ойлап тауып, жазып болғаннан кейін, парағын жанында отырған көршісіне шеңбер бойымен береді. Өз парағыңызда не жазғаныңызды ойын басталғанға дейін ешкім көрмеуі тиіс екенін ескеріңіз.
Дайындық жұмыстары аяқталып, парақтар таратылып, маңдайларға жабыстырылып болып, бәрі ойынға кірісуге әзір болғанда, ойын басталады. Сұрақты оған тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге болатындай етіп құрастыру керек.
Мысалы, бірінші сұрақ әдетте «Мен шынымен бар кейіпкермін бе?» деп басталады.
Сонымен, адамның сұрағына «иә» деп жауап бергеннен кейін ол сұрақ қоюын жалғастыра береді. Әр адам сұрағына «жоқ» деп жауап алғанға дейін немесе өзі «пас» дегенге дейін ойынды жалғастыра береді. «Пас» мүмкіндігін лайықты сұрақтарыңыз таусылғанда немесе осыған дейін алған ақпаратты ойланып алу керек болғанда алуға болады.

8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі туралы ақпараттар алады.

Ана туралы, қыздар туралы өлеңдерді мәнерлеп оқиды.


Сөзжұмбақты шешеді


Оқушылар мақал –мәтелдің ізін жалғастырады


Ойын ережесімен танысып, «Кім екеніңді тап» ойынын ойнайды 





Презентация



Сабақтың соңы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет