«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ колледжі
Оқу сабағының жоспары
Модуль /пән атауы: «Көлемді деректерді өңдеуді ұйымдастыру»
Педагог: Оңғарбаева Э.Ж.
2023 жылғы "__01_" ____11_______
Курсы, тобы 3ПО-221
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Қорларға әрекет ету
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Қорларға әрекет ету мәліметтер базасында кесте құру тәсілдерін, айырмашылықтарын үйрету арқылы теориялық білімдерін практикалық жұмыста тиімді пайдалана білуге баулу.
ә) дамытушылық: жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, білім алушылардың теориялық білімдерін практикада тиімді қолдану дағдыларын дамыту.
б) тәрбиелік: жылдамдыққа және жеке жұмыс жасауға баулу. Алған білімдерін еркін қолдана білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Тәжірибелік сабақ
Әдіс тәсілдер: сыни тұрғыдан ойлау әдісі, ойын әдісі, инсерт әдісі
Пәнаралық байланыс: шет тілі, математика.
Көрнекіліктер: Microsoft Access терезелері, таратпа тапсырмалар, слайд.
Техникалық құрал: дербес компьютер, проектор, үлестірмелі тапсырмалар, презентация
Сабақ ұраны: «Білген адам білімді өмір бойы іздейді.»
(А.Иүгінеки)
Сабақ барысы мен мазмұны
І. Ұйымдастыру бөлімі (2мин)
Студенттермен сәлемдесу;
ә) Студенттерді түгендеу;
б) Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
в) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.
Балалар, шығыс ғалымы А.Иүгінеки айтқандай «Білген адам білімді өмір бойы іздейді». Балалар сіздер келісесіздер ме осы ғалымның сөзімен? Онда ешқашанда білім алудан кеш қалмаңыздар деп, бүгінгі сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (8 мин)
Достарыңызбен бөлісу: |