Қысқамерзімді жоспарлар
3-сабақ. «Менің жетістігім-менің нәтижелерім»
Бөлімі
|
I бөлім. «Менің жетістігім-менің нәтижелерім»
|
Педагогтің аты-жөні
|
Орынбек Жансая
|
Күні
|
22.09.2023ж
|
Сыныбы 7 «Б»
|
Қатысушылар саны: 21 Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Менің жетістігім-менің нәтижелерім»
|
Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты
|
«Менің жетістігім – елімнің жетістігі»
|
Сабақтың мақсаты
|
1. Оқушыларды саяси саналылыққа, достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
2. Болашақ ұрпақты спорт, өнер, білімді сүйетіндей тұлға қалыптастыру.
3. Жастарды жан-жақты дамыту, спорт, өнер, білімге ынталандыру мен қатар сүйіспеншіліктерін арттыру.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезені/ уақыт
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 минут
|
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
|
Мұғаліммен амандасады.
Сабақтың мақсаттарымен танысады.
|
|
Интербелсенді тақта
|
Топқа біріктіру
2 минут
|
Оқушыларды топқа бөлу
«Спорт» тобы
«Өнер» тобы
|
Оқушылар стөлдегі суреттердің бірін таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді
|
|
Сурет,
интербелсенді тақта
|
Алдыңғы білімді еске түсіру
3 минут
|
«Ашық микрофон» әдісі (оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру) арқылы оқушыларға сұрақ қою.
ҚР көркем гимнастика шеберлерін ата?
Спорт қашан пайда болды?
«Дені саудың жаны сау» дегенді қалай түсінесің?
Қандай спорт түрлерін білесіз?
Алғашқы спорт түрі қандай болды?
Шымкент қаласында неше театр бар ?
|
Оқушылар берілген сұрақтарға жылдам әрі тұжырымды жауап береді.
|
Өзін өзі бағалау
Тиімді кері байланыс
|
Интербелсенді тақта, сурет слайд
|
Сабақтың ортасы
15 минут
|
Әлия Мақсұтқызы Жүсіпова (15 мамыр 1984 жыл, Шымкент Түркістан облысы) - Көркем гимнастика спорт шебері. Осы спорттан Олимпиадаға Қазақстаннан жалғыз жолдаманың иегері.
2010 жылдан бері - көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы. Дүниежүзілік дәрежедегі төреші.
Жетістіктері ҚР 10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы;
Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері;
Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы;
Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан.
ҚР үздік спортшысы (2004).
ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006).
Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008).
Түркістан облысының Құрметті азаматшасы (2004).
«Құрмет» орденімен (2004);
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған.
2006 жылғы Азия чемпионаты
2006 жылы Үндістанның Сурате қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өткен еді. Әлия Жүсіпова Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алды. Алғашқы алтынды көпсайыста алған ол доп, шығыршық, скакалка, лента секілді бағдарлама түрлерінің бәрінде де жеңімпаз болып шықты. Және бір атап өтетін жәйт – қазақ гимнасшы қыз Қазақстан көркем гимнастика тарихында алғаш рет Азияның абсолютті чемпионы атанды.
Жаттықтырушысы
Әлия Жүсіпова Мәскеуде олимпиадашылар дайындайтын атақты Ирина Винердің тәлімінде жаттыққан.
Жанұясы:
Әкесі - Жүсіпов Мақсұт Саидұлы (1956 жылы туған), запастағы ҰҚК полковнигі, Шымкент қаласы Әуесқойлар боксы ассоциациясының президенті. Анасы - Сарбаева Ася Кеңесбекқызы (1964 жылы туған), бухгалтер-экономист.
Жеке өмірі
Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін (2006), жаттықтырушы-оқытушы; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасын «Психология және педагогика» мамандығы бойынша (2008) бітірген.
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы, заңгер.
|
Оқушылар мұқият тыңдайды және ойларын бөліседі
|
|
Интербелсенді тақта, слайд
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |