Сабақ Лексикалық тақрып: Ел тыныштығы ер қолында Ел қауіпсіздігін сақтау. Тыныштық белдеуі. Шекарашылар қызметі. Ел тыныштығын күзеткен. Шекарашылар туралы бейнесюжет дайындау



бет1/3
Дата22.08.2022
өлшемі19.05 Kb.
#460001
түріСабақ
  1   2   3
9саб1сем


9-Сабақ
Лексикалық тақрып: Ел тыныштығы – ер қолында Ел қауіпсіздігін сақтау. Тыныштық белдеуі. Шекарашылар қызметі. Ел тыныштығын күзеткен. Шекарашылар туралы бейнесюжет дайындау.
Грамматикалық тақрып: Сөйлемдегі логикалық, мағыналық қатынас түрлері: атауыштық қатынас және хабар жеткізу мағынасы, ақпаратты алу мағынасы; бұйрық, нұсқау, талап ету мағынасы; предикаттық қатынас.
1. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері мемлекеттік шекараның мән-маңызы арта түсті. Елдің мызғымастығы – мемлекеттік шекараның беріктігімен тығыз байланысты. Ата-бабаларымыз қаншама ғасыр бойы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сыртқы күштерден қорғаған жерімізді бекемдеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1992 жылғы 18 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі дүниеге келді. Осы жерде сәл шегініс жасап, мемлекеттік реформаларды жүзеге асыруды қолға ала бастаған 1992 жылға ойша көз жүгіртіп көрелік.
Бұл тұста ең алдымен, тұрғындардың әл-ауқатының төмендеуі мен тұрмысқа қажетті тауарлардың өте қат болуы, өндіріс ошақтарының уақытша тоқтауы секілді жағдайлар ойға оралады. Осындай уақытша қолбайлауларға қарамастан, мемлекеттік институттарды құру жұмыстарының қарқынды жүргізілгенін жақсы білесіздер. Былайша айтқанда, жаңа, тәуелсіз мемлекеттің негізі сол бір өтпелі кезеңде қаланды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шаңырақ көтерген уақыттан бері қыруар жұмыстар жүзеге асырылды. Жасыратын несі бар, қалыптасу кезеңі оңайлықпен өткен жоқ. Өтпелі кезеңдегі болмай қоймайтын қиыншылықтар Шекара қызметін де айналып өтпеді. 1992-1993 жылдары, шекара құрылымдарында қарапайым ғана жанар-жағар майдың өзі жетіспей жататын. Мұның өзі белгілі бір деңгейде қиындықтар туғызды. Шекарамыздың Түркіменстан учаскесінде бәрін басынан бастауға тура келді. Ауыз су мен электр жарығының тапшылығы бар, жүздеген километрге созылған Үстірт шоқысында бірде-бір елді мекен қоныстанбаған. Сол сияқты, еліміздің оңтүстік шептерінде де біраз қиындықтар болды. Ол жерде біз тұрақты контрабандалық жолдарды жауып, 1999 жылдың күзінен бастап шекаралық бөлімшелерді қоя бастадық. Бүгін сол қиындықтардың барлығы артта қалды.
Еліміздің тек қана құрғақтағы шекарасының жалпы ұзындығы 14 мың шақырымды құрайды. Ал оны күзету – айтуға ғана оңай. Мемлекетіміздің шекара саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудің біртұтас жүйесін құруға, мемлекеттің аумақтық тұтастығына қол сұғудың алдын алуға және оған тосқауыл қоюға бағытталған.
Оның үстіне көршілес елдермен мемлекетаралық қатынастар қарқын ала бастаған сайын еліміздің шекарасында экономикалық және саяси мүдделерді қорғау қажеттігі туындап отыр. Осынау міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 шілдедегі Жарлығымен Мемлекеттік шекараны қалыптастырудың және жайластырудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Еліміздің мемлекеттік шекарасын күзетуді ұйымдастыруда Шекара қызметі осы құжаттарды басшылыққа алуда. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде “Шығыс”, “Оңтүстік”, “Батыс”, “Солтүстік” өңірлік басқармалары құрылды. Осы аймақтық басқармалардың құрамында бірнеше шекара отрядтары бар. Алғы шептегі шекара заставаларына қажетті ғимараттарды бөлуде жергілікті әкімшілік органдары түсінушілікпен көмек беріп отырды. Шекара қызметінің құрылымдарына қолдан келген көмектерін аямаған облыс әкімдеріне ризашылығымды білдіремін. Қорыта айтқанда, Мемлекеттік шекарамызды қалыптастыру мен жайластырудың мемлекеттік бағдарламасының талаптары рет-ретімен орындалу үстінде.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет