Сызықтар
Өндірістің кез-келген саласының сызбаларында қолданылатын сызықтар-
дың аталуын, тұрпатын (сызылуын) және негізгі қолданылатын орынын ГОСТ 2.303-68 тағайындаған (1.2 –кесте).
Тұтас негізгі сызықтың қалыңдығы S кескіннің мөлшері мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5-тен 1,4 мм-ге дейінгі аралықта алынады. Сызбадағы бір түрлі сызықтардың қалыңдықтары бірдей болуы тиіс.
Үзілме және үзілме нүктелі сызықтар сызықшаларының ұзындығын кескіндердің мөлшеріне байланысты қабылдау керек. Сызықтар сызықшалары ұзындығы және олардың ара қашықтығы шамамен бірдей болуы керек.
Үзілме нүктелі сызықтар сызықшаларымен қиылысуы керек және аяқталуы керек.
Сызбада сызықтардың ең кіші қалыңдығы 0,3 мм, ал олардың ең кіші ара қашықтығы 0,8 мм болуы тиіс.
1.2 – кесте. Сызықтардың түрлері
Аталуы
|
Тұрпаты (сызылуы)
|
Сызықтың қалыңдығы (негізгі сызықтың қалыңдығына байланысты)
|
Негізгі қолданылатын орны
|
1. Тұтас қалың,
негізгі
|
|
S
|
Көрінетін нұсқа (контур) сызықтары;
көрінетін ұласу сызықтары
|
2. Тұтас
жіңішке
|
|
|
Беттестірілген қималардың нұсқаларының сызықтары; шығару және өлшем сызықтары; тілік пен қиманы штрихтау сызықтары; көмекші тұрғызу сызықтары; жазулардың астын сызу сызықтары
|
3. Тұтас
ирек
|
|
|
Үзу сызықтары; көріністегі тіліктен шектеу сызықтары
|
4. Штрихты
(Үзілме )
|
|
|
Көрінбейтін нұсқа сызықтары; көрінбейтін ұласу сызықтары
|
5. Жіңішке нүктелі үзілме сызық.
|
|
Сызық бөліктерінің ұзындығы 5 мм-ден 30 мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3 мм-ден 5 мм-ге дейінгі аралықта алынады.
|
Сызбаның осьтік және центрлік сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.
|
6. Қалаңдатылған
штрихпунктирлі
|
|
|
Температуралық өңдеуге немесе қапталуға тиісті беттерді көрсететін сызықтар; қиюшы жазықтықтың алдындағы элеметтерді кескіндеу сызықтары
|
7. * Үзік
|
|
|
Қиюшы жазықтықтардың орнын көрсететін сызықтар немесе қима сызықтары
|
8. Тұтас жіңішке
сынықты
(іркісінді)
|
|
|
Ұзын үзу сызықтары
|
9. Штрихпунк-
тирлі жіңішке
қос нүктелі
|
|
|
Жазбалардағы бүгу сызықтары; нәрсенің бөлшектерін шеткі немесе аралық жағдайда кескіндейтін сызықтар; көрініспен бірге орындалған (беттестірілген) жазбаны көрсететін сызықтар
|
*Күрделі тіліктер мен қималар үшін үзік сызықтың ұштарын жіңішке
штрихпунктирлі сызықпен жалғастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |