Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы



бет1/4
Дата08.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#122870
  1   2   3   4
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ жоспарларының үлгілері

(іс-тәжірибеден)


Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы

Байғанин орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі


Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,

Байғанин орта мектебі


Құрастырушы: Қосаман Дархан Қосаманқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ұсынылып отырған жинақта қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі қазақ әдебиеті пәнінен сабақтар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.


5-сынып

Тақырыбы: Тіл дыбыстарын қайталау

Мақсаты:

білімділік — дауысты, дауыссыз дыбыстар тақырыптары бойынша алған білімдерін бекіту;

тәрбиелік — туған жерге, отанға деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, ұлттық салт-

дәстүрге тәрбиелеу;

дамытушылық — ой өрісін, тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі:„Деңгейлеп-саралап„ оқыту стратегиясы, „Кубизм„ стратегиясы, дыбыстарға

математикалық тәсілмен мінездеме беру, фонетикалық талдау.



Көрнекілігі: слайдтар, семантикалық карта, үлестірме-кеспелер, кубик.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды үгендеу, оқушылардың,сынып бөлмесінің сабаққа даярлығын тексеру.

2Үй тапсырмасы. 1.Ережелерді қайталау.

2.291.(фонетикалық талдау)

3.292.(сыныптағы аты үнді дыбыстан басталатын оқушының есімін талдау)

М- үнді


ө- жіңішке, жартылай ашық

л -үнді дауыссыз

д- ұяң дауыссыз

і- жіңішке дауысты, қысаң,езулік

р- үнді дауыссыз
Р- үнді дауыссыз

а- жуан дауысты, ашық, езулік

х -қатаң дауыссыз

а -жуан дауысты

т -қатаң дауыссыз

„Кубизим„стратегйясы бойынша қайталау сұрақтарын қою:

1.Фонетика нені зерттейді?

2.Дауысты дыбыс қалай жасалады?

3.Жақтың қатысына қарай ата. Тілдің қатысына қарай ата.

4.Ерін мен езудің қатысына қарай ата

5.Дауыссыз дыбыс деген не? Түрлері? Қатаң дауыссыз қалай жасалады?

6.Үнді,ұяң дыбыстар қалай жасалады?



3.Жаңа сабақ түсіндіру

Топтық жұмыстар

І. 1-деңгейлік тапсырма(міндетті деңгей)

267-жаттығу

а) мәтінді мәнерлеп оқыту

ә) Отан сөзіне синоним сөздерді табу

б) Отан туралы мақал айту

І топқа тапсырма: Мәтіннен тек қана дауысты дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазу(бір дыбысты қайталамау)

ІІ топқа тапсырма: Мәтіннен тек қана қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді теріп жаз (бір дыбысты қайталамау)

ІІІ топқа тапсырма: Мәтіннен тек қана ұяң және үнді дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазу(бір дыбысты қайталамау )



2)ІІ деңгейлік тапсырма (мүмкін деңгей )

Әркім өзінің ең жақсы көретін атын жазып, сол есімге фонетикалық талдау жасау,



3)ІІІ деңгейлік тапсырма (эвристикалық деңгей )

І топқа


Ертеңіне Ұлжан Барлас пен Байкөкшені жібермеді

- Жүрмеңдер, асықпай,әлі біраз күн қонақ боп жатып кетіңдер,-деді.

Бұл -Абайдың тілегі.

Тапсырма 1)Қай шығармадан? Авторы кім?

2)Мұнда қазақ халқына ғана тән қандай қасиетті байқауға болады ?

3) Сол сөзге математикалық тәсілмен мінездеме беру

ІІ топқа

Ботагөз сахарада қына терген

Кім екен жапан түзде сені көрген

Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау

Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген

Тапсырма 1) Қай шығармадан ? Авторы кім?

2)Адам бойында қандай қасиет болмаса жамандыққа барады?

3) Сол сөзге математикалық тәсілмен мінездеме беру.

ІІІ топқа

Мен келдім, Елім, қоныс тауып

Көп көрдім жүрген жерден қатер- қауіп

Жиделібайсың деген жақсы жерге

Көшелік, тіл алсаңдар жерден ауып

Тапсырма 1)Қай шығармадан ? Авторы кім?

2)Мұндағы кейіпкердің бойында қандай қасиет-сезім бар?

3)Сол сөзге математикалық тәсілмен мінездеме беру.

4)Алдымен орындаған балаларға сематикалық карта, интетактивті тақтаға сематикалық картаны және оқушыларды тақтаға шығартып толтыру
І топқа

О- дан бастасаң

Тәуір дейді мені кім?

О- ны алып тастасаң

Мен ешкінің төлімін

(олақ- лақ)

ІІ топқа

Б- дан мені бастасаң

Туыспын,ардақтымын

Б- ны алып тастасаң

Зілдей салмақтымын

(бауыр -ауыр)

ІІІ топқа

Ж- дан бастасаң


Шаң шығарып кетемін

Ж- ны алып тастасаң

Болам иең мекенің

(жел- ел)


Жалпы сыныпқа:

Егер А- дан бастасаң,

Сөздің „көшесімен „.

А-ны алып тастасаң

Сүттің көкесімін .

(ауыз- уыз)

Қосымша сұрақтар:

Өлеңнің әр жолы бірдей дауыссыз дыбыстан басталса, мұндай дыбыстың қайталануын қалай атаймыз? (аллитератция)

Ал бірдей дауты дыбыс қайталанса ше?( ассонанс)

9-сынып оқушысы Отарбеков Наурызбектің ассонанс пен аллетерацияға жазған мысалын тыңдаңдар:

Алдыңғы айда ауданымыздың -„Абай„ „Ақжар „ алылдарын алғаш аралағанымызда , Арманым алыстағы ағайындармен араласу .

Атақты ақындардың атымен аспандағы „Ақжар„ ауылындағы ағайындарым ардақты анамның ағалары Айналайын аталас ағаларым аманшылық айтып, астыма ат атап, ауылға аттандырды „Ақжардың„ арғы асуынан асқан аспан астындағы ай ажарланғандай ақырын ағараңдады(40сөз).

Қазақстанның қалалары -Қостанай, Қызылорда, Қарағандықандай құтты қоныс! Қысқа қараған қарашада Қарағанды қаласына қыдырып қайттым. Қарағандыдағы құдам құрметтеп, қәдірлі қонақ қылды. Құдам қаланы қараңғы қоюланғанша қыдыртты . Қараңғылық құшағындағы қаланы қызықтаған қандай қызық!Қарағандыдан қайтарда құдаммен қимай қимай қоштастым.(39сөз)

ІY деңгейлік тапсырма

( Шығармашылық деңгей)

Аллитерация, ассонансқа мысал жазу

Бағалау.

Үйге тапсырма:

а)Тіл дыбыстарын қайталау.

ә)288-жаттығу.




7-сынып

Тақырыбы: Көсемшенің түрленуі

Мақсаты:

білімділік — көсемшенің өзіне тән ерекшелігін игерту, оқушылардың көсемше тақырыбы

бойынша жинақтаған білімдерін бекіту, етістіктің түрлерін қайталау;



тәрбиелік — оқушыларды отансұйгіштікке, ерлікке, ұлттық рухта тәрбиелеу;

дамытушылық — жас жеткіншектердің ой өрісін, сана сезімін, тіл мәдениетін, шығарма-

шылық қабілетін дамыту.


Сабақтың түрі: Алған білімді бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту технологиясы, интерактивтік әдіс элементтері (топтық

жұмыс), сұрақ-жауап. „Кубизм„ стратегиясы.



Көрнекілігі: слайдтар, үлестірме-кеспелер, оқушылардың бағалау кестесі

Пәнаралық байланыс: Әдебиет 7-сынып, информатика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу;

ә) бөлменің, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

б) оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Көсемшенің түрленуі.

202-жаттығу (көсемшелерді теріп жазып, тұлғасына талдау жасау).

Тақтаға үш оқушыға орындату



ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту үшін қойылатын сұрақтар:

  1. Көсемшенің жұрнақтарын ата.

  2. Көсемше қандай мәнде жұмсалады?

  3. Өткен шақ көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

  4. Ауыспалы осы шақ көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

ІҮ. Жаңа сабақ „Кубизм„ стратегиясын пайдаланып, „Көсемше„ ,„Есімше„ тақырыбтары

бойынша алған білімдерін еске түсіру үшін қойылатын сұрақтар:



  1. Көсемше қалай түрленеді?

  2. Қай тұлғада жіктеледі? Қай тұлғада жіктелмейді?

  3. Күрделі етістіктің құрамында қалай жіктеледі?

  4. Есімше қалай түрленеді?

  5. Есімшенің жұрнақтарын ата.

  6. Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады?

Ү. Топтық жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалар:

  1. Міндетті деңгей

І топқа : Махамбеттің „Ұлы арман„ өлеңі

Желп-желп еткен ала ту

Жиырып алар күн қайда?!

Орама мылтық тарс ұрып,

Жауға аттанар күн қайда?!

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген,

Арғымақтан туған асылды

Баптап мінер күн қайда?!

Алаштағы жақсыдан

Батасын алып , дәм татып,

Түлкідейін түн қатып.

Бөрідейін жол тартып

Жаурынана мұз қатып,

Жалаулы найза қолға алып,

Жау тоқтатар күн қайда?!


ІІ топқа „ Ерлердің ісі бітер ме? „ өлеңі

Бекініп садақ а с ы н б а й,

Біртіндеп жауды қашырмай,

Білтеліге доп салмай.

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жауырын оқ алмай.

Атқан оғы жоғалмай,

Балдағы алтын құрыш болат

Балдағынан қанға боялмай,

Қасарысқан жауыңа

Қанды көбік жұтқызбай.

Халыққа тентек атанбай.

Ерлердің ісі бітер ме?

ІІІ топқа „Ереуіл атқа ер салмай„ өлеңі
Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер салмай,

Қоңыр салқын төске алмай.

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?



Барлық топқа бірдей тапсырма:

  1. Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп оқу, мүмкін болса жатқа айту.

  2. Көсемшелерді табу.

  3. Асты сызылған көсемшені жіктеу.

(Топ жетекшілері бағалау парағын толтырып отырады)

ІІ. Мүмкіндік деңгей.

Оқулықтағы 204-жаттығу



Тапсырма:

  1. Өлеңді жақсы оқитын оқушыға оқыту.

  2. Көсемшелерді тауып, дәптерге қосымшаларын ажыратып жазу.

  3. Есімшелерді табу, оқу.

  4. Мына есімшелерге сатылай-комплексті (кешенді) талдау жасау.

І топ жеткенде сөзіне

ІІ топ болмасқа сөзіне



ІІІ топ жарқылдаған сөзіне

ІІІ Эвристикалық деңгей (Тестік тапсырма)

Оқушыларды „А„ „Ә„ „Б„ деп белгіленген дөңгелек столдарға отырғызу

А„ столына - „5„ бағадан үміткерлер

Ә„ столына - „4„ бағадан үміткерлер

Б„ столына -„3„ бағаны қанағат тұтқандар

Тест сұрақтары



  1. Көсемше қай сөз табына жатады?

А) сын есім Ә) етістік Б) үстеу В) зат есім

  1. Көсемшенің жұрнағын табыңыз.

А) -ып, -іп, -п. Ә) -тын, -тін. Б) -ар, -ер, -р. В) -са, -се.

  1. Көсемшенің жіктелмейтін жұрнақтары белгілеңіз.

А) -атын, -етін, -йтын, -йтін Ә) -а, -е, -й Б) -қалы, -келі, -ғалы. -гелі В) -ып, -іп, -п

  1. Есімшенің жұрнағын көрсетіңіз.

А) -а, -е, -й Ә) -ып, -іп, -п. Б) -ар, -ер, -р. В) -са, -се.

  1. Септеліп тұрған есімшені белгілеңіз.

А) алған Ә) көргенбіз Б) аларым В) бергенге

  1. Көсемшенің жұрнағы нешеу?

А) 7 Ә) 8 Б) 9 В) 10

  1. Көсемшелі сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен малымды бердім. Ә) Сен қалыңдығыңды бергенсің

Б)


ІҮ. Шығармашылық деңгей

М.Әуезовтің „Көксерек„ әңгімесі бойынша „ Көксерек — табиғаттың тағы перзенті„

тақырыбына шағын шығарма жазу.

Ү.Үйге тапсырма


  1. 203-жаттығу

  2. „Көксерек„ әңгімесінен көсемше мен есімше қатысып тұрған 10 сөйлем жазып келу.

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Қорытынды.

8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали - поэзияның хас шебері

Мақсаты:

Білімділік: Ақын жайлы кеңірек мағлұмат беру, поэманың көркемдік табиғатын таныту;.

тәрбиелік: адалдықты, сұлулықты, пәктікті қастерлеу, табиғатты сүюге тәрбиелеу;

дамытушылық: ақын шығармалары арқылы таным, білім көкжиектерін кеңейту, тіл мәдениетін дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта. Слайдтар: Мұқағалидың портреті,ақын жайлы пікір жазылған буклет,Жетімкөл суреті, С.Сейфуллин портреті, Н.Тілендиевтің портреті, тапсырмалар, „Аққу„ күйін тыңдату,

Типі: дәстүрлі емес

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, интерактивтік әдіс (рольдік ойын), „5„ кімге бұйырады?„ ойыны („Миллион кімге бұйырады?„интеллектуальдық телеойынның ізімен)

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі 8 сынып „Сабақтас сөйлем„ 11 сынып С.Сейфуллин „Аққудың айрылуы„, Әдебиет теориясы, информатика

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, бөлменің сабаққа даярлығын тексеру, екі қатарға доға жасап отырғызу

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар,сендер Мұқағалидың өлеңдерімен жастайыңнан таныссыңдар.Бастауыш сыныпқа келгенде:

Мектебің мыныу класың

Осында он жыл тұрасың

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың ,- деп ,өздеріңді алтын ұяларыңмен таны-стырған да Мұқағали. Сендердің оқулықтарыңда да Мұқағалидың өз оқырмандарына арнаған сөздері бар. Соны тыңдап көрейік (бір оқушыға оқытамын). Оның поэмасын талдамас бұрын,ақынның өзі айтқандай, басқа өлеңдеріне шолу жасап, әлімізше ақын жанына үңіліп көрелік.

ІІІ. Ақын жанына үңілу. („Абай жаққан бір сәуле сөнбесін деп„, „Айтып кеткен ақында арман бар ма?!„, „Туған халқым„ , „Қарасаз„, „Ұлыма„ өлеңдерін алдын ала берілген оқушыларға жатқа айтқызу)

ІҮ. Поэманы талдау..

Мұғалім: Оқушылар, өткен сабақта „Аққулар ұйықтағанда„ поэмасының мазмұнымен танысып,идеясын ашып, танысқанбыз. Жоспар,композициясын құрдық,үйге жоспар бойынша негізгі оқиғаларды, кейіпкерлердің сөздерін рольге бөліп жаттап келу берілді. Мұқағали жайлы қосымша әдебиеттер қарап келу тапсырылды.

а) Поэманың композициясы бойынша сұрақтар қою.(Оқушылар сұрақтарға поэмадан үзінділерді жатқа айту арқылы жауап береді)

1. Поэма қалай басталады? 2. Негізгі оқиғамен қалай байланыстырылған? 3.Ананың қасиетке оқ атуына не себеп болды?(Ана — Күйеуі диалогін екі оқушы жатқа орындайды).

4. Оқиға қалай дамиды? («Отырар сазы» оркестрінің орындауындағы Н.Тлендиевтің «Аққу» күйі баяу ойнап тұрады). 5. Табиғат сұлулығын ақын қалай суреттеген?

6. Керемет дүниені көргенде ана қандай күйге түсті? 7. Куә бар ма? (Ана- Жылқышы диалогін екі оқушы жатқа айтады). 8. Оқиға қалай аяқталды?

в) Ой қозғау

Мұғалім: Балалар,біздің ұғымымызда Ана кім? (Өмір әкелуші, өмір себуші) Ақын кімнің жағында? Ақынның ананың ісіне жаны ауырып,қиналу себебі неде? Егер Ананың орнында күйеуі болса,ақын дәл осылай тебіренер ме еді? Қалай ойлайсыңдар?

Енді С.Сейфуллиннің „ Аққудың айырылуы„ поэмасынан үзінді тыңдаңыздар. Мұнда Мерген әйел емес, ер адам. (Үзіндіні оқу)

Сыңсып аққу суды шашып,

Шырқ айналды залымды,

Сұр мергенге төсін ашып,

«Мені де ат!» деп жалынды.

Аққу бетін жаспен жуды,

Көкке шықты күйініп;

Сұр мергенді қоймай қуды,

Көктен жерге түйіліп.

Сұр мергеннің алдына кеп,

Тағы келіп құлады

«атшы жылдам мені де!» деп

Бауырын басып жылады.

Шіркін ғашық жан жолдасын

Тастауға енді қимады

Мөлдіреген көздің жасын

Моншақтатты, тыймады

Аққу білді батыр мерген

Енді мұны атпасын.

Қанға бояп төсін келген

Жұбайымен жатпасын.

Көкке қарай қанат қағып,

Аққу кетті бұлдырап,

Бір мезгілде төмен ағып,

Төңкерілді судырап.

Төмен ағып қадалды да,

Найзадай боп шаншылып,

Сұр мергеннің қақ алдына

Жығылды аққу жаншылып.

Күйікті жар құлап өлді,

Ақ төсін қан ақты.

Жұбайына «ырза бол!» деп

Бір-ақ серпті қанатты.

Ақынның жан тебіренісін байқаған боларсыңдар. Ақындардың аққуы Сәкен де - табиғаттың жоқтаушысы. Нәзік ақын жүрегінің лүпілін мұнда да сездіңіздер. „Табиғатты қорғаңдар! Айнала қоршаған ортаға қамқор болыңдар!„ ,-дейді.Өйткені „Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтар табиғаттың тілі жоқ„

ІІ.Мұғалім: Балалар,Мұқағалиға арналған осы сабақтарда не білдік, нені ойға түйдік соны тексеріп көру үшін өздеріңе танымал „Миллион кімге бұйырады?„ телеойынының ізімен „Бестік кімге бұйырады?„ ойынын ойнап көрейік.

1.Ережемен таныстыру

а)Ойынға кіру үшін тақтадағы сәйкестендіру тестісін орындайсыңдар. Бірінші болған оқушы ойынға кіреді. Ойын үш бөлімнен тұрады.

І бөлімінде 5 сұрақ, ІІ бөлімінде 4 сұрақ, ІІІ бөлімінде 3 сұрақ.

ә)Ойыншының: 1) досынан көмек сұрауға 2) 50\50 көмегін сұрауға 3) І,ІІ бөлімдерден кейін „5„ бағасын алып, ойынды тоқтатуына мүмкіндігі бар.

б)Ойынға қатыспайтын оқушыларға тест сұрақтарын беру

Тест сұрақтары


  1. Мұқағалидың өмірбаяны қай өлеңде айтылған?

А)„Үш бақытым„ В)„Қара өлең„ С)„Менің анкетам„

  1. Мұқағалидың компазитор досы?

А)Ескендір Хасанғалиев В)Нұрғиса Тілендиев

С)Әсет Бейсеуов



  1. Қазіргі қазақ поэзиясында жарқырап көзге түсіп жүрген талантты ақын, Мұқағали жайлы жыр-цикл поэманың авторы?

А)Фариза Оңғарсынова В)Күләш Ахметова

С)Ақұштап Бақтыгереева



  1. Ақын неше жасында қайтыс болды?

А)35 В) 40 С)45

  1. „Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көріңіз„. Кімге жазғаны?

А)Н.Тілендиевке В)Ш.Қалдаяқовқа С)Е.Хасанғалиевке

  1. Ақын мына шет тілдерінің қайсысын білген?

А)ағылшын В)француз С)неміс

  1. Ақынның әжесінің аты?

А)Тиын В)Лашын С)Майгүл

  1. „Аққулар ұйықтағанда„ поэмасының басты тақырыбы?

А)Ананың махабаты В)Табиғат С)Туған жер

  1. Аққудың қасиеті неде?
    А)Сұлулығында В)Жұбайлық өмірінде С)Ұзақ өмірінде
    10. Мемлекеттік сыйлықты қай жылы алды, қай жинағы үшін?

А)„Аманат„ 2000жыл

В)„Жырлайды жүрек„ 1989жыл

С)„Жылап қайттым өмірдің базарынан„ 1994жыл

І ойынның шартты сұрағы

Мұқағалидың үш бақытын ретімен орналастыр.

1.Бірінші бақыты

2.Екінші бақыты

3.Үшінші бақыты а)Тілі б)Отаны в)Халқы


1-бөлім

1.Мұқағалидың туған жылы

а)1930 в)1931 с)1932 д)1935

2.Мұқағалидың туған ауылы

а)Батпаққара в)Қоянды с)Елтінжел д)Қарасаз

3.Мыналардың қайсысы Мұқағалидың кітабы?

а)„Маса„ в)„Шолпан„ с)„Оян,қазақ„ д)„Ана„

4„Майгүлімге „деген өлеңі кімге арнгалған?

а)қызына в)қарындасына с)балдызына д)сүйгеніне

5.„Аққулар ұйықтағанда„ поэмасын ең алғаш қай жазушыға оқып берді?

а)С.Мұқановқа в)Ғ.Мүсіреповке с)М.Әуезовке д)Ғ.Мұстафинге

2-бөлім

1 .„Сай-сайдан бошалаған бозала таң„

„Бошалаған„ сөзі төрт түліктің қайсысына қатысты?

а)сиыр в)жылқы с)қой д)түйе

2. Арша,шырша.жартастар жағадағы

Сұғынып,бәрі көлге табынуда

Бірыңғай мүшелер сөйлемнің қандай мүшелері?

а)бастауыш в)баяндауыш с)анықтауыш д)толықтауыш

3. Мөлдіреген Жетімкөл көкке қарап

Мөлтілдеген көз жасын тия алмай тұр

Троптың қай түрі?

а)кейіптеу в)метонимия с)синекдоха д)аллегория

4. Алып аспан астына сыя алмай бір

Айдын көлін аққулар қия алмай жүр

Қайталаудың қай түрі?

а)аллитерация в)ассонанс с)еспе қайталау д)эпифора



Ойынның 3-бөлімі.

  1. "Аққу" күйі қай кино фильмде орындалады?

А)"Тақиялы періште" В)"Омпа"

С)"Қыз Жібек" Д)"Батыр Баян"



  1. Мұқағалидың Мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы?

А)"Шолпан" В)"Өмір өзен" С)"Аманат" Д)"Өмір- дастан"

  1. Мұқағалидың "Жыламашы қарағым" әнін орындаған қай топ?

А) „Мұзарт„ В)„Нұр-Мұқасан„ С)„Жігіттер„ Д) „Дос-Мұқасан„

ІІ ойын.

2-ойынның шартты сұрағы.

.Мына есімдерді Мұқағалиға туыстық қатысына қарай белгілеңдеріздер.



  1. Сүлеймен -

  2. Лашын -

  3. Жұлдыз - ұлы,әкесі,әйелі.



2-ойынның 1-бөлімі.

1.Мұқағали қай облыста туған?

А)Ақтөбе В)Жамбыл С)Алматы Д)Шымкент

2.Райымбек ауданының бұрынғы атауы?

А)Кеген В)Нарынқол С)Қоянды Д)Еңбекші қазақ

3.Мұқағалидың әжесі кім?

А)Айғаным В)Зере С)Ұлжан Д)Тиын

4. «Аққулар ұйқтағанда» поэмасын тыңдаған соң Ғ.Мүсірепов Мұқағалиға не сыйлады?

А) кітабын В) алтын қалам С) грамота Д) автограф

5. Мұқағалидың шын аты?

А) Мұхаммед В) Мақатай С) Мұқаметқали Д) Мұқамеджан

2-ойынның 2-бөлімі

1. «Сұм жүрек» тіркесі көркемдеуіш сөздің қайсысы?

Әлденеден сұм жүрек сескенеді

Аракідік әлдене ес береді...

А)Теңеу В)Литота С)Эпитет Д)Метафора

2.Қазақ аққуды атуға тура келсе, алдымен қандай ырым жасаған?

А)Орамал байлаған В)Қан шығарған

С)Той жасаған Д)Ештеңе жасамаған

3 .Қайталаудың қай түрі?

Таң мен күннің арасы таянғанда,

Таудың басы алаумен боянғанда,

Тірілетін таудағы бар тіршілік.

А)Ассонанс В)Аллитерация С)Анафора Д)Еспе қайталау

4.Қазақ тілінде сұлу қызға қатысты кездесетін сөз тіркесі.

А)аққу қол В)аққу мойын С)аққу шаш Д)аққу бас

2-ойынның 3-бөлімі

1.„Аққудың айрылуы„ поэмасының авторы кім?

А)Сәкен В)Мағжан С)Абай Д)Сұлтанмахмұт

2.Мұқағалидың өлеңіне жазылған „Күрең күз„ әнін орындаған атақты әншілер?

А)Мақпал, Майра В)Мәдина, Роза

С)Күләш,Зейнеп Д)Жамал, Бибігүл

3.„Тұлпар„ сыйлығын қай жинағы үшін алды?

А)„Жырлайды жүрек„ В)„Шолпан„

С)„Дариға жүрек„ С)„Өмір-өзен»

3 ОЙЫН

1.Мұқағалидың туған жерін ретімен жазыңыз?

1. Облысы-

2. Ауданы-

3 Ауылы- Райымбек, Қарасаз. Алматы.

3-ойынның 1-бөлімі



  1. Мұқағалидың атасының әжесіне қойған аты?

А) Көкбет В) Көкдолы С) Көкдауыл Д) Көкпері

  1. Мұқағали неше жасынан бастап,өлең шығарған?

А)9 В)10 С)12 Д)13

  1. Мұқағалидың алғашқы өлеңі?

А)„Қырман басында„ В)„Қарасаз„

С)Жалғыз терек„ Д)„Отаным„



  1. „Аққулар ұйықтағанда„ поэмасының неше күнде жазған?

А) 1ай В)20 күн С)10күн Д)5күн

  1. Әжесіне арнаған өлеңі?

А)„Асыл әжем„ В)„Әже„

С)„Әжешім, сен барда„ Д) «Сөнбейді, әже, шырағың»

3-ойынның 2-бөлімі

1. Көлдің Жетімкөл аталу себебі не?

А) тау басында орналасқан В) Даламен жалғаспайды
С) аққулар тастап кеткен Д) адамдар бармайды


  1. Қанша ғасыр өтті, қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?

Қанша шырша өсті екен, құлады екен,

Жетімкөлге қараудан шаршамаған?

Фигураның қай түрі?

А)Жарлай арнау В)Сұрай арнау С)Зарлай арнау Д)Инверсия


  1. Тығып ап тұмсықтарын мамығына

Айдын-төсек, аспанды жамылуда.

Көркемдегіш сөздің қайсысы?

А) метонимия В)метафора С)синекдоха Д)кейіптеу


  1. Айдынның еркелері, білмей тұрмын,

Етермін тағдырыңды кімге аманат?! Кімнің сөзі?

А) Ананың В)Жылқышының С)Табиғаттың Д)Ақынның

3-бөлімнің 3-ойыны

1. Таң мен күннің арасы таянғанда,

Таудың басы алаумен боялғанда,

Тірілетін таудағы бар тіршілік

Қанатынан аққудың оянған ба?

Бағыныңқының баяндауыштарының (таянғанда, боялғанда) жасалу жолдары?

А)көсемше +жатыс септік жалғауы

В) түбір етістік +барыс септік жалғауы

С) есімше +жатыс септік жалғауы

Д) тұйық етістік+ табыс септік жалғауы

2.„Аққу көлі„ атты симфониялық шығарманың авторы?

А)Чайковский В)Станиславский

С)Маяковский Д)Дзержинский

3.Аңыз-жырлардағы қай ғашықтардың өмірі қайғылы аққу оқиғасына ұқсайды?

А)Қыз Жібек-Төлеген В)Қозы Көрпеш-Баян Сұлу

С)Қобланды-Құртқа С)Тарғын-Ақжүніс



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет