«Өзiн-өзi тану» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспары
№52 Шағын орталық
Тақырып: «Дос болайық бәріміз»
Тәрбиеші: Маралбекова Жансая Маралбекқызы
Мерзiм: 18.02.2015ж.
Тобы: «Күншуақ» балалар саны_______
Сабақ мақсаты: Достық құндылықтарының мәнін түсінуге ықпал ету.
Құндылық: Адамгершілік. Қасиеттер: Сүйіспеншілік мейрімділік
Міндеті:
1 Қамқорлық , бірлік туралы достыққа үйрету
2 Достық қарым қатынас дағдыларын дамыту
3 Айнала қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)
|
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбері»
Қол алысып қане біз
Достасайық бәріміз
Айтарым бар сендерге
Тез тұрыңдар шеңберге
Қандай жақсы бір тұру
Достарменен бір жүру
Қандай жақсы дос болу
Әңгімелесу. Сұхбаттасу .
М . Төрежанов
«Адал дос» әңгімесі.
Екі дос көше бойымен жайбарақан әңгімелесіп келе жатты . Оның біреуі Абыланда , екіншісі Абыз. Абыздың ден саулығы нашар , көп жүгіре алмайтын
Бір үйдің жанынан өте берегнде дәу қара төбет арсылдап , тура алдарынан шыға келді.
Абыз :-Аблан , қаш , әне ит келіп қалды , деп қатты қорқып айқайлап жіберді .
Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды . Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнешерет жұлқылап та үлгерді . Үлкендер келіп Абылан ды құтқарып алды . Абыз Абыланның жанына келіп :
-
Мен қаш дегенде неге қашпадың ? Қашып кеткеніңізде , шалбарыңды ит жыртып тастамас еді , деп жатыр . Мен қашатын болсам , сен тұтылатын едің . Өйткені сен қатты жүгіре алмайсынғой . Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым , деді Аблан . Достар деген осындай болар деді олардын сөзін естіген үлкендер сүйсініп .
Сұрақ - жауап.
-
Екі баланың достығын неге адал шынайы деп атады ?
-
Сен Абыланның орнында болсаң, не істер едің ?
-
Сен досыңа достық көмегіңді қалай көрсетесің ?
3.Тосын сый
Көрініс : « Адал дос « Әңгімесінен үзінді .
|
Сабақ барысын талқылау
|
-
Дәйексөз
« Адал дос алтыннан да қымбат»
-
«Достық- қиындықта сыналады»
Достар әр кезде өз ара түсініп , бірбіріне көмектеседі , осындай достықты шынайы достық деп айтуға болады .
Тақпақ
Досым артық өзімнен ,
Мен екі алсам жүреді ,
Ол қызарады үнемі .
|
|
5.Үй тапсырмасын тексеру.
- Түлкі мен тыйынның достығы .
|
|
6. Дәптермен жұмыс
Достық бірлікте – суретке қарап достардың бірігіп қалай үй салып жатқанын қараңдаршы .
|
| -
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Қарлығаш боп ұшайық
Бір отырып бір тұрып
Жақсы серігіп қалайық
|
| -
Жүректен жүрекке
Балалар қорапшаның ішіндегі жүрекшелерді өздеріне ұнаған түстерді таңдап. Сол жүрекшенің не білдіретінін айтып ілу .
|
| -
Топпен өлең айту.
Әр қашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Іргелі жүріңдер
Достық жырын біліңдер
Туғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер .
Қ-сы
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |