Түркістан облысы Жетісай ауданы Білім бөлімі Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы
Тақырыбы:
«Ақиқат пен жалған есептер»
Ашық сабақ
«Ой зерек» үйірмесінің жетекшісі
Кантеева Гуландаш Абдрахмановна
2024ж
Мерзімі:20.02.2024ж
Тақырыбы: «Ақиқат пен жалған» есептер (ашық сабақ)
Сабақтың мақсаты:
1. “Ақиқат, “жалған” туралы түсiнiктерiн беру.
2. Тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.
3. Түрлi логикалық ойындар арқылы оқушылардың өзiндiк, танымдық iс-әрекетi мен шығармашылық бейнесiн қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғау мен аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай көрнекіліктер, «балық аулау» әдісі, «ақиқат пен жалған» ойыны, «tik tok» кері байланыс әдісі
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Тәрбие бағыты, өткенді қайталау.
ІІІЖаңа тақырыпты меңгерту
ІV Сабақты қорытындылау
V Бағалау
І Ұйымдастыру кезеңі, амандасу
Шаттық шеңберін құру
ІІ Тәрбие бағыты: «Табиғат пен адам»
Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.
Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Судың да сұрауы бар емес пе?!
Қоршаған ортасы лас, суы лаң, ағашы улы табиғаттың адамға да зияны көп екені айтпаса да белгілі. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту жер бетіне келген кез келген жұмырбасты пенденің парызы мен борышы болуы керек. Халқымыз топыраққа шыққан жасыл шөптің өзін жұлуға тыйым салған. Өйткені шөп – таудың көркі, малдың жемі. Оны жұлу өзіңнің тамырыңа балта шабумен бірдей. Жазда жап жасыл,күзде сары,қыста ақ көрпе жамылады,көктемде табиғат өте әсерлі болады.Ағаштар бүршік жарып,аңдар ұйқысынан оянады.Табиғатты қадірлей білмеген адам болмайтын шығар.Біз табиғатты сүйеміз.Аялаймыз.Табиғат бұзылса біздің көңіл күйіміз де бұзылады.Күн жылы болса,адамдардың жаны жадырайды.Адам мен табиғаттың арасындағы маxаббат шексіз болу керек.Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.Табиғатты аялайық достар!
өткенді қайталау
Достарыңызбен бөлісу: |