Мұғалімнің аты-жөні:
|
Усабаева Айгул Аюпжановна
|
Пән/Сынып:
|
қазақ әдебиеті, 5-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
3-тоқсан ,1- апта, №1 сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
1-бөлім: Адамгершілік- асыл қасиет
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы»
|
Оқу мақсаттары:
|
5Т/Ж2 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
|
Сабақ мақсаты:
|
Әдеби шығарманы түсініп оқу арқылы тақырыбы мен идеясын ашу
|
Бағалау критериі:
|
Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен танысады;
Әдеби шығарманы түсініп оқиды;
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Сабақтың мазмұны
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсің бе?
5-сыныптың қазақ әдебиетіне пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы»
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• «Адамдық диқаншысы» өлеңінің тақырыбы мен идеясы
Сенің меңгеретінің:
А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен танысасың
Әдеби шығарманың мазмұнын түсінесің;
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайсың;
|
|
Видео-аудио жазбалар, диаграммалар, кестелер,суреттер.
|
3-5 минут
|
Жаңа сабақ
|
Мұғалім жаңа сабақты әр түрлі тәсілмен түсіндіреді
|
|
|
1-3 минут
|
Тапсырмалар
|
1-тапсырма
«Айналмалы бекеттер» әдісі бойынша сұрақтар беру
1.Өлеңдегі адамдық диқаншысы ,адалдық нұрын себуші кім?
2.Ақын кімге қызмет етуді қалайды?
3. Адамның қандай қасиеттерін көрсетпек болған?
4. Мысал түйіні қай жолдарда берілген?
Дескрипторы:
Өлең шумағын түсініп оқиды;
Өлең тақырыбын ашатын сұрақтарға жауап береді;
Ықтимал жауаптар:
1.А.Байтұрсынов (автор)
2.Халыққа,елге
3. Асыл,жасық
4. Соңғы шумақ
2-тапсырма
«Жаңалық ашамыз» әдісі арқылы әр шумақтан идеясын ашарлық тірек сөздерді табу
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ,көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым,ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп,еңбек,бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды Құдай не керекке-
Мінуге,сою,соғу,жүндемекке.
Жорта бер ,қамыт киіп,қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.
Дескрипторы:
Өлең идеясын ашатын тірек сөздерді табады;
Өлеңдегі тірек сөздердің астын сызады;
3-тапсырма «Сәйкестендіру кестесі» Адам бойындағы асыл қасиеттер мен жасықтықты тауып ,сәйкестендіру.
Адам бойындағы асыл қасиеттер
Еңбекқор,адал,адамдық,жігерлі,қайырымды
Адам бойындағы жасықтық
Жігерсіз,ынжық,былжыр.
|
|
|
1-3 минут
|
Тәжірибе
|
Өзіңді тексер!
Адам бойындағы асыл қасиеттер
Жігерсіз,ынжық,былжыр
Адам бойындағы жасықтық
Еңбекқор,адал,адамдық,жігерлі,қайырымды
|
|
|
2 минут
|
Бекіту
|
Бекіту сұрақтары:
Өлең идеясы туралы ойларыңды «ПОПС формуласы» арқылы білдіріңдер.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,...»
Екінші сөйлем: «Себебі,мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен ,мысалдармен дәлелдей аламын...»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...»
|
|
|
1 мин
|
|
|
|
|