Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Заман, дәуір ̶ тұлғасы
|
Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсебай Ботакөз Оразәліқызы
|
Сынып: 10 «» (Т1)
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Шерхан Мұртаза «Тәуекел той»
|
Сабақтың мақсаттары
|
10.1.2.1- әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
10.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау.
|
Бағалау критерийлері
|
-көтерілген мәселені анықтайды;
-ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды.
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар
|
Өмір бойы оқу: білуге құштарлық дағдыларын дамыту
|
Пәнаралық байланыс
|
Әдебиет теориясы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөз
дер
|
Сабақтың басы
5 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды тақырыпқа қатысты сурет қиындылары арқылы 4 топқа бөлу. Топ өздеріне түскен суреттер туралы айтып өтеді.
Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, күтілетін нәтижелер талқыланады.
II. Қызығушылықты ояту. Топтық жұмыс.
«Сөздік гол» ойыны.
Оқушылар сынып бөлмесінің бұрыштарына жасырынған сөздердің анықтамасын табады.
Түсіндіру жолы:
Сынып бөлмесіне 4 жерге сандық ұғымды білдіретін (сурет) бүктеме парақшаларды іліп қою.
Оқушылар Mtdi.kz сайты арқылы сөздердің анықтамасын табады.Бұл ойын оқушылардың лексикалық қорларын дамытуға септігін тигізеді.Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты болады. Оқушылар өз бойындағы жетістік пен кемшілікті біліп отырады.
Ойын шарты бойынша екі суретте жазылған сөздерді параққа ретімен түсіріп, анықтамасын жазып, сөйлем құрау.Ретімен анықтамасын тапқан топ «гол» деп белгі береді.
|