Сабақ жоспарының Үлгісі



Дата02.01.2022
өлшемі68.5 Kb.
#453181
түріСабақ
7-сабақ Зат масссасының сақталу заңы


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Есиркепова Акерке Усеновна

Пән/Сынып:

Химия, 8 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

7-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

ІІ тарау. Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

Сабақтың тақырыбы:

Зат масссасының сақталу заңы. №1көрсетілім «Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе».

Оқу мақсаты:

8.2.3.4 -заттар массасының сақталу заңын білу;

Бағалау критериі:

  • Заттар массасының сақталу заңын біледі.




Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату




Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;

Тапсырмалардың жауаптарын жазу.



Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы



Уақыты

Кезеңдері



Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут

00:00 – 03:00



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгін, ІІ тарау. Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері тарауын бастаймыз.

Сабақтың тақырыбы: Зат масссасының сақталу заңы. №1көрсетілім «Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе».

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:














Презентация Слайд 1-2


8 минут
03:00 – 11:00

11:00-14:00



Жаңа сабақ

ат массасының сақталу заңы

Көптеген тәжірибелер жүргізу арқылы химиялық реакцияға қатысушы заттардың массасының кемімейтіндігі де, артпайтындығы да анықталды.

1748 жылы орыс ғалымы Ломоносов алғаш рет зат массасының сақталу заңын тұжырымдаған болатын. Кейін 1756 жылы металдарды жабық ыдыстарда балқыту тәжірибе жүзінде дәлелдеген. 1789 жылы Ломоносовтан тәуелсіз түрде француз химигі Лавуазье химиялық реакция кезінде тек заттардың жалпы массасы емес, әрбір заттың құрамына кіретін элемент массасы сақталатынын анықтады.

Химиялық реакцияға қатысқан заттардың жалпы массасы одан түзілетін заттардың массасына тең болады. Бұл тұжырым барлық заттар үшін дұрыс және ол зат массасының сақталу заңы деп аталады. Атомдар жоқтан пайда болмайды және бардан жоғалып кетпейді. Сол себепті дұрыс жазылған химиялық реакция теңдеуінде заттардың атомдар саны реакция өнімдерінің атомдар санына тең болады.


Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибені көру үшін келесі бейнематериалға назар аударайық (1-2 видео)
Міне, бастапқы реагенттер мен өнімдердің массалары және атом сандары да тең болатынын көрдіңіздер. Мысалы: Na + O2 = Na2O реакциясы зат массасының сақталу заңына бағынбай тұр, бағыну үшін реакцияны теңестіруге қажетті коэффициенттерді қою қажет: 4Na + O2 = 2Na2O

Зат массасының сақталу заңының маңызы. Зат массасының сақталу заңы ашылғаннан кейін химия жаратылыстану ғылымдарының қатарына қосылды. Себебі бұл заңды басшылыққа ала отырып, химиялық реакция теңдеулеріқұрастырылады және маңызды есептеулер жүргізіледі.


Келесі есептің мысалын қарастырып көрейік

Есеп. Сутек пен оттек 1:8 массалық қатынаста әрекеттесетіні белгілі. 36 г су алу үшін сутек пен оттектің қанша массасы қажет?

Шешуі:

9 г су алу үшін 1 г сутек, 8 г оттек қажет;



36 г су алу үшін х г сутек, у г оттек қажет:

х = 1 г ∙ 36 г / 9 г = 4 г

у = 8 г ∙ 36 г / 9 г = 32 г


Жаңа тақырыпты меңгеру







Презентация

Слайд 3


1-видео (1:34)

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_11020/40.mp4
2-видео (0:20)

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_11020/15.mp4

Слайд 4-7

Слайд 8


10 минут
14:00-23:00


Бекіту тапсырмасы


1-тапсырма. Зат массасының сақталу заңына бағынбай тұрған реакция теңдеуін табыңыз:

  1. 2Al + 3Cl2 = 2AlCl3

  2. Ca + Cl2 = CaCl2

  3. Na + Cl2 = NaCl

Жауабы: C

Жаңа тақырыпты меңгеруге арналған

Зат массасының сақталу заңын анықтау үшін







Дескриптор: Білім алушы

Реакция теңдеуіндегі реагенттер мен өнімдердегі элементтердің атом сандарының және массаларының тең не тең емес екендігін анықтайды



Презентация Слайд 9

Слайд 10


2 минут
23:00-25:00






Оқу тапсырмасы

Зат массасының сақталу заңының өмірдегі маңызы қандай?


Бүгінгі сабақта:




Тақырыпты меңгергенін анықтау







Презентация

Слайд 11




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет