Сабақ. ҚОҒамдық саяси жаңалықтар. Экономика және өндіріс жаңалықтары. ҚИмылдың Өту сипаты. 1-тапсырма: Сұхбaт құрыңыз



бет1/4
Дата28.12.2023
өлшемі167.9 Kb.
#488201
түріСабақ
  1   2   3   4
Экономика сабак жоспары жана


15-САБАҚ.


ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ЖАҢАЛЫҚТАР. ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ӨНДІРІС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ. ҚИМЫЛДЫҢ ӨТУ СИПАТЫ.


1-тапсырма: Сұхбaт құрыңыз.
Жағдаят: Дәрісханада отырып, өз жаңалықтарыңызбен бөлісіңіздер.


2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыз.

Біздің ел Президенттік Республика, яғни басқару нысанына жатады. Басқару нысаны екіге бөлінеді: монархия және республика. Біздің елді бір адам басқарады. Ол – Президент. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы – Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады.


Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.
(Баспасөз материалдарынан ықшамдалып алынды)


3-тапсырма. Төмендегі сұрaқтaр төңірегінде пікір aлмaсыңыз.

  1. Бүгін Қазақстан қандай ел? 

  2. Қандай ұйымдардың мүшесі болды? 

  3. Еліміз кіммен дипломатиялық қатынасты орнатты?



4-тапсырма. Бос орындарға қажетті сөз тіркестерін қойып, сөйлемді
толықтырыңыз. Мәтіндегі негізгі ойды беріп тұрған сөздерді теріп  
жазыңыз.  
Қажетті сөз тіркестері: Қызметіне кіріседі, қатаң сақтауға, кепілдік беруге, адал қызмет етуге, адал атқаруға, ант етемін.

Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына..., Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын..., азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына..., Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктел ең мәртебелі міндетін салтанатты түрде...», - деп халыққа ант берген сәттен


бастап.... 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет