Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі171.57 Kb.
#10257
Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы N 01-08/142 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 18 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5306 болып енгізілді.


"Заң газеті" газеті 2008 жылғы 16 қазан, N 158 (1384), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2008 ж., N 10

       Қолданушылардың назарына!!!


      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (А.Қ. Құлназаров) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің "Спорт атақтары мен разрядтар беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 06-2-2/131 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу реестрінде 2004 жылы 29 сәуірде N 2829 болып тіркеліп, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық бюллетенінде 2005 жылы қазанда N 19, 167-бетте жарияланған)
күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Х.Н. Мусинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің


      міндетін атқарушы                         Қ. Өскенбаев

Қазақстан Республикасы Туризм    


және спорт министрі         
міндетін атқарушының        
2008 жылғы 22 тамыздағы       
N 01-08/142 бұйрығымен       
бекітілген              

Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан
төреші санаттарын беру
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) спортшылардың спорттық шеберлік деңгейін бірыңғай бағалауды қамтамасыз ету мақсатындағы спорттық атақтарды және разрядтарды, төреші санаттарын берудің ресімдері мен шарттарын айқындайды.


      2. Спорттық атақтар мен разрядтар Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-1-бабына және "Қазақстан Республикасының бірыңғай спорттық жіктемесіне" сәйкес беріледі.
      3. Қазақстан Республикасының бірыңғай спорттық жіктемесі (бұдан әрі - Жіктеме) – спорт түрлерінен спортшылардың шеберлік деңгейін анықтайтын спорттық атақтардың, разрядтардың жүйесі.
      Жіктеме 4 жылдық (олимпиадалық) кезеңге бекітіледі. Қазақстан Республикасында спорт түрлерінің дамуына байланысты спорт түрлерінен қоғамдық бірлестіктердің (бұдан әрі - федерациялар) ұсыныстары бойынша уәкілетті орган Жіктемеге тиісті өзгерістер енгізеді.
      Спорт түрлерінің ерекшеліктері, спортшылардың жынысы мен жасын ескере отырып белгіленген және нақты жағдайларда орындалған разрядтық талаптар мен нормалар спорттық жетістіктердің көрсеткіші болып табылады.
      4. Жіктеменің талаптарына сәйкес спортшыларға келесі спорттық атақтар мен разрядтар беріледі.
      1) спорттық атақтар:
      «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы;
      «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы;
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
      Қазақстан Республикасының спорт шебері.
      2) спорттық разрядтар:
      Қазақстан Республикасының спорт шеберлігінен үміткері;
      1-ші разрядты спортшы;
      2-ші разрядты спортшы;
      3-ші разрядты спортшы;
      1-ші жасөспірімдік разрядтағы спортшы;
      2-ші жасөспірімдік разрядтағы спортшы;
      3-ші жасөспірімдік разрядтағы спортшы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      5. Спорт түрлерінен төрешілік санаттары уәкілетті орган бекіткен "Қазақстан Республикасындағы спорт түрлері бойынша төрешілік санаттарының жіктемесіне" сәйкес (бұдан әрі - спорт түрлері бойынша ТСЖ) беріледі.
      6. Спорт түрлерінен келесі төрешілік санаттарды беру анықталады:
      1) "Спорт төрешісі";
      2) "I Санаттағы спорт төрешісі";
      3) "Спорттан ұлттық төреші";
      4) "Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші".

2. Спортты қ ата қ тар мен разрядтарды ж ә не т ө реші
санаттарын беруді ң шарттары

      7. Жіктемеде белгіленген разрядтық нормалар мен талаптарды орындаған Қазақстан Республикасының азаматтарына - спортшыларға спорт разрядтары беріледі.


      8. Спорттық атақтар мен разрядтардың орындалуын спорт түрлерінен мына құрамдағы төрешілер алқасы растайды:
      1) «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын беру үшін - төрешілер алқасы «Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші» санатындағы кемінде үш төрешіден тұрады;
      2) спорттық разрядтар беру үшін:
      Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерге - «Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші» санатындағы екі төреші және «Спорттан ұлттық төреші» санатындағы үш төреші;
      1-ші разрядты спортшыға - «Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші» санатындағы екі төреші және «Спорттан ұлттық төреші» санатындағы екі төреші;
      2-3-ші разрядтағы спортшыға - «Спорттан ұлттық төреші» санатындағы екі төреші және бірінші санаттағы екі төреші;
      1, 2, 3 жасөспірімдік разрядтағы спортшыға - бірінші санаттағы екі төреші және спорт жөнінде екі төреші болуы қажет.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      9. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын, осы бұйрықтың 15-1-тармағында қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайларда, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери орталық спорт клубының, спорт түрлерінен республикалық федерациялардың ұсынымы бойынша уәкілетті орган береді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      10. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер спорттық разрядын, бірінші спорттық разрядты аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның, спорт түрлерінен облыстық федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган береді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      11. Екінші және үшінші спорттық разрядтарды, жасөспірімдер арасындағы бірінші, екінші және үшінші спорттық разрядтарды дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы субъектілерінің ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган береді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      12. Жекелеген ведомстволық спорт клубтары мен қоғамдық спорт бірлестіктерінде жүргізілетін спорт түрлерінен спорттық разрядтарды уәкілетті органдармен келісе отырып, олардың өздері жүзеге асырады.
      13. Спортшыны спорттық атаққа ұсынуға құқылы ұйымдар тиісті нормативтерді немесе талаптарды орындаған сәттен бастап, алты ай ішінде құжаттарын уәкілетті органға жіберуі қажет.
      14. <*>
      Ескерту. 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      15. Атақ беру туралы ұсыныста (осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес) спортшының жетістіктері көрсетілуі қажет. Ұсынысқа мыналар қоса беріледі:
      1) жарыстың аты, жарысты өткізу орны мен мерзімі көрсетілген, жарыстың бас төрешісі мен бас хатшысы қол қойған жарыс хаттамасының үзіндісі;
      2) аталған спорт түрі бойынша республикалық федерацияның мөрімен расталған жарыс хаттамасының көшірмесі;
      3) күрес түрлерінде, бокста жарыстың бас төрешісі, бас хатшысы қол қойған жеңісі туралы анықтама (осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес);
      4) дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық және қалалық (республикалық маңызы бар қалалар Астана және Алматы) аумақтық атқару органдарының ұсыныстары;
      5) атақ беру үшін үміткердің 3,5 х 4,5 екі суреті.
      15-1. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағын алу үшін Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар осы ереженің 15-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбайды.
      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      15-2. Уәкілетті орган Олимпиада, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар аяқталғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағын беру туралы бұйрық шығарады.
      Ескерту. 15-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      16. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі қалалық, аудандық атқарушы органдар балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің түлектері мен спортшыларына, спорт клубтары мен дене шынықтыру және спорт ұжымдарының мүшелеріне төрешілік тәжірибесін растайтын құжаттары болса, сондай-ақ спорт түрлері бойынша ТСЖ талаптарына сай келсе, "Спорт төрешісі" төрешілік санатын береді.
      17. "I Санаттағы спорт төрешісі" төреші санатын төреші тәжірибесі курсынан өткендігін растайтын құжаттары болған жағдайда, сондай-ақ спорт түрлері бойынша ТСЖ талаптарына сәйкес дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық атқару органы береді.
      18. Жекелеген ведомстволық спорт клубтары мен федерацияларда дамытылған спорт түрлері бойынша "Спорт төрешісі", "I санаттағы спорт төрешісі" санаттарын берудің тәртібін сол спорт ұйымдарды белгілейді.
      19. "Ұлттық спорт төреші", "Жоғары дәрежелі ұлттық спорт төреші" төреші санаттарын тәжірибе курсынан өткендігін растайтын құжаттары бар болса, сондай-ақ спорт түрлері бойынша ТСЖ талаптарына сәйкес уәкілетті орган береді.
      "Ұлттық спорт төреші", "Спорттан жоғары санатты ұлттық төреші" санаттарын беру үшін келесі құжаттар тапсырылады:
      1) облыстық, Астана және Алматы қалалары атқарушы органдарының дене шынықтыру және спорт басқармаларымен келісілген ұсыныс осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес;
      2) аталған спорт түрі бойынша республикалық федерациялардың төрешілер алқасы өткізетін, төрешілердің республикалық семинарының өтуі туралы анықтама;
      3) облыстық, Астана және Алматы қалаларының атқару органдары дене шынықтыру және спорт басқармаларының қолдаухаты.
      "Спорттан ұлттық төреші" және "Спорттан жоғары санатты ұлттық төреші" төрешілік санаттарын беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның комиссиясы құжаттар түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды.
      20. Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру мәселелерін алқалы қарау үшін уәкілетті органда, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарда консультативтік-кеңесші органдар - Спорт атақтарын, разрядтарын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      21. Комиссия мына құрамда құрылады: комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері, комиссия хатшысы. Комиссияның құрамы уәкілетті органның, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      22. Атақ беруге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажеттілігіне қарай Комиссия шақырылады, бірақ айына бір реттен аспауы қажет. Комиссия отырысы Комиссия мүшелері жалпы санының 2/3 болғанда өткізіледі.
      23. Комиссия ұсынылған құжаттарды келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде қарайды. Отырыста қарау кезінде Комиссия спорттық атақ, разрядты беру немесе спорттық атақ, разрядты беруге ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      23-1. Спорттық атақ, разрядты беруге ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту негіздері мыналар болып табылады:
      1) осы Ереженің 13, 15, 19 тармақтарының талаптарын орындамау;
      2) ұсынылған құжаттардың жалғандығы;
      Ескерту. 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      24. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға төраға, төрағаның орынбасары және дауыс беруге қатысушы комиссия мүшелері мен хатшы қол қояды.
      25. Уәкілетті орган, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган Комиссияның хаттамасының негізінде Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы бұйрық шығарады.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      26. <*>
      Ескерту. 26-тармақ алынып тасталды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      27. <*>
      Ескерту. 27-тармақ алынып тасталды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      28. <*>
      Ескерту. 28-тармақ алынып тасталды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      29. Әрбір төрешілік санатқа арналған куәліктердің, эмблемалардың, белгілердің, төрешілердің спорттық киімдерінің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді.
      30. Спорт түрінен төрешілер аталған спорт түрі бойынша республикалық федерацияның төрешілер алқасында есепте тұрады.
      31. Жарыс төрешілігіне қатысу, спорт түрлері бойынша республикалық федерациялардың төрешілер алқасы беретін спорттан төрешінің есеп кітапшасына жазылады.

3. Қорытынды ережелер

      32. Спорттық атаққа лайық немесе разрядтық талаптарды орындаған спортшыларға тиісті куәліктер (3-қосымшаға сәйкес) тапсырылады.


      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      33. Куәліктерді тапсыру, берілген куәліктерді тіркеу журналында тіркеледі.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      34. Дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган спорттық атақтар немесе разрядтар беру туралы бұйрықтардың негізінде жіктеме сынақ кітапшаларын (4-қосымшаға сәйкес) ресімдейді.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

                             Спорттық атақтар мен разрядтар


                             және спорттан төреші санаттарын
                                 беру жөніндегі ережеге
                                        1-қосымша

ҰСЫНЫС

Атақ

Түрлі түсті
сурет (2 дана)
3,5 х 4,5

Спорт түрі




тегі, аты, әкесінің аты
(мемлекеттік және орыс
тілдерінде толтырылады)

Туған күні

Ұсынып отырған өңір (облыс,
қала)

Мекеме

Спорт мектебі

Оқу, жұмыс орны

Білімі

Дене шынықтыру
білімі

Спортпен шұғылдану өтілі

Үйінің мекен-жайы

Алдыңғы атағы

Атақ берілген немесе расталған күн







Спортшыны даярлаған
жаттықтырушының Т.А.Ә.

Жаттықтырушылық санаты







Бастапқы дене
шынықтыру ұйымы
Басшы ________
       МО
Күні 200__ жыл "__"___

Дене шынықтыру
және спорт
басқармасы
(облыс, қала)
Басшы ________
      МО
Күні 200__жыл "__"___

Аталған спорт түрінен
Қазақстан Республика-
сының федерациясы
Басшы ________
       МО
Күні 200__жыл "__"____

   Комиссияның қарауына келіп түскен күні 200__жыл "__"____

Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)

Орындаған
күні (күні,
айы, жылы)

Жарыстардың
атауы

Жарыс
дәрежесі,
санаты

Көрсеткен
нәтижесі

















































Төреші
лауазымы

Төрешінің
Т.А.Ә.

Қала (ел)

Төрешілік
санаты

Бас төреші










Бас хатшы










Аға төреші,
төреші













Атақ беру туралы
белгі

Жауапты тұлға
(Т.А.Ә.)

Лауазымы










Бас тартудың себебі және тәртіп бұзушылық туралы белгі
жіберілген күні 200___жыл "______"___________

                              Спорттық атақтар мен разрядтар
                             және спорттан төреші санаттарын
                                 беру жөніндегі ережеге
                                        2-қосымша

                  Жеңіс туралы анықтама _____________________________________________________берілді


                       Т.А.Ә.
_____________________________________________________ қаласы
Жарыстың өтетін орны мен мерзімі ___________________________
Салмақ дәрежесі __________________ кг-ға дейін
__________________________________________ _______ орын алды
Аталған салмақ дәрежесінде қатысқан спортшылардың
саны________________________________________________________
____________________________________________________________

Р/с
N

Спортшының
аты-жөні

Облысы
(қаласы)

Спорттық
атағы

Нәтижесі














































      Жарыстың бас төрешісі _______________________________
                                       (т.а.ә.)
      Жарыстың бас хатшысы ________________________________
                                       (т.а.ә.)

      Жарыстың бас төрешісінің қолы


      өткізуші ұйымның мөрімен бекітіледі

                                    Спорттық атақтар мен разрядтар


                                   және спорттан төреші санаттарын
                                        беру жөніндегі ережеге
                                               3-қосымша

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
министрлігінің
Спорт комитеті

Куәлік N________

      Тегі _______________________________________
      Аты  _______________________________________
      Әкесінің аты _______________________________
      Спорттық атақ берілді: _____________________
               Төраға                     қолы
               аты-жөні
      Бұйрық 20 __ ж. "______" __________ N _____
      Берілді 20__ ж. "______" __________              М.О.

Спорттық атақтар мен разрядтар


және спорттан төреші   
санаттарын беру ережесіне  
4-қосымша         

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

            Спортшының жіктеме сынақ кітапшасы

      Спортшының жіктеме сынақ кітапшасының тіркеу № ____



Спорт түрі




Тегі




Аты




Әкесінің аты




Туған жылы




Тұрғылықты жері




Оқу орны, жұмыс мекенжайы




Дене шынықтыру және спорт саласындағы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган




Спорттық атағы, разряды




Спортшының қолы




Күні

20 жыл « »

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органда тіркелген

Спортшының суреті     Дене шынықтыру және спорт саласындағы      М.О.


   үшін орын          аудандық (облыстық маңызы бар қаланың)
  3.5 х 4.5           жергілікті атқарушы орган басшысының
                                    қолы

Спортшының жарысқа қатысуы және нәтижесі





Жарыстың аты

Өткізілген орны мен мерзімі

Нәтижесі

Бас төреші мен хатшының қолы

















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет