Білім беру ұйымы:
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Пән: Қазақ тілі Т2
|
Бөлім: 3 «Менің отбасым және достарым»
|
Педагогтің Т.А.Ә.
|
|
Күні :
|
|
Сынып:1
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тықырыбы: Менің кітапшам
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
1.2.1.1* сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану;
1.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою және қысқаша жауап беру;
1.5.1.5* мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану.
|
Сабақтың мақсаты :
|
Барлық оқушылар: өткен бөлім бойынша негізгі сөздік қорды тірек суреттер бойынша атай алады, қарапайым сұрақтарға үлгі бойынша жауап бере алады, тапсырмаларды мұғалімнің қолдауымен орындай алады.
Оқушылардың басым бөлігі: 3-бөлімдегі негізгі материалды жақсы түсінеді, үйренген үлгі бойынша айта алады, дәптердегі тапсырмаларды жеңіл орындай алады.
Кейбір оқушылар: 3-бөлім бойынша өткен материалды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, дәптердегі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады
|
Сабақтың кезеңі/
уақыт
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(7 минут)
|
Сәлемдесу ,түгелдеу.
2.«Көңіл-күй аралы» стратегиясы
-Ал, балалар сендердің сабақ басындағы көңіл-күйлерің қандай?
|
Сабақтың басындағы көңіл-күйлерін дөңгелекшелерге смайлдарды салу арқылы көрсетеді.
|
|
|
Қызығушылықты ояту.
1)Сөз бен суретті сәйкестендір.
Іні қарындас,сіңлі әке ата әпке аға ана әже
2)Іс –қимылды суретпен сәйкестендір
Мен доп ойнаймын
|
|
Ол шаңғы тебеді
|
|
Мен сурет саламын
|
|
Мен доп ойнаймын
|
|
Ол велосипед тебеді
|
|
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
|
|
Слайд
|
Сабақтың ортасы
(8-42 минут)
|
№3 дәптермен жұмыс жүргізеді.
1-тапсырма. Суретке қара.Жаз.
Мұғалім карточкалар бойынша 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталату, оқушыларға хормен, жеке-жеке санату, оқушыларға карточкалар-ды таратып беріп, ретімен тұру арқылы қайталату сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырады .
2-тапсырма
Сұраққа жауап бер, Суретпен көрсет.
Сен неше жастасың?
Сергіту сәті
3-тапсырма: Сұраққа жауап бер. Белгіле.
Сенің досың неше жаста?
Оқушылардың «жаста» сөзін дұрыс қолдана алуларына көңіл бөледі.
4- тапсырма.
Суретке қара. Сұраққа жауап бер.Жаз.
Ол неше жаста?
-Қыздың қолыңда неше шар?Қане санайық!
5-тапсырма: Сұраққа жауап бер. Суретін сал.
Сен не істейсің?
6-тапсырма.Сәйкестендір
7-тапсырма.Сандарды қайтала. Боя.
|
Суретке қарап, берілген ана, ата сөздерінде түскен әріптердің орнына а әрпін жазу арқылы толықтырады.
ана. ата
2-тапсырмада оқушылар 1-ден 10-ға дейін санайды, карточкалар бойынша сандарды қайталайды
Тапсырма бойынша сұраққа жауап береді.
Мен алты жастамын.
Сергіту сәтін орындайды.
3-тапсырмада сұраққа жауап береді.
Менің досым ... жаста.
я болмаса
Ол .... жаста.
4-тапсырмадағы берілген суретке қарап, сұраққа жауап береді.
1-сурет: Ол 7 жаста.
2-сурет: Ол 3 жаста.
3-сурет: Ол 2 жаста.
4-сурет: Ол 5 жаста.
7 , 3,2, 5 деп жазады.
Сұраққа жауап береді. Дәптерге суретін салады. Мысалы:
Мен доп ойнаймын.
Деп доптың суретін салады.
Оқушылар сурет бойынша берілген сөздерді қайталайды, содан кейін оларды отбасы және мектеп ұяшықтарымен сызықпен сәйкестендіреді
|
Дескриптор
-сұраққа жауап береді;
- тілдік нормаларды сақтайды
-сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
Дескриптор
-сұраққа жауап береді;
- тілдік нормаларды сақтайды-сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
|
№3 жұмыс дәптері
4бет
|
5бет
суреттер
6 бет
7бет
|
Сабақтың соңы
(3 минут)
|
Рефлексия «Көңіл-күй аралы» стратегиясы
Оқушылар смайлдар арқылы көңіл-күйлерінің сабақтың басындағымен салыстырғанда, сабақ соңында қаншалықты өзгергендігін көрсетеді.
|
|