САБАҚ:
Шортанбай мен Мұрат жырларының үндестігі
|
Мектеп: М.Маметова атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі
|
Күні: 24.11.2017ж
|
Мұғалімнің есімі: Сулейменова Аян Бекболатқызы
|
СЫНЫП: 7
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар: 0
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
|
шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу (7.Б/С3).
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдауда қиналады, әдеби эссе жазуда құрылымын сақтайды Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдауға талпынады, әдеби эссе жазуда құрылымын сақтап, жазады. Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
|
Кейбір оқушылар:
|
шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды, әдеби эссе жазуда құрылымын сақтайды , жазады. Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
|
Бағалау критерийі
|
Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды
Әдеби эссе жазады
|
Тілдік құзіреттілік
|
әдеби эссе, ұлттық құндылық
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
Музыка, қазақ тілі.
|
Алдыңғы тақырып
|
Шортанбай мен Мұрат жырларының үндестігі
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы 3 минут
|
Сәлемдесу.
Ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастыру. (Психологиялық тренинг)
«Оқиғаны жалғастыр» тренингі
Оқиғасын бастап айтқан оқушының ойын келесі оқушы жалғастырады
Топқа бөлу.
1топ. «Достық» тобы
2-топ «Қайрат» тобы
«Достық»
1.Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
2.Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
3. Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
4.Жігітті жолдасынан таны.
5.Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа,
Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.
«Қайрат»
1. Шын ер жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас.
2.Ақыл ,қайрат, жүректі бірдей ұста. (Абай)
3.Үміт үзу-қайратсыздық.
4.Қайратсыз , қорқақ кісі-мақтаншақ келеді.
5.Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады.Топқа бөлу 2 минут
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
|