Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет14/43
Дата21.10.2022
өлшемі496.67 Kb.
#463171
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43
himiya-pnnen-10-synypa-arnalan-ysa-merzmd-zhosparlar-toptamasy

Электртерістілік. Элементтердің бейметалдық немесе металдық қасиеттері электртерістілік деп аталатын шамамен сипатталады, ол атомның иондану энергиясы мен электронтартқыштық мәндеріне сүйеніп есептеледі.
Электртерістілік ұғымын 1932 ж. америкалық ғалым Л.Полинг енгізген. Электртерістілік бұл қосылыстағы атомның өзіне электрондарды тарту қабілеті.
Электртерістіктің алғашқы шкаласын құрған да Л. Полинг.
Атомның электртерістігі неғұрлым күшті болса , ол химиялық байланыс түзу кезінде ортақ электрондық жұптың бұлтын соғұрлым өзіне күшті тартады.
Электртерістігі ең күшті элемент фтор, оның электртерістігі 4-ке тең деп алынған.Сілтілік металдар атомдарының электртерістігінің мәні төмен. Инертті газдардың электртерістігі жоқ. Себебі олардың атомдарының сыртқы деңгейінің аяқталған және тұрақты.
Химиялық элементтердің электртерістігін литийдің электртерістік мәнімен (1,0) салыстырып, қарапайым және қолдануға қолайлы салыстырмалы электртерістік шамаларын алады .
Кестедегі элементтердің электртерістік мәндерін салыстырып , бұл шаманың периодты өзгеретінін оңай байқайға болады: периодта элементтердің электртерістігі реттік нөмірі артқан сайын өседі, ал топта - кемиді. Салыстырмалы электртерістік неғұрлым үлкен болса, элемент соғұрлым бейметалдық қасиетті күштірек көрсетеді.
Бейметалдардың салыстырмалы электртерістігі үлкен, ал металдардың электртерістігі аз. Химиялық реакцияларда электрондар әдетте электртерістігі аз атомнан салыстырмалы электртерістігі үлкен атомға қарай ығысады. Химиялық әрекеттесулерге металдар тотықсыздандырғыштар ретінде кіріседі. Фтордан басқа бейметалдар тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді. Периодта жай заттардың тотықсыздандырғыштық қасиеттері азаяды,ал тотықтырғыштығы өседі. Заттың тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгеру сипаты реакциядағы серіктесінің табиғатына және реакцияның жүру жағдайына тәуелді. Негізгі топшаларда элементтің реттік нөмірі артқан сайын бейметалдардың тотықтырғыштық қасиеттері әлсірейді ал металдардың тотықсыздандырғыштық қасиеті күшейеді.
Қорыта келе, химиялық элемент атомдарының қасиеттері периодтты өзгереді деп қорытынды жасауға болады.
Д.И.Менделеев ПЗ ашарда «валенттілік» ұғымын атомның негізгі қасиеттерінің бірі ретінде қолданды. Валенттілік атомның басқа атомды қосып алу қасиетін сипаттайды. « Валенттілік» ұғымының физикалық мәні атом құрылысы және химиялық байланыс туралы ілімнің дамуымен түсіннікті бола бастады.Элемент атомдары электронды береді немесе қосып алып,ортақ электрон жұптарын түзеді,ал атомдар арасындағы химиялық байланысқа түзуге қатысатын электрондар валентті деп аталады.Валентті электрондарға сыртқы аяқталмаған деңгейдегі электрондар және сырттан санағанда астыңғы деңгей электрондары да жатады(мысалы d-элементтер).
Марганецтің 25 электроны бар : 1 s-2, 2 s-2, 2p-6, 3 s -2, 3p-6, 3 d-5, 4 s-2, сондықтан оның жоғары валенттігі жетіге тең.Жоғары валенттілік мәні ядро зарядының шамасына периодты түрде тәуелді.Химиялық байланыс теориясын есепке алу арқылы валенттіліктің анықтамасы да өзгерді.Валенттілік атомдар арасындағы түзілген химиялық байланыс санымен анықталады. Атомдар арасында түзілетін химиялық байланыс саны, олардың химиялық байланыс түзуге жұмсалатын жұптаспаған электрондар санына тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет