26
материалды түсіндіру әдісінің индуктивті жолмен орындалуы басым
болғанда, тиімдірек екені тәжірибеде анықталады. Əңгіме сыртқы
түрі
жағынан жеңіл көрінгенмен, ішкі мазмұны күрделі оқытудың
әдісі. Бұған мұғалімнің мұқият даярлығы материал мазмұнының
оқушы ұғымы үшін лайықтылығы, қызықтылығы ескерілуі керек.
Осы орайда теориялық материалды практикалық мақсатта
түсіндіруде іріктелетін материалдың, сөйлесулердің мәтіннің оқушы
нанымын арттыратындай, ойына түрткі салатындай,
сезіміне әсер
ететіндей мазмұнда болуы қажет.
Пікірталас әдісі сабақта оқушының белсенді жұмыс жасауына
мүмкіндік береді. Əр оқушыға сөйлеуге 1,5 минут беруге болады.Ең
1-шарт – тақырып әртүрлі сыни көзқараста, пікірталас туғызатындай
болу керек. Егер оқушыларда білім қоры болмаса, жүргізудің ешқан-
дай дидактикалық мәні болмайды. Эмоционалды атмосфералық фон
жасайды. Білімді бекіту кезеңінде қолданған тиімді. Мысалы, сөйлем
құрауда ойдың негізгі діңгегі бастауыш па, баяндауыш па? деген
сұрақ қоя отырып, пікірталас тудыруға болады.
Сөз (сөздік) әдісінің бір түрі –
дәріс (лекция) әдісі. Бұл әдіс –
жоғары сыныптарда жүргізілетін материалды мазмұндаудың
монологті түрі. 30-40 минутқа созылу мүмкін.Лекция мұғалімнің
белгілі тақырып бойынша жан-жақты даярлығын қажет етеді. Оқу
материалы іріктеліп алынып, түсінікті, анық оқылуы керек. Мұғалім
оқушыларды белсенді түрде тыңдауға қатыстыру үшін оны жүзеге
асырудың тәсілдерін білуікерек. Осымен байланысты қызықты
мысалдар
келтіріп, интерактивті тақтаны, көрнекілік, техникалық
оқу құралдарын қолдануға болады. Лекция соңында қойылатын
тексеру сұрақтары алдын-ала даярлануы қажет.
2. Көрнекілік әдісі. Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану
сабақтың тиімділігін арттырады.Көрнекілікті қолданудың негізгі
мақсаты – игерілетін материалдың мазмұнын айқындай түсу, оны
оқушылардың санасына берік қалдыруға мүмкіндік жасау.
Көрнекі
құрал мұғалімнің оны орынды қолдана білгенде ғана тиімді
болатыны сөзсіз. Көрнекі оқу құралдары кескінделген және экранды-
дыбыстық болып екіге бөлінеді. Кескінделген көрнекі оқу құралда-
рына кесте, схема, фото-сурет, сурет, оқиғалы картиналар т.б. үлес-
тірме дидактикалық карточкалар жатады. Экранды-дыбыстық құрал-
дарға интерактивті тақтаның көмегімен көрсетілетін
кинофильм,
диапозитив,фоно хрестоматиялар, таспа жазулары, күйтабақтар,
кодоскопқа арналған транспоранттар жатады.Картина,
суретпен
27
жұмыс – оқытудың тиімді әдістерінің бірі. Тілді оқытумен байла-
нысты оқушылардың тілін дамытуда әртүрлі қызықты оқиғаларға
құрылған оқиғалы картиналар мен жеке іс-әрекетке құрылған сурет-
термен жұмыс ерекше орын алады. Қазақ тілін оқытуда оқушылар-
дың өздігімен жұмыс істеу түрі жиі қолданылуы керек. Оқушылар-
дың өздігінен жұмыс істерінің бір түрі – үлестірме қағазбен жұмыс.
Үлестірме қағазды қолданудағы негізгі мақсат – біріншіден, оқыты-
лып отырған грамматикалық-лексикалық материалды өз бетінше
қорытындылап, ой әлегінен өткізіп, есте қалдыруына мүмкіндік беру,
екіншіден, білімді тексеруге кететін уақытты үнемдеу, үшіншіден,
оқушылардың біліміндегі көмшіліктер
мен қателерді анықтау,
оқытудың оқушының жеке дара ерекшелігін ескеру.
Көрнекіліктерден иллюстрациялық түіріне картина (заттық,
оқиғалы, пейзаж, портрет), үлестірме кеспе қағаз: карточка, перфо-
карта, макет, муляж, сызбалар (графикалық), кесте (динамикалық,
қабырға кестелері), планшет, плакат (сөздік), бүктеме (буклет), сөздік
лото, ал демонстрациялық түріне интерактивті тақта, дыбыстық-
бейне таспа жазулары, диафильм, кинофильм, фонохрестоматия т.б.
жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: